Дәріс Көркем сөйлеу – сөз мәдениетінің ажырамас бөлшегі



бет2/2
Дата22.10.2022
өлшемі24,16 Kb.
#44922
1   2
Ана қызыл көйлекті қызды қарашы, тема киініп апты.


Мына машина тема екен, йә!?


Мен бір тема қызбен таныстым!

Осы сөздің тікелей аудармасы – тақырып. Егер сөзбе-сөз аударма жасасақ еш қисыны болмас еді. Дегенмен осы сөзге балама болып контекске қарай ауысып отыратын біршама сөздер мен сөз тіркестер бар: күшті, керемет, мықты, жақсы, тамаша, адам айтқысыз, көргеннің көзі тоярдай т.б. Ана тілімізде осыншама баламасы бар бола тұра ауызекі сөйлеуде аталған сөз актив қолданылатыны көркем сөйлеудің құтын қашырады.


Мақпырұлы С.: «Сөйлеу мәдениетінің деңгейі әр адамда түрліше болуы заңдылық. Өйткені, сөйлеу мәдениеті адамның білім-білігіне, ақыл-парасатына, жалпы мәдени-рухани деңгейіне, кәсібіне де байланысты болғандықтан, жұрттың баршасына бірдей талап қоюға болмайды.
Ал ғылыми-педагогикалық қауым өкілдерінің, өнер адамдарының радиотележорналшылардың, баспа мен баспасөз қызметкерлерінің, дипломатиялық, сондай-ақ, мемлекеттік түрлі деңгейдегі басшылық қызметтегі лауазымды адамдардың сөйлеу мәдениеті жоғары қалыптасқан деңгейде болуы міндетті,» - дейді [32,10].
Ауызша сөйлеу дегеніміз – «қарым-қатынас жасаушылардың тікелей байланысы кезінде атқарылатын бейресми, мәжбүрлеусіз (яғни еркіндік), жеке бағытталған қатынастың жүйесі, яғни ауызша түрдегі және белгілі бір жағдайдағы қатынас [33,34] екенін еске алсақ, ауызекі сөйлеу тілінде паргматикалық факторлардың ықпалы анық, айқын көрініс табады.
Өмірде ауызекі тіл айтылып қана қоймайды, сонымен қатар, өзінің жинақталған құрылымдық қалпы болады. Көркем құрылымда ауызекі сөйлеу тілі басқаша болып өзгереді. Әдеби көркем шығармалар ауызекі сөйлеу тіліне қарай бағытталады. Өзінің спецификалық айырмашылықтары бола отыра, кейбір көркем шығарма тілдері, күнднлікті ауызекі сөйлеу тілінің қатырында көрінеді [15,38].
Сонымен, қарастырып отырған көркем сөйлеудің алғашқы алғышарты – әдеби тілде сөйлеу. Яғни ол алқасөз болсын, тіпті тұрмыстық тіл қатысу болсын, интертерминдерді қоспағанда, диалектілер, ішкі-сыртқы паразит элементтер, басқа тілдің сөздерін араластырмау сөйлеудегі көркемдіктің алғашқы баспалдағы бола алады.
«Көркем сөздің жан дүниемізге рухани нәр беріп, әсерлі де әсем сезім ұялататын сиқырлы сыры оның эстетикалық қызметіне байланысты.сөз қолданыстың сан алуан тәселдері мен шынайы шеберліктің өнегесін біз, міне осы тұста айқын көреміз [34,71].
Мағжанша айтсақ, адамдардың ішкі жан дүниесіндегі толғаныстарды жеткізудің негізгі құралы, сонымен қатар, ойдың тілі – сөз болса, ал Ахметше көңіл түкпіріндегі өзгерістерді, құбылыстарды жай тілмен емес, көркем, қисыны келіскен сөзбен кестелеп, жүйелеп жеткізу әр азамат үшін парыз болмақ.
«Сөз феноменінің өзіне тән ерекше бір қасиеті – оның тіліміздегі басқа сөздермен тіркесе келе, Адам баласының жалпы сөйлеу процесіне қатысты іс-әрекет, қимыл-қозғалыстары мен басқа да сан алуан ұғым-түсініктерді бейнелі де көркем, барша нақыш бояуымен суреттеп беруінде» - дейді Ә.Қайдар. [35,598]. Осы пікірдегі бейнелі де көркем, барша нақыш бояумен суреттеу дегеніміз аз сөздегі мағына мен әсер, ойдың бейнелілігі және айтушы мен тыңдаушының сөздік қорының молдығы.
Сөздік қордың молдығы сөйлеудегі жаттандылықтың болмауына әсер етеді. Күнделікті қолданыста құлаққа жауыр болған сөздер бірте-бірте шаблонға айналып, сөйлеу әрекетінде адресаттың эмоциясына әсер етпейді, тіпті тыңдаушыны жалықтыруы да мүмкін. Тілдік қатынас кезінде сөздің жұтаңдығы ойдың жұтаңдығына алып келеді. Қазіргі технологиялық заманда жастар интеллектісін соншалықты төмен деуге болмайды. Олардың интеллектуалдық мүмкіндігі жан-жақты. Амал не, тек ана тіліндегі сөздік қордың аздығы ой жұтаңдығын аңғартады.
Ал тіл тазалығына келер болсақ, сөйлеудегі паразит, былапыт сөздерден бөлек шеттілін араластыра сөйлеу де сөздің көркемдік шырайын бүлдірері анық.
Сөйлеу көркемдікке бағытталса, әңгіменің тиімділігі күшейеді. Сонымен қатар, адамның ойына ғана емес, елестету қабілетіне, эмоциясына әсер етіп, әңгімеге деген қызығушылығын арттырады. Және тез түсінуге, жақсы қабылдауға, есте ұзақ сақтауға ықпал етеді әрі эстетикалық ләззат береді.
Адресант сөзді өзгелер үшін айтады, бірақ өз алдына белгілі бір мақсат қояды. Ал көркем сөйлеп, ойды айшықты, бейнелі тілмен жеткізгенде айтушының бірінші мақсаты тыңдаушының ықыласын аударып, өз сөзіне ұйыту болмақ. Қажет болған жағдайда, екінші қадам ретінде сөздің күші арқылы дегеніне сендіреді немесе белгілі бір келісім орнатады.
Жазушы Ғ. Мұстафин сөздің әсері туралы «Әсердің өзі әрқилы болады. Бір әсер – өмір бойы ойыңнан кетпейді, бір әсер сол арада қалып қояды» деген. Сөздің тыңдаушыға әсерлі болуына сөздік қордың молдығы, тілдің тазалығы, көркем сөйлеу, тіл түсініктілігі мен дәлдігі, сөз дұрыстығы мен сәтті айтылуы секілді сөйлеу амалдарының барлығы да бірлесе отырып септігін тигізеді.Осы аталған ұғымдардың ішінде көркем сөйлеудің маңызы зор.
Сөйлеуші сөзді қалай болса солай қолданбайды. Ол тілдің синтаксистік, лексико-композициялық және лексико-фразеологиялық жағын бақылайды, сонымен қатар тақырыбының логикалық жағынан байланыста болуын да қадағалайды. Осындағы лексико-фразеологиялық бақылау сөйлеушінің көркем сөйлеуіне негіз болады.
«Көркем сөйлеу» деген ұғым қазақтың танымындағы «сөз саптау» ұғымымен пара-пар келеді. Ал сөйлеуші тілінің көркемдігіне бас ию сөз құдіреті арқылы келісу немесе көндігу «сөзге тоқтау» деп аталады. Осыған қарап көркем сөйлеуді қазақ халқы ежелден коммуникативтік стратегияның бір қыры деп танығанын аңғарамыз.
Ғалымдар жоғары жүйке қызметінің екі түрі болатынын дәлелдеген: көркемдік және ойлай білу. Сөйлеушіде осы екеуінің бірі басым не тең болуы мүмкін. Көркем сөйлей білгенмен, сөзді ой елегінен өткізбесе, сөз тартымсыз болуы мүмкін.
«...Ойын жеткізуде адам өзіне керек ақпаратты тіл деп аталатын қазынадан алады. Оның ішінен адам өзіне қажеттісін талғап, таңдап алады, байланыстылық пен тұтастыққа негіздеп, сөйлем құрап шығарады. Демек, осы айтылған тіл мен сөйлеу өзара тығыз байланыста өмір сүреді. Бір-бірінсіз қатынасқа түсуі мүмкін емес» [36,18].
Қорыта келгенде, жоғарыда келтірілген көркем сөйлеу критерийлерін ұстанып, оны бірте-бірте қалыпты дағдыға айналдырған адамды біз көркем сөйлеуші деп танимыз.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет