Дәріс мақсаты: Студенттерге Еңбекті қорғау пәнін түсіндіру, еңбекті қорғау саласының міндеті мен қағидаларын оқытып үйрету. Дәріс мәтіні



бет3/15
Дата22.06.2023
өлшемі68,28 Kb.
#103011
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
енбек кешен

Еңбек процесі – бұл белгілі бір өндірістік тапсырманы орындау мақсатында жүзеге асатын әрекеттер жиынтығы. Еңбек өнімділігі көбінесе еңбек процесін ұйымдастыруға, орындаушы жұмыс жасайтын жағдайларға тәуелді болады. Мұндай жағдайлар дегенде жұмыс орнын ұйымдастырудың ұтымдылығы мен анықтылығын; оны барлық қажеттіліктермен (шикізатпен, энергиямен және т.б.) қамтамасыз етуді; еңбек процесін дұрыс ұйымдастыруды; жұмыс пен демалыстың ұтымды режимдерін белгілеуді; кезекті жұмысты дұрыс ұйымдастыруды; қолайлы өндірістік қолайлы жағдайды қалыптастыруды; еңбек тәртібін нығайтуды түсінеді.
Құрал-жабдықтармен жабдықталған және белгілі бір жұмыстарды орындау үшін бір жұмысшымен немесе жұмысшылар тобымен қолданылатын өндірістік ауданның шектеулі учаскесін жұмыс орны деп атайды.
Жұмыс орны стационарлық, маршруттық, жылжымалы бола алады. Қызмет көрсету сипаты бойынша жұмыс орындары аппараттық, машина-қолдық және қолдық болады; қызмет көрсетілетін қондырғылар саны бойынша– бір агрегатты және көп агрегатты; мамандану дәрежесі бойынша – маманданған және универсал; шоғырлану дәрежесі бойынша – жеке және бригадалық.
Мұнай өндірісіндегі негізгі жұмыс орны ұңғылардың жұмысы мен жағдайына жауап беретін жұмысшыларға бекітілген ұңғылар тобы орналасқан аумақ болып табылады. Әрбір ұңғыда өндірістік операциялардың арнаулы бір түрлері орындалады. Олардың қатарына технологиялық режимді реттеу, әртүрлі жөндеу түрлері, ұңғы бойынша зерттеу жұмыстары және т.б. жатады. Осылайша, мұнай өндірісіндегі жұмыс орны – универсал, мұнда жұмыс орындарының мамандануы орын алмайды.
Бұрғылаудағы негізгі жұмыс орны – бұрғылау аумағы және оның маңындағы учаскелер де – универсал.
Жұмыс орнын ұйымдастыру оның материалдық жабдықталуын тұрақты жетілдіруді, материалдық құралдарды кеңістікте мақсатты бағытта орналастыруды білдіреді. Жұмыстың қолайлылығы мен қауіпсіздігі, құралдардың қалқанда ұтымды орналасуы назардан тыс қалмауы үшін, ал бақылаудың артық салмақ әкелмеуі үшін; тәртіпті сақтау үшін; санитарлық-гигиеналық және қауіпсіз еңбек жағдайларын (ауаның қалыпты температурасы, оның тазалығы, жарықпен қамтамасыз етілуі және т.б.) қамтамасыз ету үшін қажет.
Жұмыс орнын жоспарлау адамның физиологиялық ерекшеліктерін ескеруі тиіс және артық қозғалыстар толық жойылып, еңбектің қиындығы төмендейтін еңбек процесін ұйымдастыруды қамтамасыз етуі қажет. Жабдықтардың дұрыс орналасуы, еңбек заттары мен қабырғалардың түсі нервтік қиындықты жоюға ықпал етуі тиіс. Жабдықтың орналасуы оның қызмет көрсетуіне ыңғайлы болып, жұмысшы қозғалысының ең қысқа маршруттарын қарастыруы қажет.
Еңбек процесін ұйымдастырғанда ұтымды еңбек әдістері мен тәсілдерін өңдеуге, мысалы, еңбек тәсілдерін орындау ретіне, еңбек процесі мен жабдық жұмысының синхронизациясына баса назар аудару керек.
Осылайша, мұнай өндірісінде ұңғыларға қызмет көрсетуді ұтымды ұйымдастыру үшін ұңғыдан ұңғыға көшу, яғни ұңғыларды белгілі бір маршрутпен жүріп өту талап етіледі. Ұңғыларды жүріп өту маршруты қызмет көрсетудің равномер-тьын және ұңғы жұмысының үздіксіздігін қамтамасыз ету қажет. Ұңғыларды жүріп өтудің айналма және бұталы маршруттары орын алады
1.3.Техника қауіпсіздік ережелерін сақтаудағы міндеттер мен жауапкершіліктер.
Еңбек қауіпсіздігі саласындағы ұғымдарды білдіретін негізгі терминдерге мыналар жатады:


еңбекті қорғау — құқықтық, əлеуметтік-экономикалық, ұйымдастыру-техникалық, санитариялық-гигиеналық, емдеу профилактикалық, оңалту жəне өзге де іс-шараларды қамтитын еңбек қызметінде жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығын сақтау жүйесі;


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет