12-дәріс. Ыбырай Алтынсариннің ағартушылық қызметі мен әдеби мұрасы.
Ыбырай Алтынсарин ҿмірі мен шығармашылығы. Ыбырайдың ағартушылық қызметі.
Ыбырайдың ҽңгімелері мен новеллалары Ыбырайдың ҿлеңдері.
Ыбырай Алтынсарин 20 қазанда 1841 жылы Қостанай облысы, Затоболь ауданында туған. Ҽкесі Алтынсарыдан тҿрт жасында қалған ол атасы Балғожа Жаңбыршыұлының тҽрбиесінде ҿседі. Кҿзі ашық, үкімет саясатынан хабардар би Орынборда 1844 жылы ашылады деген мектепке 1846 жылы 5 жасар немересін жаздырып қояды. 1850 жылы 23 августа орыс-қазақ мектебі ашылып, қазақтан алынатын 30 баланың бірі ретінде Ыбырай мектепке барады Орыс тілін меңгертуге мұнда кҿбірек кҿңіл бҿлінгендіктен, 1857 жылы Ыбырай мектепті жақсы тҽмҽмдап шығады. Ҿз елінде писарь болып біраз істеп, 1859 жылдан бастап Орынборда тілмаштық қызмет атқарады. Шығыстанушы ғалым, профессор В.В.Григорьевпен достасып, оның бай кітапханасын қалауынша пайдаланады. 1860 жылдары ол Торғайға мектеп ашу ниетімен келеді. Аңсаған мектебін кҿп қиыншылықтармен 1864 жылы ашады. Іскерлігімен, жігерлігімен жұрт назарына ілінген оны 1879 жылы Торғай облыстық мектептерінің инспекторы етеді. 1864 жылдан 1889 жылға дейінгі бар уақытын ол халық ағарту ісіне жұмсайды. 1887 жылы қазақ қыздарына арналған мектеп-интернатты Ырғыздан ашады. Бұл іс ҿз жалғасын тауып, 1891-96 жылдары Қостанай, Ақтҿбе қалаларынан да қазақ қыздарына арналған училищелер ашылады.
Жеке басы туралы кішкене мҽлімет: 1866 жылы Достарқызы Айғанысқа үйленіп, Абдолла \1882\, Абдрахман\1884\, Шҽрипа \1886\ деген ұл-қыздары болады. Абдрахманы
гим-назияда оқып жүргенінде қайтыс болса, екінші ұлы аурулы болған себепті оқи алмайды.
Ыбырай халық ортасынан шыққан талант иелеріне оң бағыт сілтеп отырған\ Күдері, Ақмолда, Сейтахмет\, Нұржан т.б.\ Күдері ақын 1879-1880 жылғы жұтты суреттейтін
«Жалпақ қоян» атты шығармасын Ыбырай кеңесімен жазған. Кҿп ақындар Ыбырайды үлгі тұтып, оның бейнесін ҿлеңдерінде сомдап отырған; мысалы, Сейтахмет ақынның «Бір нашардың ҽділ тҿреге айтқаны» туындысы.\Қазақ ҽдебиеті тарихының мҽселе-лері жҽне Абай поэзиясының тілі \42-бет\.
Ыбырайдың пікірлес, істес болған адамдары: В.В.Григорьев, Н.И.Ильминский, В.В.Катаринский, А.А.Мазохин, уездік қызметкерлер – Яковлев, Караулов т.б. Ыбырай бұл кісілермен үйлес келмейтін мҽселелерді ҿзінше шешіп отырған. Достарына елеулі, халқына қалаулы Алтынсарин қайтыс болған соң Н.И.Ильминский «Ыбырай Алтынсарин туралы есте қалғандар» деген атпен Қазан қаласынан кітап шығарады.
Ыбырай секілді қазақ балаларын оқытып шығарған миссионерлердің ойлары мен кҿздеген мақсаттарынан Ыбырайдың ойлаған, жүзеге асырған мақсаттары мүлде басқа болды. Ҿз кезіндегі жағдайларды ескере отырып, Ыбырай алдына екі айқын мақсат қойған; біріншісі – мектеп ашу, жалпы халық ағарту жұмысы, екіншісі – халықтың сана- сезімін жаңалыққа бейімдеу жолындағы тҽрбие ісі. 1871 ж. 31 августе Н.И.Ильминскийге жазған хатында «Қазақтардың білімге қолын жеткізетін ең басты құрал-мектеп. Бірақ даладағы мектептер шашылыңқы, сондықтан ҽлі пайдалы бола алмай отыр, ҽйтсе де олардың үміт күтері - мектеп, тек қана мектеп жҽне қазақ халқының болашағы да мектептермен байланысты»,- деді. Балғожа бидің Ыбырайға жаэған хатындағы ҿлең жолдары да мектептің қазақ үшін қаншалықты қажеттігін кҿрсетеді. Ыбырай ҿзінің кҿптеген ҿлең-ҽңгімелерінде жастарды оқуға, ҿнер-білім игеруге шақырды. «Кел,балалар, оқылық» ҿлеңінен басталатын бұл сарын ҿмірдегі сарқылмайтын мол байлық - білім екенін дҽлелдейтін бар шығармасының арқауына айналған. «Ҿнер-білім бар жұрттар» ҿлеңінде ҿнер тек тамақ асыраудың құралы емес, халықты ілгері жылжытатын күш, күн кҿзіндей қуат екендігі айтылады. Балаға жастай дұрыс тҽрбие беру керектігіне қазақтардан алғаш арнайы түрде кҿңіл бҿлген де Ыбырай Алтынсарин болатын. Ол К.Д.Ушинский, Л.Н.Толстой, т.б. ағартушылармен пікірлес болды. 1879 жылы басылған
«Қазақ хрестоматиясында» мынадай мақсаттар басым түскен; орыс алфавиті арқылы қазақша түсінікті түрде білім тарату, балалардың жастарына лайықтап, материалдарды іріктеп беру. Кітап мынадай тҿрт бҿлімнен тұрады: 1. балалар ҿмірі туралы жазылған орыс тіліндегі түрлі хрестоматиялардан үзінділер, Паульсон хрестоматиясынан алынған үзінділер, 2. ҽр түрлі жастағы адамдардың ҿмірін суреттейтін туындылар, 3. қазақ жыршы- ақындарының ҿлеңді шығармаларынан үзінділер, 4. қазақтың мақал-мҽтелдері. Зерттеуші Ҽ.Дербісҽлин Алтынсарин-ның 35 аудармасының бар екенін айқындап, ҽңгімелерінің кҿпшілігі И.И.Паульсонның «Книга для чтения и практических упражнений в русском языке» хрестоматиясынан жҽне К.Д.Ушинскийдің «Детский мир», «Родное слово», Л.Н.Толстой-дың балаларға арналған кітаптарынан алынған дейді. Аудармалардың бірі дҽл аудармалар болса, екіншілері тақырыбы мен сюжеті сақталынғанымен еркін аудармаға жатады, кейбірін қазақ тұрмысына жақындатып ҿзінше жазған. Оқу мен еңбек тақырыбы – негізгі тақырыптардың бірі. «Ҿрмекші, құмырсқа, қарлығаш» жҽне «Ҽке мен бала» ҽңгімесінде еңбек ет, босқа жатпа, сҽл нҽрсені қомсынып, кҿптен құр қалма, азға қанағат ете біл деген ойлар айтылады. «Атымтай жомарт» ҽңгімесінде де еңбек дҽріптелген. Бұл ел аузындағы аңызға айналған араб ертегісі болатын, соны Ыбырай ҿз мақсаты үшін шебер түрде ҿңдеген. Тҽрбие жҿніндегі негізгі тақырыптарының бірі- талап. Талап болмаса, адамзат баласында даму болмас еді. Жастық шақта талаптанып, еңбек ет, ҿнер тап, оқу оқы, қай ҿнердің соңына түссең, ҿзің үшін де, елің үшін де пайда келтіре біл, талабыңмен ҿрге шық деген пікірі «Талаптың пайдасы» атты ҽңгімеде айқын. Петр патшаның назарын аударған сол бала кейін белгілі суретші болыпты, яғни талаптың арқасында таланттың ашылғанын дҽлелдеу. Ыбырай жас ұрпақтарға жас кезінен дұрыс
тҽрбие беру ісіне ерекше кҿңіл бҿлген. Бағып-қағуда кҿп мҽн бар екендігіне назар аудартатын бір ҽңгімесі - «Бақша ағаштары». «Баланы жастан»-дегендей, жас күнінен дұрыс тҽрбие беру оның жақсы болашағын қамтамасыз етеді. Мейірімділік, махаббат туралы ҽңгімелеріне «Мейірбанды бала», «Шеше мен бала», «Аурудан аяған күштірек» деген үш ҽңгімесі енеді. Адам деген ардақты атқа ие болу шын бақытты адамның маңдайына жазылмақ. 13 жасар қыз жазықты болған ҽкесі үшін ҿзінің қолын кесуді сұраса, Сейіт деген бала ауру қанша жанына батса да анасын аяп, қиналған дыбыс шығармайды. Мұндай балаларда адамды сүйетін жақсы мінез біртіндеп ҿсе бермек. Ыбырай ҿз хрестоматиясына ҿзге елдердегі жақсы адамдарды үлгі ету арқылы адам баласының достығы деген мҽселеге де тоқталған. (Ыбырай аудармаларымен толық танысқысы келетіндерге сілтеме - Ҽ.Дербісҽлин. «Алтынсариннің жазушылық қызметі туралы»). Балалар ҽдебиетінің жазбаша нұсқасын алғаш жасаған Ыбырайдың бұл ісі ізсіз емес, кейінгі «Үлгілі бала», «Қирағаттар» осының айғағы. Фольклорымыздағы ертегі, аңыз, бесік жырлары, жұмбақ, жаңылтпаштар да хрестоматиядан орын алған. Балалар ҽдебиетіне тҽн ерекшеліктерді сақтай отырып, жазба балалар ҽдебиетінің үлгісін жасады. Уақиғалы, қысқа, қызықты, тартымды,түсінікті, жеңіл тілді, тҽлімдік қызметі басым шығармаларды жазуға шеберлік керек. Балалар ешбір күштеусіз шығарманы қызыға оқи отырып, жазушының айтпақ идеясын саналарына сіңірулері шарт. \Чувство любви сильнее боли\ деген Паульсонның ҽңгімесінің кейіпкеріне Сейіт деп ат беріп, түсініктірек тілмен баяндауы да тҽрбиелік мақсаттан тұрады. Тҿл ҽңгімесіне жататын «Бай мен кедей баласы» ҽңгімесі - тақырып, идея, сюжет жағынан біртұтас шыққан ерекше туындысының бірі. Ел кҿшкенде жұртта ұмыт қалған екі баланың бір тҽулікте бастарынан кешірген оқиғаларын суреттеу арқылы автор үлкен ой түйген. Осы ойды кім таратып айтып береді?
Бұл ҽңгіме сюжеті жағынан орыс жазушысы Салтыков-Щедриннің «Бір шаруа екі генералды қалай асырады» деген сатиралық ертегісіне ұқсайды. Жазушының бұл жерде кҿрсетейін дегені биологиялық, психологиялық мҽселе емес, ҽлеуметтік мҽселе. Ҿмірмен бетпе-бет келгенде Асанның ҽлсіз болуына, Үсеннің ҿз құрдасынан анағұрлым ақылды болуына да себепші – тұрмыс.Жазушының Үсенге деген ілтипаты да елеусіз емес.
Алтынсариннің «Надандық» ҽңгімесінің кҿлемі шағын болғанымен, айтары қомақты. Бұл қазақ даласындағы ғасырлар бойы серпілмеген қараңғылықтың кҿрінісі жҽне оның шала дінмен ұштасуына оқыған адамның кҿрсеткен қарсылығы, жаңа адамның ғылымға сүйенуі. Алтынсарин ҽңгімелеріндегі тҽрбиенің бір ұшығы үлкендерге де тіреледі. Бұл жайында «Қыпшақ Сейітқұл» ҽңгімесінің берері зор. Автордың ҿзі Сейітқұл деген кісі 1830 жылдары қайтыс болған. Торғайдың терістігі Қабырға ҿзенінің бойында қыпшақтардың барлығы жҽне ол жерде «Сейітқұл қорғаны» деп аталатын оба бар екені рас, ҽрине, бұл ҿмір шындығына негізделген ел аңызының кҿркемдік шындыққа айналуы. Сейітқұл сияқты адам мен сондай ел болуын аңсау, соған бағыттау. Қай кезде болсын жазушы фольклордан сюжет негізін алғанда, сол материалдан ҿз пікіріне ҿрістес, бағыттас мҽселені алып дамытады. Бұл ҽңгімедегі негізгі тақырып-еңбек.,отырықшылық, егінмен айналысу тҽжірибесі, еңбексіз ұрлықпен күн кҿрудің зияндылығы.
Алтынсарин ҿз ҽңгімелерінде ескіліктің теріс жақтарын кҿрсетіп, сынап қана қоймайды, онымен күресудің жолдарын да кҿрсетеді. Зерттеушілер оның қазақ ҽдебиетіне енгізген жаңалығының бірі ретінде табиғат лирикасын кҿрсетеді. Табиғат тек байлық, сарқылмас қазына ғана емес, кҿркемдік пен сұлулықтың бастауы. Қызара батқан күн, сарғая атқан таң, дірілдеген сҽуле, сарқыраған ҿзен, үдере кҿшкен бұлт, құлпырған жазық т.б. бҽрі де адамның эстетикалық сезімін оятарлық күшке ие. Белинскийдің «Табиғат адамның алғашқы оқытушысы, рух берушісі»- деуі бекер емес. Қазақтың ХІХ ғасырындағы поэзиясында табиғат, пейзаждық ҿлеңдер аз. Дулат Бабатайұлының
«О,Сарыарқа, Сарыарқа» ҿлеңдері сықылды. Алтынсариннің табиғат лирикасына жататын ҿлеңдері мыналар: «Жаз», «Ҿзен», «Жаз шыққанда».
Алтынсариннің орыс ҽдебиетінен алған, қазақ ҽдебиетінде іргесін қалаған тағы бір ерекшелігі - новеллалары. Жазба қазақ ҽдебиетінде Алтынсаринге дейін қара сҿз жазу
үлгісі болған жоқ \ҽрине, бұл жерде кҿне түркі ескерткіштері туралы айтпадық\.
«Надандық» , Қыпшақ Сейітқұл» новелласын зерттеушілер осы жанрдың бастауына жатқызады. Новелла – эпостық жанрдың ҽріден келе жатқан түрі. Оның ҿзінше даму тарихы, ҽр дҽуір, ҽр жағдай, кезеңдерге, авторларының дүниетанымына байланысты түрліше болатыны белгілі. Новеллада ҿмір құбылысының жұртшылық үшін ең керекті, ең маңызды жағы алынып, ол қысқа сюжетті ҽрі ауызша айтып беруге лайықты оқиғаға құрылады. Ҽрдайым оқиғаның шешуі, оқиғаның күтпеген жерінен шешіледі.
Ыбырай Алтынсариннің жазу ҽдісі туралы сҿз қозғағанда кҿңіл аударатын бір нҽрсе
– образ, сҿз қолданыстарының ҿмір шындығына сҽйкестігі. Асқақ ҽсірелеу, ҽдемі теңеулер онда кҿп емес, теңеулері де қарапайым, жұртшылыққа таныс құбылыстар. Мұны Қ.Жұмалиев бір жағынан, оның ҿмір құбылыстарын суреттеудегі реалистік ҽдісімен нық байланыстылықтан, екінші-ден, педагог-жазушының қазақ тілін ұлттық тіл дҽрежесінде сақтау, оның тазалығы үшін күресу идеясымен байланысты деген. 1871 жылы 31 тамызда Н.И.Ильминскийге жазған бір хатында Ыбырай: «Орыс ҽрпін қолданумен байланысты қазақ тіліне орынсыз кірген араб, парсы, татар сҿздерінен тазарды. Орыс ҽрпімен жазғанымызда ғана сҿзіміз дұрыс жазылатын болады. Қазір молдалар оқытып жүрген араб, парсы, татар тілдерінде шыққан діни кітаптар бізді кер кетіреді, таза ойымызды кірлетеді, басымызды құммен толтырады, таза тілімізді шұбарлайды» деді.
/Ы.Алтынсарин. Таңдамалы шығар-малары.Алматы, 1943 6-бет\.
Қорыта айтқанда, Алтынсариннің ҿз халқын оқуға, ҿнерге үндеуі, надандыққа, зұлымдыққа қарсы шығуы, сол кездегі ҽлеумет ҿмірінің бетін ашып, ҿмір шындығын кҿрсетуі, жастарды жақсылыққа үндеуі, адамгершілікке тҽрбиелеуі оның шығармашылығының халықтық жағы болды, ҿзі қазақ прозасының, жазба балалар ҽдебиетінің негізін салды.