Дәріс комплексі (дәріс тезистері, қолданылатын әдебиеттер тізімі) 1 –тақырып: Тас дәуіріндегі Қазақстан Мақсаты



Дата01.02.2023
өлшемі49,5 Kb.
#64386
Байланысты:
03 1 –тақырып Тас дәуіріндегі Қазақстан


Дәріс комплексі (дәріс тезистері, қолданылатын әдебиеттер тізімі)
1 –тақырып: Тас дәуіріндегі Қазақстан


Мақсаты - оқу пәнінің негізгі мазмұны мен Қазақстан тарихы ғылымының қағидаттары мен әдістерінің қалыптасуын көрсету


Жоспар
1. Қазақстан тарихы курсының пәні, мақсаттары мен міндеттері.
2. Тарихи деректері мен тарихнамасы.
3. Қазақстан территориясындағы алғашқы қоғам.
4. Қазақстан қола дәуірінде

Қазақстан тарихы курсы Қазақстан Республикасы территориясынағы тарихи процесс ретінде адамзат қоғамының даму процессін ашады. Оның негізіне саяси, экономиакалық, мәдени - гуманитарлық сипаттағы оқиғалар жатады. Берілген пәнді оқыту ғылыми, объективтік, Отанымыздың тарихының өзекті мәселелерін зерттеуде тарихи принциптерін пайдалануды көздейді. Оқу пәннің мақсаты- Қазақстан тарихының ежелден күні бүгінге дейінгі негізгі кезеңдері туралы объективті тарихи білім беру. Негізгі мақсаттары:тарихи сана қалыптастыру, халықтың тарихи жадыны қалпына келтіру, ұлттық сана-сезімді қалыптастыру, азаматтықты және қазақстандық отансүйгіштік сезімді тәрбиелеу. Тарихи сана - қоғамдық санада үш модальдық уақытты жинақтай білу тәсілі: өткен шақ, қазіргі және болашақ.Тарихи жады-бұрынғы ұрпақтардың ұжымдық тәжірибесі. Ұлттық сана-сезім - ұлттық қауымдық бірту тастықты және өзіндік тұрмысын сезіну. Азаматтық- тұлға мен мемлекеттің өзара хұқықтық қарым-қатынас мәдениеті. Қазақстандық отансүйгіштік - Қазақстан Республикасына азаматтың шын құрметтеуі. Шыңғыс Айтматов: "Өткенді есте ұстау қабілетінен айрылып, өзінің өмірдегі алар орнын қайта нақтылауға мәжбүр болған адам, өз халқы мен өзге халықтардың тарихи тәжірибесінен айырылып, тарихи даму мүмкіндігінен қол үзіп, тек бүгінгі күнмен өмір сүрумен ғана шектелмек",


2. Қазақстан тарихының курсы Еуразия халқының тарихымен өзара байланыста және өзара қатынасы бар Қазақстан территориясында өткен тарихи оқиғаларды көрсете алатын басты және жалпы бағыттағы тарихи процесстерді ашу үшін танылған. Берілген оқу курсы ерте заманнан біздің заманымызға дейін бүгінгі таңдағы қазақстан территориясында болған тарихи процесстерді қамтиды. Қазақстан тарихын оқыту студенттерде толық, Отанымыздың тарихы бойынша қисынды байланысқан көзқарасты қалыптастыруға бағытталған. Тарихи деректер: заттық, лингвистикалық, ауызша және жазба. Қазақстан тарихы актуалдық мәселелері. Қазақстан тарихының кезеңдерге бөлінуі.
Тарихнама- тарихи ғылым тарихы. Шығыс халықтары туралы XVIII-XIX ғғ. Батыс еуролалық тарихнаманың даму тенденциялары.Тарихи ғылымдағы еуропоцентризм теориясының негізі ретіндегі "бүкіл азиаттықтар артта қалган", "тарихи емес халықтар" деген концепциялар. Карл Ясперс: «XIX ғасырдың соңына дейін біз үшін тарих, мәнісінде, Батыс тарихы болды.» Ресейде тарихи, ғылымның пайда болуы мен дамуына батыс еуропалық тарихнаманың әсері. ХҮШ-ХІХ ғасырлар тоғысындағы қазақ хақының ғылыми тарихнамасының басталуы. П.И.Рычковтың. А.И.Левшиннің. В.В. Вельяминов-зерновтың, В.В. Радловтың, В.В.Бартольдтың және т.б. еңбектері. Ш.Уәлихановтың Ресей шығыстануына қосқан үлесі. Кеңес дәуірінде Қазақстан тарихын зерттеу. С.Асфендияровтың, М.Чулошниковтың, Е.Бекмахановтың еңбектері. 5-томдық «Қазақ КСР тарихын» басып шығару. Кеңес тарихнамасындағы Қазақстан тарихының өзекті маңызды мәселелерді талқылаудағы идеологизациялау және тенденциялық. Тәуелсіз Қазақстан жағдайындағы ұлттық тарихнаманың жағдайы және перспективалар.


Әдебиет
1. Қозыбаев М. Тарих зердесі. А., 1998
2. Баймағамбетова Е. Отан тарихы зерделеу хақында. (Қазақ тарихы, № 4, 2001)
3. Қазақ қолжазбаларының ғылыми сипаттамасы. 3 том, А., 1981
4. Қали М. Қазақтың көне тарихы. Жалын., 1993
5. Есімов Қ. Қазақтың тарихын деректану.
6. Назарбаев Н. Тарих толқынында. Ата мұра, 1999


Бақылау сұрақтары:

  1. Қазақстан территориясына алғашқы адамдар қашан пайда болды?

  2. Қазақстан қай өнірінде беғазы – дәндібай мәдениеті дамыды?

  3. Андроншылар керамикасына сипаттама беріңіз?


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет