еңбек жағдайлары — жұмыскердің жұмысқа қабілеттілігі мен денсаулығына əсер ететін өндірістік орта мен еңбек процесінің факторлар жиынтығы;
зиянды өндірістік фактор — өндірістік фактор, оның жұмыскерге əсері ауруға əкелуі мүмкін;
қауіпті өндірістік фактор— өндірістік фактор, оның жұмыскерге əсері жарақатқа əкелуі мүмкін;
қауіпті аймақ — қауіпті жəне (немесе) зиянды өндірістік фактордың адамға əсер етуі мүмкін кеңістік;
қауіпсіз еңбек жағдайлары — жұмыскерлерге зиянды немесе қауіпті өндірістік факторлардың əсер ету деңгейлері не нəтижелері белгіленген нормативтерден аспайтын еңбек жағдайлары;
өндірістегі жазатайым оқиға — жұмысшыға қауіпті өндірістік фактор əсер етуімен байланысты болған жағдай;
жұмыс аймағы — еңбек қызметі процесінде жұмыс істейтіндердің тұрақты немесе уақытша болатын орны орналасқан еден немесе алаңдар деңгейінен 2 м дейінгі биіктіктегі кеңістік;
жұмыс орны — жұмыс беруші тікелей немесе жанама түрде бақылайтын, жұмыскер болуы тиіс немесе оның жұмысымен байланысты баруы қажет орын;
тұрақты жұмыс орны — жұмыс жасаушы жұмыс уақытының көп бөлігінде болатын орын (50%-дан жоғары немесе үздіксіз 2 сағаттан астам); егер жұмыс аймағының əр түрлі пункттерінде жұмыс жүзеге асса, онда тұрақты жұмыс орны болып барлық аймақ саналады;
өндірістік аумақ — салынып жатқан немесе қолданыстағы ғимараттар мен құрылыстар орналасқан құрылыс немесе өндірістік қызметті жүзеге асыру үшін бөлінген аумақ,
өндірістік санитария — жұмыс жасаушыларға зиянды өндірістік факторлардың ықпалын болдырмайтын ұйымдастырушылық, гигиеналық жəне санитариялық-техникалық іс-шаралар
мен құралдар жүйесі;
қауіпсіздік техникасы — жұмыс жасаушыларға қауіпті өндірістік факторлардың əсерін болдырмайтын ұйымдастырушылық жəне техникалық іс-шаралар мен құралдар жүйесі;
өрт қауіпсіздігі — өрт болу мүмкіндігін қоспағандағы объектінің күйі, ал ол пайда болу жағдайда адамдарға қауіпті факторларының əсер етуін алдын алады жəне материалдық құндылықтарды қорғайды;