2.Инклюзивті білім берудің әлемдік тәжірибесі. Қазіргі таңда барлық әлем жұртшылығының назарын аударып отырған мәселе адамдардың жеке сұраныстары мен ерекшеліктеріне ортаның, отбасының қатысуымен білім беру үрдісіне толық қосуды қарастыратын инклюзивті білім беру.
Инклюзивті білім беру немесе «білім баршаға» бағдарламасы - барлық білім алушыларға орындарында, белсене қатысуға мүмкіндік береді. Бұл бағдарламаны Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы мақұлдап, БҰҰ-ның Конвециясына 2006 жылдың 13 желтоқсанында енгізілді. Сонымен, инклюзивті білім беру жағдайында жұмыс жүргізетін Оқу орындарында білім мазмұнын үш түрлі бағдарлама бойынша реттеген абзал. Атап айтқанда: жалпы мектептерге,колледждерге,жоғары оқу орындарына арналған типтік оқу бағдарламалары; мүмкіндігі шектеулі білім алушылардың ақаулық типтеріне сәйкес арнаулы білім беру бағытындағы оқу бағдарламалары; мүмкіндігі шектеулі адамдардың психофизикалық ерекшеліктерін есепке ала отырып әзірленетін оқытудың жеке бағдарламасы.
Инклюзивті білім беру мәселесі шет елдерде 1970 жылдан бастау алады, ал 90 жылға қарай АҚШ пен Еуропа өздерінің білім беру саясатына осы бағдарламаны толық енгізді. Ал, біздің елімізде инклюзивті білім беру жүйесінің дамуы туралы ресми дерек «Қазақстан Республикасының Білім беруді дамытудың 2010-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» көрсетілді. Осы бағдарлама төңірегінде инклюзивті білім беруді жетілдіру мәселелері қарастырылып, 2020 жылға мына міндеттерді шешу көзделген:
- мүмкіндіктері шектеулі білім алушыларды біріктіріп оқытудың модульдік бағдарламалары жасалады;
- мүмкіндіктері шектеулі білім алушыларды жалпы білім беретін ортада біріктіріп оқыту ережесі әзірленеді;
- түрлі кемістігі бар білім алушылар үшін бірігу нысандары анықталады;
- мүгедек адамдарға қашықтықтан білім беруді ұйымдастыру қағидалары әзірленеді. Мемлекеттік бағдарлама негізінде оқу орындарында мүгедек адамдар үшін көтергіш жабдықтар, пандустар, санитарлық бөлмелерде арнайы құралдар орнату, тұтқалармен, арнайы парталармен, үстелдермен және басқа да арнайы компенсаторлық құралдармен жабдықтау арқылы «кедергісіз аймақтар» құруы жоспарланған.Инклюзивті білім берудің халықаралық тәжірибесіне назар бөлсек, қазіргі таңда барлық әлем жұртшылығының назарын аударып отырған мәселе адамдардың жеке сұраныстары мен ерекшеліктеріне ортаның, отбасының қатысуымен білім беру үрдісіне толық қосуды қарастыратын инклюзивті білім беру. Инклюзив сөзі − латын тілінен аударғанда «өзімді қосқанда», ал, ағылшын тілінен аударғанда «араластырамын» деген мағынаны білдіреді. Инклюзивті білім берудің мақсаты: даму мүмкіндігі шектеулі білім алушыларды қалыпты білім алушылармен бірге білім беру. Яғни адамның жынысына, дініне, шығу тегіне қарамастан тең құқылы жеке тұлға ретінде білім беру жүйесі болып табылады.Инклюзивті оқыту негізінде тұлғалардың құқығын кемсітпеу, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге ерекше оқыту қажеттілігі бар білім алушыларға арнайы жағдай қалыптастыру идеологиясы жатыр. Тәжірибе көрсеткендей, қатаң білім беру жүйесінен білім алушылардың бір бөлігі шығып қалады, өйткені қалыптасқан жүйе мұндай адамдардың даралық қажеттілігін қанағаттандыра алмайды.
Инклюзивті бағыт мұндай адамдарды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады. Инклюзивті оқыту – барлық білім алушыларға оқу ұйымдарында, ұйым өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді.
Инклюзивті оқыту – адамдардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс- әрекетіне қатысуға мүмкіндік береді. Инклюзивті оқыту – адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді.
Инклюзивті оқытудың негізгі принциптері:
Адам құндылығы оның мүмкіндігіне қарай қабілеттілігімен, жеткен жетістіктерімен анықталады.
Әрбір адам сезуге және ойлауға қабілетті.
Әрбір адам қарым-қатынасқа құқылы.
Барлық адам бір-біріне қажет.
Білім шынайы қарым-қатынас шеңберінде жүзеге асады.
Барлық адамдар құрбы құрдастарының қолдауы мен достығын қажет етеді. Әрбір адам үшін жетістікке жету – өзінің мүмкіндігіне қарай орындай алатын әрекетін жүзеге асыру. Жан-жақтылық адам өмірінің даму аясын кеңейтеді. Инклюзивті оқыту – барлық адамдардың мұқтаждықтарын ескеретін, ерекше қажеттіліктері бар адамдардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісінің дамуы. Инклюзивті оқыту адамдарды оқу үрдісіндегі қажеттіліктерін қанағаттандырып, оқыту мен сабақ берудің жаңа бағытын өңдеуге талпынады. Егер инклюзивті оқытудың оқыту мен сабақ беруге енгізілген өзгерістері тиімді болса, онда ерекше қажеттіліктері бар адамдардың жағдайлары да өзгереді. Инклюзивті оқыту – ерекше мұқтаждықтары бар адамдардың жалпы білім беретін мекемелердің оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады. Инклюзивті білім беру мәселесі шет елдерде 1970 жылдан бастау алады, ал 90-жылға қарай АҚШ пен Еуропа өздерінің білім беру саясатына осы бағдарламаны толық енгізді. Бүгінгі таңдағы білім беруді дамытудың негізгі сипаттамаларының бірі, жаңа бағыттағы арнайы білім беруді талап ететін білім алушыларға тең дәрежеде білім беру мәселесі болып табылады. «Жалпыға бірдей білім» бағдарламасына сәйкес 1994 жылы Саламанка қаласында (Испания) арнайы қажеттілігі бар адамдарға білім беруді дамытуға арналған бүкіл әлемдік конференция болып өтті. Конференция соңында Саламан декларациясы жасалды.
Соған сәйкес инклюзивті білім беру саясатының міндеттері мынадай:
Әрбір адам білім алуға құқылы және оны алуға тиіс.
Әрбір білім алушының дара қабілеттері, қызығушылықтары, қажеттіліктері және оқуға деген мұқтаждықтары болады.
Білім беру жүйесіне оң өзгерістер, яғни осы мұқтаждықтарды қанағаттандыру мақсатына орай өзгерту.
Осыған орай, инклюзивті білім берудің негізгі принциптері туындайды:
Адам құндылығы оның мүмкіндігіне қарай қабілеттілігімен, жеткен жетістіктерімен анықталады.
Әрбір адам сезуге және ойлауға қабілетті.
Әрбір адам қарым-қатынасқа құқылы.
Барлық адам бір-біріне қажет.
Білім шынайы қарым-қатынас шеңберінде жүзеге асады.
Барлық адамдар құрбы-құрдастарының қолдауы мен достығын қажет етеді.
Әрбір білім алушы үшін жетістік қажет ету өзінің мүмкіндігіне қарай орындай алатын әрекетін жүзеге асыру.
Жан-жақтылық адам өмірінің даму аясын кеңейтеді.
Инклюзивті оқыту – адамдардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс-әрекетіне қатысуға, адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді. Инклюзивті білім беру мүмкіндігі шектеулі адамдарға оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады. [5]
XX ғасырдың аяғында көптеген дамыған әлем елдерінде мүмкіндігі шектеулі адамдарды оқытуды дамытуда алдыңғы орында тұрған инклюзивті білім беру болды. Жалпы білім беру үрдісіне енгізілген адамдарға оқуды жеңілдететін қосымша арнайы жағдай, көмек, қолдау қарастырылады. Әрбір елде интеграциялаудың өзіндік үлгісі іске асырылуда, бұл білім беруде интеграциялаудың жан-жақты үлгісін құрудың мүмкін еместігін көрсетуде.
Инклюзивті білім беруді іске асырып жатқан елдерде айқындалған басым бағыт жалпы мектептік білім беру саласында қарастырып отырған категориядағы адамдардың жалпы білім беру үрдісіне міндетті түрде енгізуді көздейді.
Мысалы ретінде Ресей мемлекеті 1991 жылдың күзінен бастап «Мүмкіндігі шектеулі білім алушыларды интеграциялау» жобасын іске асыру басталды. Нәтижесінде 11 аймақта мүмкіндігі шектеулі адамдарды интеграциялап оқытудың экспериментальды алаңдары құрылды. Мүмкіндігі шектеулі адамдармен педагогтардың жұмыс істеу мақсатында Ресей Федерациясының білім министрлігі педагогикалық жоғарғы оқу орындарының оқу жоспарына 1996 жылының 1 қыркүйегінен бастап «Арнайы (коррекциялық) педагогиканың негіздері», «Мүмкіндігі шектеулі адамдардың психологиясының негіздері» деген курстарды енгізді.
Ресей Федерациясының білім және ғылым министрлігінің айтуы бойынша 2008-2009 жылдары инклюзивті білім беру үлгісі экспериментальды түрде көптеген білім беру мекемелеріне енгізілген. Ресейде мүгедек адамдарды оқытудың инклюзивті білім беруден басқа да нұсқалалары бар: арнайы оқу орындарымен интернаттар; коррекциялық мектептер; «интернат-үйлер»; үйден оқыту; қашықтықтан оқыту.
Сонымен қатар, Швеция мемлекеті бұл елде ерекше қажеттілікке мұқтаж адамдар қарапайым оқу орынымен орналастырылған және олар онда қажетті қолдау алуда (оқу орынымен арнайы педагогтың немесе ассистенттің көмегі және көмекші арнаулы құралдарды қолдану). Есту, көру қабілеттері бұзылған, ойлауында қалушылық бар адамдар ауытқулары бойынша бөлінген арнайы оқу орындарында білім алады, олар мұнда 21-23 жасқа дейін оқи алады. Ойлауы артта қалған адамдарға арналған арнайы оқу орындары жалпы білім беретін мектептердің ғимараттарына оқу орынымен біріктіру жолымен орналасқан.[6]
Бұл орайда Италиядағы білім берудегі интеграциялау қиындықтары бірнеше себептерге байланысты. Интеграциялау үрдісі аймақтың қажеттіліктеріне зерттеу жұмыстарынсыз, қажетті мамандар бар-жоқтығы анықталмастан басталды. Жалпы білім беретін мұғалімдерді оқыту шектеулі ғана болды. 1 ай ішінде арнайы сабақтар ұтымды нәтижелер бермеді, көптеген мұғалімдер тіптен оқыт алмады. Қолдаушы мұғалімдер мен сынып мұғалімдерінің бірлесуі қиындықтар туғызды. Үлкен қиындықтарды ойлау қабілетінің дамуында ауытқуы бар балалардың жалпы білім беру үрдісіне енгізілуінен туындады. Көптеген мамандар мұндай балаларға арнаулы сыныптар ашу керек деп санайды. Алайда, бұл ұсыныс Италияда қаралмай отыр, ол тағы да өзін «төмендету» ретінде көрсеткен арнайы білім беру жүйесін құруға әкеледі деп қауіптенеді. Италиядағы интеграциялауды кең тұрғыда қарағанда бұл мәселеде мақсатқа жетті деп есептеуге болады. Бірақ, бұл сұрақ бойынша жүйелі орталықтанған өңделген көрсеткіштердің жеткіліксіздігінен білім берудегі интеграциялау үрдісінің нәтижелері жөнінде өте аз белгілі. Бұл тәжірибелерден көретініміз шет елдерде инклюзивті білім беру мәселесі біздің елге қарағанда едәуір жолға қойылған. Бұл елдерде инклюзивті білім беру XX ғасырдың 70 жылдарынан басталған, ал біздің елде екінші мыңжылдықтың басында ғана қолға алына бастады. Европа елдерін алатын болсақ, инклюзивті білім беру көптеген мәселелерді шешкен. Бұл елдерде мүгедек балаларға жалпы білім беретін мектептерде қосымша көмек жолдары ұсынылған.[7]