Дәріс конспектілері (тезистері) уе-10-20 фр 03



бет32/46
Дата14.01.2023
өлшемі2,05 Mb.
#61250
түріКонспект
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   46
Бақылау сұрақтары:

  1. Салыстыру-және-алмастыру әдісімен сұрыптау.

  2. Көпіршіктер әдісімен сұрыпау.

  3. «Тақ-жұп орын ауыстыру» алгоритмі.

  4. "Тақ-жұп орын ауыстыру" тізбекті алгоритмі.

  5. n-процессорлы сақинада орындалатын "тақ-жұр орын ауыстыру" тәсілінің параллельді алгоритмі.

Пайдаланылған әдебиеттер
1. Воеводин Вл. Параллельные вычисления. Санкт-Петербург, 2012 г.
2. Грегори Р. Эндрюс. Основы многопоточного, параллельного и распределенного программирования. Пер. с. англ. –М.: Издательский дом «Вильямс», 2013 г.
3. Акжалова А.Ж. Параллельные вычисления (учебное пособие). – Алматы, 2014 г.
4. Дүйсембиев Е.Е. Параллель есептеулер. Оқулық – Алматы 2011 ж.
22-Дәріс
Тақырыбы: Параллельді алгоритмдер.
Жоспар:

  1. Алгоритм графы және параллель есептеулер.

  2. Есептеулерді жоспарлау.



Алгоритм графы және параллель есептеулер
«Қарапайым» компьютерге арналған кезкелген бағдарлама алгоритмдердің қандай да бір жиынтығын сипаттайды. Орындалу барысында қандай да бір алгоритмді таңдау, шартты операторлардың қалай іске қосылуымен анықталады. Өзге операторлардың құрамы мен орындалу реті қатаң түрде бағдарламаның өзі арқылы беріледі. Егер бағдарламада шартты операторлар болмаса, онда бағдарлама басынан-ақ тек бір ғана алгоритмді суреттейді.
Өз кезегінде, шартты операторлардың іске қосылуы тек кіріс мәліметтеріне ғана тәуелді. Сондықтан «қарапайым» компьютер, әрқашан бағдарлама мен кіріс мәліметтері арқылы біркелкі анықталып қойған қандай да бір реттелген іс-әрекеттерді орындайды. Оның үстіне, «қарапайым» компьютердің кез-келген өзге модельдерінде де берілген бағдарламаға бұл реттілік біреу ғана, бірдей болады. Осылайша алдын ала нәтижесі де айқындалады. Қорыта келгенде, кез-келген «қарапайым» компьютерде кезкелген бір уақыт мезетінде тек бір ғана операция іске асырылады. Ал қалған кезкелген басқа операция бұл уақытта тек орындалуға дайындық кезеңінен ғана өтіп жатады.
Параллель архитектуралы есептеу жүйелеріндегі үрдіс мүлдем басқаша. Мұнда әрбір уақыт мезетінде бір-біріне тәуелсіз бірнеше операциялар жиынтығы орындалуы мүмкін. Кезкелген параллель жүйеде бағдарлама және кіріс деректері сол жиынтықтардың құрамымен қатар, олардың ретін де бірмәнді анықтайды. Алайда, әртүрлі жүйелерде жиынтықтар мен олардың реттіліктері әртүрлі болуы мүмкін. Дегенмен бірмәнді нәтиже алуды кепілдендіру үшін барлық операциялар жиынының орындалу реті қандай да бір шартқа бағынуы тиіс.
«Қарапайым» компьютердегі сияқты, параллель компьютерде де есептің шешімі көптеген жай операциялардың орындалуы нәтижесінде табылады. Барлық операциялардың санаулы аргументтері болады. Әдетте олардың саны екеуден аспайды. Операция аргументтерінің нақты мәндері ретінде не кіріс мәліметтері, не болмаса өзге орындалған операциялардың нәтижелері алынады. Қай нәтижелер қандай аргументтер болатындығы жөніндегі сәйкестік, бағдарламаны әзірлеуші арқылы белгіленеді. Осыдан түсінетініміз: кезкелген операция – аргументтер тұтынушысы өзіне сол аргументтерді жіберуші – бүкіл операциялар орындалмайынша іске қосыла алмайды.
Осылайша, көптеген операциялар үшін бағдарламаны әзірлеуші жартылай реттілікті нақты немесе нақты емес түрде белгілейді. Кезкелген екі операция үшін де реттілік мына мүмкіндіктердің біреуін білдіреді: не операциялардың қайсысы бірінші орындалуға тиіс екендігін көрсетеді; не екі операция да бір-біріне тәуелсіз түрде орындала беретінін білдіреді. Белгілі бір жартылай реттілікте барлық операциялар жиынтығының жалпы мерзімдік реті әртүрлі болуы мүмкін. Сәл кейінірек біз осы реттіліктердің қайсысы болса да бір ғана нәтиже беретіндігін көрсетеміз. Сондықтан, бағдарламада берілген жартылай реттілікті сақтау – нәтиженің бірмәнділігін кепілдендіретін шарттың орындалуы болып табылады. Бір ғана жартылай реттілік көлемінде кезкелген орындалуды таңдауға мүмкіндік бар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет