Дәріс. Конфликтологияның басқа пәндер арасында алатын орны. Конфликт ұғымы Мақсаты


Ерлі- зайыптылар арасындағы конфликтілерді шешу



бет34/39
Дата30.03.2023
өлшемі356,37 Kb.
#77459
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39
Ерлі- зайыптылар арасындағы конфликтілерді шешу. Ерлі- зайыптылар конфликтілерін шешудің конструктивтілігі бірінші кезекте ерлі-зайыптылардың бір-бірін түсіне, кешіре және келісімге келе білуіне байланысты.
1. Бір-бірін жақсы көретін ерлі-зайыптылардың конфликтіні доғару шарттарының бірі- жеңіске жетуге талпынбау. Сүйікті адамыңды жеңіліске ұшырату есебінен жеткен жеңісті жетістік деп атау қиын.
2. Қандай кінәсі болса да, басқаны құрметтеген жөн.
3. Өз- өзіңнен адал түрде сені шын мәнісінде не толғандыратынын сұрауға (ең бастысы, өзіңе адал жауап беруге) қабілетті болу.
4. Өз позицияңды дәлелдеу кезінде орынсыз максимализм мен үзілді- кесілділік көрсетпеуге тырысу.
5. Өзара түсіністікке өзің келген және өз конфликтілеріңе басқаларды – ата-аналарыңды, балаларыңды, көршілер мен таныстарыңды араластырмаған жақсырақ. Жанұяның жақсылығы тек қана ерлі-зайыптылардың өздеріне байланысты.
Ерлі- зайыптылар конфликтілерін шешудің ажырасу сияқты негізгі тәсіліне жеке тоқталмаған жөн. Психологтардың пікірінше оның алдында мынандай сатылардан тұратын процесс болып өтеді: а) ерлі-зайыптылардың бір-біріне нарықсыздығынан, жатсынуынан байқалатын эмоциялық ажырасу; б) бөлек тұруға әкелетін физикалық ажырасу; в) некені тоқтатуды құқықтық рәсімдеуді талап ететін заңды ажырасу (Гребенников, 1984).
Көпшілігін ажырасу өшпенділіктен, жек көрушіліктен, өмірін күңгірт еткеннің бәрінен алдау мен құтылуға әкеледі. Әрине, оның жағымсыз салдарлары бар. Олар ажырасушылар, балалар мен қоғам үшін әр түрлі. Ажырасу кезінде әдетте балалармен қалатын әйел адам анағұрлым осалдық танытады. Ол ер адамға қарағанда нервтік- психикалық бұзылыстарға көбірек шалдығады.
Ерлі-зайыптылармен салыстырғанда ажырасудың жағымсыз салдардарлары балалар үшін анағұрлым маңыздарақ. Бала ата-анасының біреуін (кейде сүйіктісін) жоғалтады, өйткені көп жағдайларда аналары әкелерінің балаларымен кездесуіне кедергі келтіреді. Бала көбінесе ата-анасының біреуінің жоқтығы себебінен құрдастарының қысымына ұшырайды, бұл оның нервтік- психикалық күйіне әсер етеді. Ажырасу мынаған әкеп соқтырады: қоғамда толық емес жанұя пайда болады, мінез-құлқында ауытқуы бар жеткіншектер саны артады, қылмыс көбейеді. Бұл қоғамға қосымша қиындықтар туғызады.
Жанұялық конфликтілерді шешу мақсаттарында көбінесе психологиялық кеңес беру қолданылады. Конфликтілі жанұяларға кеңес берудің мәні жанұяның өмір сүруін қиындататын және онда конфликтілі қатынастар туғызатын жағымсыз психологиялық факторларды өзгертуге байланысты арнайы ұсыныстар жасаудан тұрады.
2.Конфликтінің қазіргі адам мен қоғам өміріндегі рөлі жайлы әңгімені қорытындылай келе, келесідегі сәттерді анықтап алу қажет. Әлеуметтік конфликт проблемасы үнемі кез-келген қоғам үшін қандай да бір дәрежеде өзекті болды. Алайда Ресейде оның дамуының барлық кезеңдерінде конфликтілер оның тарихына тек елеулі ғана емес, әдеттегідей шешуші ықпал тигізеді. Соғыстар, ревалюциялар, билік үшін күрес, жеке меншік үшін күрес, ұйымдардағы тұлғааралық және топаралық конфликтілер, кісі өлтіру, тұрмыстық және жанұялық конфликтілер, ішкітұлғалық конфликтілерді шешу тәсілі ретіндегі өзін-өзі өлтіру біздің еліміздегі адамдар өлімінің басты себебі болып табылады. Конфликт Ресей және оның азаматтарының қауіпсіздігіне әсер етуші шешуші фактор болды, болып жүр және жетерлік болашақта болады да.
Өмір бізге конфликт өмірлік тәжірибе мен дұрыс мағына негізінде тиімді басқаруға болатын құбылыстарға жатпайтындығын дәлелдеді және әлі де дәлелдей түседі.
Ал көбінесе дәл осылай, бүгінгі таңда әр түрлі деңгейдегі басшылар әлеуметтік конфликтілерді басқарады. Ғылымға көмектесу керек. Біз конфликтіні айтарлықтай терең білгенде, оның пайда болуының шынайы себептерін түсінгенде, даму мен шешу заңдылықтарын көрсеткенде ғана әлеуметтік конфликтіге эффективті әсер тигізе аламыз.
Ресейлік қоғамды реформациялау салдарларының бірі әлеуметтік конфликтілер санының қарқынды өсуі мен әр түрлілігі болып табылады. Бұл әбден табиғи нәрсе. Әлеуметтік топтың қуатына басымдық танытатын, билік өктемділігіне болатын демократиялық емес мемлекетте топ пен оның бағынышты құрылымдарында қандай да бір әлеуметтік конфликтілердің болмауын қадағалайды. Конфликтілер санының жылдам өсуі біздің демократизация жолымен келе жатқанымызды дәлелдейді, өйткені қоғамда өз мүдделерін ашық білдіретін және бұл мүдделердің көбінесе билік құрылымының мүдделеріне қайшы келетініне қарамастан, оларды қорғау мүмкіндігін мойындайтын көптеген әлеуметтік топтар пайда болды.
Шынайы демократия әрбіреудің өз мүдделерін әр түрлі, тіпті конфликтіге дейінгі тәсілдермен қорғау мүмкіндігі бар екендігімен емес, пайда болған конфликтілердің конструктивті, гуманды, өркениетті тәсілдермен шешілетіндігімен сипатталады. Қоғамда әлеуметтік шиеленісті күшейтетін себептердің бірі біздің әлеуметтік конфликтілерді конструктивті шеше білмеуіміз болып табылады. Конфликтіге түскен жақтар қандай да жағдай болмасын принципке баруды қаламайды.
Олар қайшылықтарды шешуді емес, өзара қарама-қарсы әрекеттесуді, қарсыласқа барынша көп зиян келтіруді көздейді. Күрес қара бастың қамы үшін болғанда, ол қоғамның прогрессивті дамуының қозғаушы күші бола алмайды.
Қабылданған шешімдердің конфликтогенділігін бағалау, конфликтілердің деструктивті дамуына жол бермеу үшін, әрбір адам және әсіресе басшы әрдайым адам өміріне қосақтала жүретін және оған қауіп төндіретін құбылыс ретіндегі конфликт жайлы қажетті білімдерді меңгеруі тиіс. Өкінішке орай, біздің елімізде ғалымдардың конфликтіні түсінуі дәрежесі әзірге әлі әлеуметтік конфликтілерді олардың қазіргі ресейлік спецификасын ескере отырып, түсіндіру мен реттеу үшін айтарлықтай тиімді қолдануға болатын білімдерді меңгеруге мүмкіндік берген жоқ. Сондай-ақ, басқару органдарының конфликтіні зерттеуші ғылым өкілдері меңгерген білімдерді пайдалану жағдайында емес екендігін айтпай кетуге болмайды. Конфликтілердің жекелеген адам, жанұя, ұжым, мемлекет, жалпы қоғпм өміріндегі басты рөлі конфликтілерді зерттеумен, болжаумен және реттеумен айналысатын арнайы ғылым құру мен оны тез дамыту қажеттігін туғызады. Мұндай ғылымның - конфликтологияның және оның жетекші салаларының, конфликт психологиясының негіздері Ресейде қалыптасып үлгерді. Сонымен, конфликт психологиясы ресей қоғамын реформалауда аса прогрессивті рөл атқара алады. Конфликт психологиясы басшыларға конфликтогенді шешімдерді азырақ қабылдауға, әр түрлі әлеуметтік конфликтілерде өздерін анағұрлым конструктивті ұстануға көмектесе алады. Ол ішкітұлғалық және әлеуметтік конфликтілердің деструктивті салдарлары нәтижесінде күн сайын зиян шегетін миллиондаған ресейліктердің денсаулықтарын, жақсы тұрмысын және тіпті өмірлерін сақтай алады.
3. Ерлі зайыптылардың арасындағы қиындықтың негізгі себептері (В.А. Сысенко бойынша).



Ерлі-зайыптылардың психосексуалдық сәйкессіздігі

Үй шаруашылығын жүргізу, бала тәрбиелеу мәселелеріне байланысты, ата-аналарға қатысты және өзара көмек пен өзара түсіністікке деген қажеттіліктердің қанағаттанбауы

Өз «Мені» мәніндегі қажеттіліктердің қанағаттанбауы, серіктес тарапынан құндылық сезімін құрметтемеу

Ерлі-зайыптылардың біреуінің өз қажеттіліктерін (алкоголь, қаржылық шығындарға және т.б.) шамадан тыс қанағаттандыруға құмарлығы

Жағымды эмоциялардың қанағаттанбауы, түсініспеушіліктің болуы

Бос уақытын өткізуге байланысты қажеттіліктердің айырмашылықтары

Ерлі-зайыптылар арасындағы конфликтілердің психотравмалық салдарлары



ТОЛЫҚ ЖАНҰЯЛЫҚ ҚАНАҒАТТАНБАУШЫЛЫҚ КҮЙІ

ЖАНҰЯЛЫҚ ДАБЫЛ

Нервтік психикалық күйзеліс

  • Зайыбы үшін тұрақты психикалық қысым, қиын немесе тіпті шарасыз жағдай ситуациясын туғызу

  • Зайыбы үшін маңызды сезімдерді көрсету, қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін кедергілер туғызу

  • Зайыбы үшін тұрақты ішкі конфликтілі ситуацияны туғызу




КІНӘ СЕЗІМІ

Өзара әрекеттесу субьектілеріне қарай жанұялық конфликтілер мынандай түрлерге бөлінеді: ерлі-зайыптылар арасындағы; ата-ана мен балалар арасындағы; ерлі-зайыптылар мен олардың әрқайсысының ата-аналарының арасындағы; әжелері (аталары) мен олардың немерелерінің арасындағы.


Жанұялық қатынастарда ерлі-зайыптылар арасындағы конфликтілер негізгі роль атқарады. Ерлі-зайыптылар арасындағы конфликтілердің төмендегідей негізгі себептерін бөліп көрсетуге болады (В.А. Сысенко, А.И. Тащева):

  • Ерлі-зайыптылардың психосексуалдық сәйкессіздігі;

  • Өз «Мені» мәніндегі қажеттіліктердің қанағаттанбауы, серіктес тарапынан құндылық сезімін құрметтемеу

  • Жағымды эмоцияларға деген қажеттіліктердің қанағаттандырылмауы: мейірімнің, қамқорлық пен көңіл бөлудің және түсіністікпен қараудың жоқтығы;

  • Ерлі-зайыптылардың біреуінің өз қажеттіліктерін (алкоголь, қаржылық шығындарға және т.б.) шамадан тыс қанағаттандыруға құмарлығы;

  • Үй шаруашылығын жүргізу, бала тәрбиелеу мәселелеріне байланысты, ата-аналарға қатысты және өзара көмек пен өзара түсіністікке деген қажеттіліктердің қанағаттанбауы;

  • Бос уақытын өткізуге байланысты қажеттіліктердің айырмашылықтары.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет