Модуль. ХІХ ғасырдың басындағы ақындар мен зар заман ақындары.
дәріс. Кіріспе. ХІХ ғасырдағы қазақ тарихы және әдебиет.
ХІХ ғасырдағы қоғамдық-ҽлеуметтік, саяси жүйеге жалпы сипаттама.
ХІХ ғасырдағы ақын-жазушылар туралы шолу түріндегі мҽлімет.
ХІХ ғасыр ҽдебиеті қазақ ҽдебиеті тарихының ең бір жарқын беттерін құрайтындығы осы ғасыр ішінде ҿлмес туындыларын мұраға қалдырған ҽдеби қайраткерлер есімімен тығыз байланыстылықта. Хандық дҽуір ҽдебиеті кезіндегі ақын-жыраулардың негізгі міндеттері елді сыртқы жаулардан қорғау, ұлттық мүдде аясында топтасу болса, келер ғасыр ҿз міндеттерін ҿзгеше үлгіде ұсынды. ХІХ ғасырда қазақ халқы Ресей бодандығын қабылдаған, «бҿліп ал да билей бер» саясатының бұғауындағы, тҽуелсіздігінен айырылған, бодан ел болды. Россиядан біртіндеп енген капитализм элементтері де қазақ даласын бірден баурап кете алмады. Түрлі ҽскери бекіністер, кішігірім қалалар, ҿндіріс орындары, ішкі Ресейден жер аударылып келген қара шекпенділер, патша ҿкіметінің ауыр алым- салықтары, жергілікті билеушілердің елді қосыла қанауы, қазақтардың шұрайлы қоныстардан қуылуы т.б. барлығы жинала келе халық наразылығын тудырды. Бұл наразылық бірде кҿте-ріліс түрінде, бірде ащы сын-сықақ түрінде, жер ауу сипатында кҿрініс беріп отырды.
Кеңес дҽуірінде де қызыл империяның негізгі саясаты ҿз қарамағындағы елдердің мҽдениетін, ҽдебиетін жоққа шығару болғандықтан, саясат салдарынан кей кҿрнекті ақындарымыздың туындылары оқулықтарға енгізілмеді. Мҽселен, зар заман ақындары патша ҿкіметінің озбырлық саясатын
айыптаушы болған-дықтан, керітартпа ретінде бұрмаланып айтылды. Бұқарашыл, феодалшыл ақындар тапқа жіктеліп, шығармалар кҿркемдік ерекшеліктеріне қарай емес, идеялық бағытына қарай ХІХ ғасыр ҽдебиетшілері бірнеше топқа жіктеледі. Бұл кезде айтыс ақындарының дҽстүрлі ақындық мектебімен қатар жазба поэзия мектебі қалыптаса бастаған болатын.
Махамбет, Мұрат, Шернияз, Мҽделі сияқты ақындар бостандық жолындағы күресті жырлау арқылы елдің патриоттық сезімдерін оятса, Дулат, Шортанбай, Мұрат, Ҽбубҽкір сияқты таланттар патшалық Россияның бодандығындағы қараңғы халықтың аса ауыр күйін жырлап, қиындықтан шығар жол іздестірді. Сал-серілер тобы болса, қазақ музыка тарихын жаңа ҽуендермен
толықтырып, халықтың эстетикалық идеалдарын ұштады, Шоқан, Абай, Ыбырай бастаған ағартушы-демократтар халықты бостандыққа, теңдікке жеткізер жалғыз жол – оқу-ағарту деп біліп, ҿздерінің іс-ҽрекеттерімен, шығармаларымен халыққа жол сілтеді. Елі үшін еңбектенетін жастарды тҽрбиелеуге күш салды.
ХІХ ғасырдың бірінші жартысында Қазақстан Ресейге
толық қосылып болған соң, отаршылар жаңа реформалық заңдар арқылы қазақ тұрмысына үлкен ҿзгерістер енгізді. 1867-69 жылдардағы «Ереженің» мақсаты бұратана елдің басқару жүйесін бірыңғайлау, жергілікті билеушілерді биліктен шеттету, рулық қоғамдық қатынастарды шектеу еді. Ҽкімшілік, сот, дін, жер мҽселесі туралы шығарылған заңдар саяси, экономикалық жақтан да елеулі болды.
Жер патша үкіметі меншігіне кҿшіп,
жаңа қоныстанушы-лардың келуі, христиан дінінің уағыздала бастауы халықты толқытып, кҿрген қысымдарына шыдамаған жұрт ел ауа бастады. Бұл оқиғалар Сүгір Мырзаұлы /1842-1903/, Қобыланды Есейұлы шығармаларында жырланды. Ол ел ауғанда азып-тозып, елге жаяу оралып, жоқшылықтан ҿлген ақынның бірі. «Ер Сырым», «Елін сағынып айтқаны» деген екі ҿлеңі «Ақ беренде»
/1972/ берілген. Халық мұңы ел мұңына
айналған кезде Шортанбай, Мұрат, Ҽбубҽкір шығармаларында зар заман шындығы молынан берілді, ел ішінде хисса жанры дамыды.
ХІХ ғасырдағы қазақ оқығандары орыстың реалистік ҽдебиетінен де нҽр алды, патшалық ҽкімшіліктен қысым кҿріп, жер ауғандар орыс ҽдебиетінің озық үлгілерін таратуға мұрындық болды. Орыс миссионерлерімен қатар гуманистері де қазақ мҽдениетін зерттеуге ҿзіндік үлестерін қосты /Г.Потанин, Е.П.Михаэлис, П.П.Семенов-