Дәріс конспектілері (тезистері) уе-10-20 фр 03



бет41/46
Дата14.01.2023
өлшемі2,05 Mb.
#61250
түріКонспект
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   46
Байланысты:
Дәріс мәтіні

Бақылау сұрақтары:
1. «Процесс» және «жіп» түсініктерінің айрмашылығы неде?
2. ОреnМР-бағдарламасында тізбекті секциядағы жалпы және жергілікті айнымалылар айырмашылығы неде?
3. Бағдарламаның жұмыс істеу барысында ОреnМР параллель жіптер санын өзгертуге мүмкіндік бере ме?
4. ОреnМР көмегімен екі матрицаны көбейту бағдарламасын құрыңыз. Тиімділік жағынан талдау жасаңыз.
5. ОреnМР көмегімен кері матрицаны табу бағдарламасын құрыңыз. Тиімділік жағынан талдау жасаңыз.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Воеводин Вл. Параллельные вычисления. Санкт-Петербург, 2012 г.
2. Грегори Р. Эндрюс. Основы многопоточного, параллельного и распределенного программирования. Пер. с. англ. –М.: Издательский дом «Вильямс», 2013 г.
3. Акжалова А.Ж. Параллельные вычисления (учебное пособие). – Алматы, 2014 г.
4. Дүйсембиев Е.Е. Параллель есептеулер. Оқулық – Алматы 2011 ж.


28-Дәріс
Тақырыбы: Хабарлама жіберу негізіндегі бағдарламалау жүйелері. MPI бағдарламалау жүйесі.
Жоспар:

  1. MPI бағдарламалау жүйесі.

  2. MPI технологиясында хабарламаны қабылдау

Таратылған жадылы компьютерлердің кең таралуы оларға сәйкес бағдарламалау жүйелерінің де пайда болуын анықтады. Негізінде бұндай жүйелерде ортақ адрестік кеңістік болмайды, және параллель процестер арасында деректер алмасу үшін коммуникациялық орта арқылы хабарламаны айқын жіберу пайдаланылады. Жекелеген процестер дәстүрлі бағдарламалау тілдерінің көмегімен бейнеленеді, ал олардың арақатынасын ұйымдастыру үшін қосымша функциялар енгізіледі. Сол себепті хабарламаны айқын түрде жіберуге негізделген барлық дерлік бағдарламалау жүйелері, жаңа тілдер түрінде емес, ал интерфейстер және кітапханалар түрінде беріледі.
Қазіргі уақытта хабарламаны айқын түрде жіберуге негізделген танымал бағдарламалау жүйелерінің мысалдары жеткілікті: Shmem, Linda, PVM, MPI және т.б. Бұл параграфта біз бүгінгі күні ең көп қолданыста жүрген MPI жүйесіне тоқталатын боламыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет