Тақырып 1. Мәдениет морфологиясы. Мәдениет тілі.
Дәріс мақсаты: Мәдениет морфологиясын, мәдениет тілін қарастыру
Қарастырылатын сұрақтар: 1. Мәдениет түсінігінің қалыптасу тарихы: мәдениеттің мәнін және қызметін анықтау ыңғайларының көптүрлілігі.
2. Мәдениетті аксиологиялық, өркениеттік, құрылымдық, антропологиялық, экономикалық түсіндіру.
3. Мәдениет белгілер мен мәндер әлемі ретінде. Мәдениетті ақпараттық-семиотикалық түсіну.
Әдебиеттер 2,11,12,13 Мәдениет (латын cuItura өңдеу, егу деген сөзден шыққан). Мәдениет адам жасағанәлем сияқты «екінші табиғат». Мәдениет адамдардың өмір сүрген ортасымен қарым-қатынасы. Қарым қатынас нәтижесінде қалып тасқан ерекше құбылыс. Мәдениет әр түрлі әлеуметтік құрылым, топтардың, жіктердің, ұлттардың, жеке адамдардың өмір сүруі жағдайына сәйкес болып қалыптасады. Қоғамда адам тілегінен тыс мәдениет қалыптаспайды. Мәдениеттің дамуы қоғамды ілгері жылжытады. Мәдениетке бірден бір ой бөлген Абай Құнанбаев. Сократ, Спенсер, Белинский, Чернышевский сияқты ойшылдар.
Мәдениеттану жеке пән ретінде ХІХ ғасырдың соңғы ширегінде қалыптаса бастады, сондықтан да оны әлі де болса да буыны бекімеген жас ғылымдар саласына жатқызамыз. Мәдениеттану мәдениет туралы ғылым, сонымен қатар философиялық ілім, өйткені ол философияның басты саласы мәдениет философиясын қамтиды. Қазіргі кезеңдегі материалдық және материалдық емес өндіріс орындары еңбекке қабілетті, технологиялық мәдениетті игерген адамдарды қажет етеді. Осыған орай, соңғы кездері педагогикалық құжаттардағы «технологиялық мәдениет», «еңбек мәдениеті» ұғымдарының мәнін көпшіліктің дұрыс түсінуі қажетті шарт болып табылады.
«Мәдениет дегеніміз не?» деген сұраққа жауап беру үшін, бұл сөздің этимологиясына, яғни осы бір күрделі ұғымды білдіретін сөздің шығуына тоқталуымыз керек.
Қазақ тілінде бұл термин арабтың «маданият» қала, қалалық деген сөзінен енген. Бұл ортағасырлардағы мұсылман мәдениетінің өркендеу кезеңінде қалыптасқан түсінікпен байланысты. Мәдениетке берілген көптеген анықтамаларды альтернативтік (қарсы қоюшылық) деп атауға болады. Бұл жерде алдымен көзге түсетіні мәдениет пен табиғатты, «культура» мен «натураны» қарсы қоюшылық.
Көне заманда «культура» деген ұғым «жерді өңдеу» деген мағына берген. Цицерон еңбектерінде б.з.д. 45 ж. Бұл сөздің мағынасы тереңдеп, «жанды жетілдіру» деген ұғымды білдірді. Уақыт өткен сайын еуропалық тілдерде мәдениет сөзі «білім беру», «даму», «қабілеттілік», «құрметтеу» сияқты мағыналарға ие болды.
Қазіргі заманғы сөздіктерде мәдениетке төмендегідей анықтамалар берілген: