Толық толтырылған қабаттармен қабықтарда L=0және S=0, демек, J=0болады. Мысалы, 3p-қабық: қосынды кванттық сан
және бұл жалғыз мән, сондықтан L=0. Қосынды кванттық сан , сондықтан S=0. Демек, J=0.
Бұл маңызды нәтиже: атомының L және S кванттық сандарын анықтағанда толған қабықтарды ескермеуге болады.
Электрондардың күйлер бойынша үлестірілуі электрондық конфигурация деп аталады. Бұл былай белгіленеді, мысалы, Na атомының электрондық конфигурациясы:
1s22s22p63s.
Электрондармен толық толтырылған қабатты (немесе қабықты) тұйықталған дейді. Тұйықталған қабаттың (және қабықтың) барлық үш кванттық саны (L, S, J) нөлге тең болады. Осындай қабаттардың негізгі термдері – .
Әрбір қабықтағы электрондарды эквиваленттік электрондар деп атайды, бұлардың n және l мәндері бірдей болады.
Атомдардың химиялық және бірқатар физикалық қасиеттерінің бақыланатын периодтылығы сыртқы валенттік электрондардың тәртібімен түсіндіріледі. Осы периодтылық атомдардың электрондық конфигурациясының белгілі периодтылығымен, соның ішінде сыртқы электрондардың конфигурациясымен байланысты екендігі анықталған.
Хунд ережелері: Бұл эквивалентті электрондар жүйесіне (бұлардың n және l кванттық сандары бірдей) қатысты, яғни бір қабықта орналасқан электрондар үшін ережелер:
Берілген электрондық конфигурацияның ең кіші энергиясына мүмкін болатын ең үлкен S спині мәні бар және осындай S жағдайында мүмкін болатын ең үлкен L мәні бар терм ие болады.