Дәріс КӨп электронды атомдар паули принципі


Штерн – Герлах Тәжириебесі



бет6/6
Дата02.06.2023
өлшемі74,74 Kb.
#97815
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
дарис 8

Штерн – Герлах Тәжириебесі – атомның магниттік моментінің бар екендігін және оның сыртқы магнит өрісі бағытындағы проекциясының нақтылы бір дискретті мәндер ғана қабылдайтындығын (кеңістіктік квантталу құбылысы) дәлелдейтін тәжірибе. Тәжірибені әуелі күміс атомдарын, содан кейін басқа да атомдарды пайдалана отырып, 1922 жылы неміс ғалымдары О.Штерн мен В.Герлах жүзеге асырды.Штерн – Герлах Тәжириебесінде зерттелетін заттан ( мысалы , күміс) жасалған пеш (К) ауасы сорылып алынған ыдысқа орналастырылады (қаласурет). Пеш қызған кезде буланған күміс атомдарының жіңішке шоғы ВВ саңылаулардан өтіп, SN электрмагнит полюстерінің арасындағы әр текті магнит өрісі арқылы РР пластинкасына барып түседі. Содан пластинка бетінде күміс атомдарының ізі пайда болады. Штерн – Герлах Тәжириебесінде күміс атомдарының шоғы әр текті магнит өрісі арқылы өткен кезде, ондағы (Н) күші әсер етіп, оларды алғашқы түзу сызықты қозғалыс бағытынан ауытқытады, мұндағы – жеке атомның магниттік моменті, Н – магнит өрісінің кернеулігі. Классик. теория бойынша мен Н арасындағы бұрышқа ешқандай шек қойылмайтындықтан, РР пластинкада тек біртұтас енді жолақ байқалуы тиіс еді. Ал тәжірибе нәтижесі бұдан өзгеше болып шықты: күміс атомдарының магнит өрісін қоспай тұрғандағы пластинка (РР) бетінде қалдыратын жіңішке сызық тәрізді ізінің орнына, олардың әр текті магнит өрісінен өткеннен кейін қалдыратын ізі, онымен салыстырғанда симметриялы болып орналасқан 2 жіңішке сызық түрінде (басқа атомдар жағдайында одан да көп) пайда болатындығы байқалды. Бұл нәтиже кванттық теория болжаған кеңістіктік квантталудың бар екендігін дәлелдейді. Атомдардың бұрыштық моментінің бар екендігі, олардағы электрондардың меншікті (өзіндік) моменттерінің (спинінің) бар екендігі арқылы түсіндіріледі. Тәжірибе кезінде қолданылған атомдардың орбиталық моменті алғашқыда нөлге тең болуға тиіс. Ол момент сыртқы магнит өрісінің әсерінен байқалды. Ал спин сыртқы өріс бағытында екі-ақ түрлі проекцияланатындықтан, спиндік кванттық санының мәні 1/2-ге тең болуы керек. Тәжірибе деректеріне сүйене отырып жүргізілген есептеулер бойынша атомның магниттік моментінің шамасы Бор магнетонына тең.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет