Тақырып 10. Инклюзивті білім беруде жұмыс істеу үшін педагогтардың кәсіби құзыреттілігі. 1.Инклюзивті білім беру жағдайында педагогтың кәсіби құзыреттілігі туралы түсінік......................................................................................................105
2.Инклюзивті білім беруде мұғалім мен әр түрлі мамандардың қызметтік міндеттері.............................................................................................................109
3.Педагогтар мен мамандардың пәнаралық өзара әрекеттестігі..............110
Ұсынылған әдебиеттер тізімі..........................................................................113
Кіріспе
Инклюзивті оқытудың базалық құқық құжаты дамуында қандай да бір ауытқуы бар балаларға нәтижелі көмек құруға, оларды оқыту, тәрбиелеу, еңбекке және мамандыққа даярлау, бала мүгедектігін сауықтыруға бағытталған Қазақстан Республикасының мүмкіндіктері шектеулі балаларды «Әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзетімді қолдау» заңы болып отыр. Қазақстанда және де басқа ТМД мемлекеттерінде бұл процестің құқықтық, ғылыми, оқу-әдістемелік, тәжірибелі мамандармен жетік қамтамасыз етілуі қарастырылмаған. Сондықтан, барлық курсанттарды жалпы білім беру процестеріне толық енгізу және әлеуметтік бейімделуге, жасына, жынысына, шығу тегіне, дініне, экономикалық статусына қарамай, балаларды айыратын кедергілерді жоюға; отбасыларын белсенді қатыстыру, баланың дұрыс дамуына педагогикалық және әлеуметтік қажеттіліктерін арнайы қолдау, баланың ғана емес, ортаның балалардың жеке ерекшелігіне және білімдік қажеттіліктеріне бейімделуі, яғни, жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат.
«Жалпыға бірдей білім» қозғалысы ЮНЕСКО-ның қолдауымен 1990 жылы «Жалпыға бірдей білім» Халықаралық конференциясында туындады (Джомтьен, Таиланд). Екі он жылдық даму кезеңінде қозғалыс кең мағынада өріс алды: барлығына бірдей әртүрлі деңгейде және бүкіл өмір бойына білім беру.
ХХ ғасырдың аяғында әлемнің көптеген дамыған елдерінде (АҚШ, Ұлыбритания, Швеция, Германия, Италия, Скандинав елдері) денсаулығында мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беруде балабақшаларда негізгі мектептер мен топтарда түзету сыныптарын құруды көздейтін инклюзивті білім беру жетекші стратегия болып табылады. Алайда, даму мүмкіндігі шектеулі балалардың сыныптар мен топтарын іріктеу осы балалардың мектеп және балабақшаның қоғамдық өмірінен бөліп тастауға әкеледі, және байланыс және балалардың өзара іс-әрекеті мен қарым қатынасында белгілі бір кедергілер жасайды.
Сондықтан, интеграциядан мүмкіндігі шектеулі балаларды (бұдан әрі - МШБ) бірлесіп оқыту және тәрбиелеуді енгізу - инклюзияға көшті. «Инклюзия» «қосу» термині 1994 жылы ерекше қажеттіліктері бар тұлғалардың білім беру саласындағы принциптері, саясат және практикалық қызмет туралы Саламанка декларациясымен енгізілді. Инклюзия (ағылшынша inclusion) – енгізу, қосу, қосымша, байланыстыру. Инклюзив - сөзі латын тілінен аударғанда «өзімді қосқанда» ал, ағылшын тілінен аударғанда «араластырамын» деген мағынаны білдіреді. Инклюзивті білім беру мақсаты - дәйекті мектепке дейінгі білім беру, денсаулық сақтау және түзеу бағдарламаларымен балаларды қамтуды ұлғайту арқылы білім беру саласында балаларға арналған тең бастапқы мүмкіндіктерін қамтамасыз ету; Мүмкіндігі шектеулі баланың жеке білім беру бағдарламасын табысты жүзеге асыру үшін (класс) тобының ұйымдастыру.