Дәріс мақсаты: Мәдениет морфологиясын, мәдениет тілін қарастыру Қарастырылатын сұрақтар


Мәдениет - белгілі бір халықтың қол жеткен табыстары мен шығармышылығының жиынтығы; Мәдениет



бет2/6
Дата22.11.2023
өлшемі57,63 Kb.
#125095
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
1 (1)

Мәдениетбелгілі бір халықтың қол жеткен табыстары мен шығармышылығының жиынтығы;
Мәдениет - адамзат қауымының белгілі бір тарихи кеңістіктегі қызметі мен өзіндік ерекшеліктері палеолит мәдениеті, крит микены мәдениеті, қазақ мәдениеті т.б.
Мәдениет - адамдардың іс әрекеті белгілі бір саланың жетілуі деңгейі сөйлеу мәдениеті, еңбек мәдениеті, құқық мәдениеті т.б.
Агромәдениет дәнді өсімдіктер мәдениеті, цитрустық мәдениет т.б.
Мәдениет ұғымын алғашқы рет ғылыми тұрғыдан анықтауға тырысқандар философтар болды.
18 ғасырда ағартушылық кезеңіне дейін, басты құндылық «адам мен оның ақыл ойы» деген қағида жүзеге асқанға дейін «мәдениет» сөзі белгілі бір мойындалған термин ретінде қолданылмады, бар болғаны жаңа ұғымдарды синонимі ретінде ғана пайдаланды. Осыны дәлелдеу үшін «мәдениет» ұғымын талдауды көне заманнан бастағанды жөн көрдік. Бұл терминнің алғашқы мағынасы жер анамен, оны өңдеп баптауымен тығыз байланысты болды.
«Мәдениет» ұғымы жерді жырту, бау бақшаны өңдеу, өсімдіктер мен жануарлар дүниесімен, егіншілік пен ауыл шаруашылығымен тығыз байланысты.
«Мәдениет» ұғымынның тәрбие мен біліммен байланыстылығының тамыры да сонау көне заманда жатыр. Білімсіз және тәрбиесіз адам еш уақытта мәдениетті бола алмайтыны ақиқат, ендеше білім мен тәрбие барлық халықтар мәдениетінің қайнар бұлағы болып табылады. Мәдениет сөзі «құрмет тұту, сыйлау, құрметтеу, табынушылық» деген мағыналарға ие. Осылардың ішіндегі ең бастысы діни табынушылық.
Көне замандағы адамдар әр уақытта да құдайлар қоршауында болды, олардың санасынан құдайлар берік орын алды. Үйде де, түзде де құдайлар адамдармен бірге болды оларды жебеп, қорғап отырды. Құдайлар қалаларда тұрды, қала заңдары мен қала азаматтарын бәле жаладан қорғады. Сондықтан эллинист Макс Поленц полистік патриотизмді ерекше дәріптейді.
Полис - дегеніміз шағын ғана халқы бар қала, ал қала тұрғындары сол қаланың азаматтары болып саналады. Олар өз қаласының заңына бағынды, қаланы сыртқы жаулардан қорғады, қажетті азаматтық міндеттері мен борыштарын мүлтіксіз орындап отырды. Мұндай қалаларда мәдениет әрі тәрбие беруді, әрі діни табынушылықты, әрі жер өңдеуді де білдірген. Осындай үйлесімділік көне полистерде қала азаматтарының азамат болып қалыптасуына ерекше ықпал жасады.
Гректер бұл процесті «пайдейя» (бала) деген ұғым арқылы берген. Бұл термин тәрбиелеу, оқыту деген ұғыммен қатар, кең мағынада білім беру, білімділік, ағартушылық, мәдениет деген мағыналарға ие болған. Адамға деген мұндай қамқорлықта сөзсіз гуманистік құндылық бар, оның негізінде мәдени процестердің мақсаты үшін күресетін адам идеалы жатыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет