жұмыс беруші — басшысы (əкімшілігі) таныстыратын ұйым (заңды тұлға), немесе жұмысшы еңбек қарым-қатынасына тұратын жеке тұлға;
қызметкер —еңбек шарты (келісім-шарт) негізінде ұйымда жұмыс істейтін жеке тұлға;
■ ұйым — меншік жəне бағыну формасына қарамастан кəсіпорын, мекеме не басқа заңды тұлға
Техника қауіпсіздік ережелері
Өндірістегі өрттердің негізгі себептеріне құрал-жабдықтардың технологиялық жұмыс тәртібінің бұзылуы, электр жабдықтарының ақаулылығы, жабдықтардың жөндеу жұмыстарына нашар дайындылығы, әртүрлі материалдардың өздігінен жануы және т.б. жатады.
Жарылыс кезінде өртті болдырмау үшін ыстық жанғыш, жарылысқа қауіпті ортаның пайда болуына мүмкіндік бермей, оталдыру көзінің пайда болуына кедергі жасау керек.
Құрылыстық-жобалау шаралары ғимараттар мен құрылыстардың отқа төзімділігімен анықталады (конструкция материалдары жанғыш, қиын жанатын, жанбайтын болып бөлінеді). Отқа төзімділік шегі дегеніміз – бұл оттың әсерінен құрылыс конструкцияларының бірінші сызат пайда болғанға дейінгі шыдайтын уақыт интервалы. Барлық құрылыс конструкциялары отқа төзімділік шегі бойынша 8 деңгейге бөлінеді. Ғимараттардың отқа төзімділік деңгейіне байланысты өрт кезінде эвакуациялау үшін шығатын жерлерге дейінгі қашықтықтар белгіленеді.
Техникалық шараларына мыналар кіреді:
- өмірге қажетті жүйелерді (жылу, жарықтандыру, вентиляция т.б.) орнатқан кездерде өрт қауіпсіздігі нормаларын сақтау;