Дәріс. Конфликтологияның басқа пәндер арасында алатын орны. Конфликт ұғымы Мақсаты



бет21/39
Дата30.03.2023
өлшемі356,37 Kb.
#77459
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   39
Практикалық сұрақтар:

1. Тұлғааралық конфликтілерді түсінуге деген бағыттар.


2. Тұлғааралық конфликтілердің пайда болуына қандай себептер ықпал етеді?
3. Тұлғааралық конфликтілерді шешудің қандай жолдары бар?
4. Тұлғааралық конфликтілердің әлеуметтік салдары қандай?
5. Тұлғааралық конфликтілерде эмоциялардың алатын ролдері қандай?

5. Дәріс. Топаралық конфликтілер


Мақсаты: ЖОО студенттерін топаралық конфликтілер және оның пайда болуының психологиялық механизмдері туралі білімдермен қаруландыру.
Жоспар
1. Топаралық конфликтілердің пайда болуының психологиялық механизмдері.
2. Этникааралық конфликтілер.
Соңғы онжылдықта топаралық конфликтілер біздің қоғамдық өмірдің күнделікті құбылысына айналды. Көп жағдайда топаралық конфликтіліктің жандануының арқасында Ресейде конфликтология жылдам дами бастады. Әр түрлі субьектілер бәсекелестікке түсті: шағын және үлкен еңбек ұжымдары, этникалық топтар мен басқа да ірі бірлестіктер: әлеуметтік топтар мен таптар, діни бірлестіктер, партиялар мен бұқаралық қозғалыстар. Осындай конфликтілердің әртүрлігіне қарамастан, олар әдетте пайда болу мен дамудың бірыңғай механизімдеріне ие.
Топаралық конфликтілер мен өшпенділіктердің пайда болу механизмдерін зерттеуге психологтар үлкен үлес қосты. Әр түрлі психологиялық мектептердің (психоаналитикалық, необихевиористік, когнитивті, іс-әрекеттік) өкілдері топаралық конфликт механазмдерінің бірін оған үлкен мән бере отырып дәлелдеді. Сондықтан топаралық конфликтілердің пайда болу механизмдерін қарастыру кезінде келесі жағдайларды ескеру қажет.

  1. Әр түрлі топаралық конфликтілерде олардың пайда болуының қандай да бір механизімі үстем болуы мүмкін (Агеев, 1990).

  2. Топаралық механизмдер тұлғааралық өзараәрекеттесудің психологиялық механизмдер-іне қарағанда анағұрлым кертартпа.

Топаралық конфликтілердің пайда болуының негізгі механизмдерінің ішінен топаралық өшпенділік; мүдделердің обьективті конфликтісі; топішіндегі фаворитизм сияқтыларды бөліп көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет