Дәріс конспектілері (тезистері) уе-10-20 фр 03



бет42/46
Дата14.01.2023
өлшемі2,05 Mb.
#61250
түріКонспект
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   46
    Бұл бет үшін навигация:
  • -о name"
MPI бағдарламалау жүйесі
Соңғы жылдары таратылған жадылы параллель компьютерлерде ең танымал MPI (Message Passing Interface) бағдарламалау технологиясы кеңінен қолданыс табуда. Бұндай жүйелерде параллель процестер ара-қатынасын ұйымдастырудың негізгі тәсілі бір-біріне хабарлама жіберу. МРI cтандартының бекітілген интерфейстерін әрбір есептеу платформасындағы бағдарламалау жүйесі (МРI бағдарламалау жүйесі) де және өз бағдарламаларын құру кезінде пайдаланушы да қатаң сақтау керек. Қазіргі кездегі іске асырулар көбіне МРI стандартының 1.1 версиясына сәйкес келеді. 1997-1998 жылдары алдыңғы версияларының функционалдығын айтарлықтай кеңіткен МРI-2.0 стандарты пайда болды. Алайда бұл нұсқа бүгінгі күнге әлі кең тарала қоймады, және толық көлемде ешқандай есептеу жүйесінде енгізілмеген. Енді бұдан ары егер арнайы айтылмаса барлық жерде 1.1 стандарты пайдаланылуда деп түсіну керек. МРI технологиясы С и Fortran тілдерімен жұмыс істей алады. Бұл бөлімде барлық мысалдар мен функциялардың мазмұндалуы (егер арнайы айтылмаса) Си бағдарламалау тілін пайдалана отырып беріледі. Айта кету керек, МРI технологиясының негізгі идеялары және Си және Fortran тілдер үшін жекелеген конструкцияларын дайындау ережелері көп жағынан ұқсас.
МРI интерфейсінің толық версиясы 120–дан астам функциялар сипаттамасын құрайды. Егер оның толық мазмұнын беретін болса оған бөлек кітап арнауға да болар еді. Бұл бөлімнің мақсаты - технология идеясын түсіндіру және тәжірибе жүзінде қажет болатын компоненттерді игеруге көмектесу. Жалпы, егер оқырмандарда стандарт туралы қандай да бір сұрақтар пайда болса немесе оларды МРI технологиясы дамуының соңғы жаңалықтары қызықтыратын болса, онда http://www.mpiforum.org және http://parallel.ru/tech/tech_dev/mpi.html сайттарынан керекті ақпараттарды алуға болады.
МРI интерфейсі параллель бағдарламаларды M1MD (Multiple Instruction Multiple Data) стилінде құруға мүмкіндік береді, ол әртүрлі бастапқы текстермен процестерді біріктіру дегенді бідіреді. Алайда бұндай бағдарламаларды жазу және жөндеу өте күрделі, сондықтан тәжірибе жүзінде бағдарламашылар көбіне параллель бағдарламалаудың SPMD-моделін (Single Program Multiple Data) жиі пайдаланады, ал онда барлық параллель процестер үшін бір ғана код пайдаланылады. Қазіргі уақытта МРI көптеген іске асырулары жіптермен жұмысты қолдайды.
Жалпы МРI кітапхана болғандықтан, бағдарламаны компиляция жасау кезінде оған сәйкес кітапханалық модульдер пайдаланылады. Мұны командалық жолда орындауға болмаса басым көпшілік жүйелерде қарастырылған командаларды немесе скриптарды: mpicc (Си тіліндегі бағдарламалар үшін), mpiCC (Си++ тіліндегі бағдарламалар үшін) және mpif77/mpif90 (Фортран 77/90 тілдеріндегі бағдарламалар үшін ) пайдалануға болады. Компилятордың "-о name" опциясы алынатын орындалатын файлға ат беруге мүмкіндік береді, арнайы айтылмаса орындалатын файл аты a.out, мысалы, Фортран тілінде:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет