Демографиялық геноцид. Белгілі демограф Мақаш Тәтімовтың есептеуі бойынша, тоталитарлық жүйе кезінде қазақтар шетелдерге біржолата көшіп кеткендерін қоса санағанда 4,5 миллион адамынан айырылған, яғни бүкіл халықтың үштен екісін жоғалтқан. “Проценттік қатынаста, – дейді М.Тәтімов, – Қазақсатан қасіреті Батыс Армения қасіретінен, Еуропадағы фашизмнің еврейлерді жоюынан, Камбоджадағы зұлматтан да асып түсті”. (Демографиялық кескін – Қазақ, 66-67 бет.)
Этномәдени экспансия. Патшалық Ресей империясы бастаған миграциялық саясатты Кеңес үкіметі де дәйекті жүргізді. Геноцид нәтижесінде қаңырап қалған бос қалған кең дала келімсектермен толтырылды. ХІХ ғасырдыңортасында өз жерінде 92 процентін құраған жергілікті ұлт өкілдері 1959 жылғы санақ бойынша 29 процентке дейін төмендеді. Мұның өзі 1916 жылғы қырғынның, азамат соғысыныңФ.Голощекин жүргізген “Кіші Октябрь” саясатының, 30-жылдарындағы аштықтың тың және тыңыаған жерлерді игеруге сырттан 100 мыңдаған бөгделердің келуінің салдары екені белгілі. Этномәдени экспансия: “феодализмнен социализмге бірден секіру” үшін аймақты индустрияландыру қажет, ал бұрынғы көшпелілер техникаға жетік емес, сондықтан орталық аудандардан кәсібилерді шақыру керек дегенді желеу өткен. Мигранттардың көптеп көшіп келуі қазақтардың дәстүрлі мәдениетін шайқалтып, оның өрісін тарылтты. Әрине, этномәдени экспансияның жағымды жақтары да болады (білімділік деңгейінің көтерілуі, экономикалық даму, мәдени диалог, т.б.). Алайда таразыныңекі басы тең емес еді.
Қазақ кеңес мәдениеті туралы әңгіме еткенде оның тарихи ерекшеліктері мен өзіндік белгілеріне тоқталып өткен жөн. Егер бұрынғы қазақ мәдениетін дәстүрлік өркениет деп бағаласақ, онда тоталитарлық жүйе де ұлттық негіздерді жойып жіберуге бағытталған большевиктік шараларды ескеру керек. “Тағдыры ортақ жаңа қауым”, “тарихта бұрын болмаған адамдардың жоғарғы бірлестігі – кеңес халқы”, сондай-ақ, “мазмұны пролетарлық және түрі ұлттық социалистік мәдениет” ұрандарын басшылыққа алған идеологтар мен саясатшылар рухани мәдениеттің тамырына балта шапты. Ерте заманның өзінде атақты Аристотель мазмұн мен форманың бірлігін дәлелдесе, революционер, марксистер мәдениеттегі ұлттық мазмұнды бекерге шығарды.
Шын мәнінде, ең алдымен, мәдени туындының мазмұны ұлттық болып табылады. Өйткені мәдени қайраткерлер өз шығармашылығында нақтылы ұлттық көкейтесті мәселелерді көтереді; қандай абстрактылы шығарма болғанымен, оның тамыры этностық фольклордан, халықтық педагогика, этика, дүниетанымынан нәр алады. Жоғарыдағы “социалистік” мазмұнды көмкерген ұлттық форманы Сталин тек тілге әкеп тіреген. Олай болса, өз ұлтының тарих-талғамын орыс тілінде жазған Ш.Айтматов пен О.Сүлейменовты қалайша ұлттық мәдениеттен аластаймыз.
Әдеби тілден басқа әр этностың өзіндік рәміздері, таңбалары, музыка, театр, көркемөнер тілі бар.
Әр этностың төлтума мәдениетіне үлкен нұсқан келтірген большевиктік “тәжірибелердің” бірі – ұлтаралық некелесуді дәріптеу. Әрине, табиғи-тарихи жағдайларда бұл – прогрессивті процесс, дүниежүзілік мәдени сұхбаттасу ағынының бір бұлағы. Әртүрлі этностардың, тіпті нәсілдердің араласуы нәтижесінде қазіргі әлемде көрнекті роль атқаратын американдар, бразилиялықтар, мексикандар, үнділер сияқты халыхтар қалыптасты. Этнобиологиялық және этноинтеграциялық тұтастануды оқшаулану деп түсінудің ауылы ақиқаттан алыс.
Алайда Кеңес Одағында бұл процесс өтемділікпен жүргізіліп, империядағы басқа халықтарды орналастыру саясатында өтті. Саяси-идеологиялық ұрандардың желеуімен 200-ден астам этностар аралатырылып жіберілді. “Нәтижесінде жүзге тарта төлтума мәдениет мәңгілік жоқ болып, жұмыр жердің мәдени-рухани болмысы солғын тартты. Осынау жойқынды жойдасыз қасіреттің орнында мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан төлтума мәдениетін әбден таптап, химералық күйге жеткен 300 миллион тобыр қалды; басқа ұлтпен некелескен 60 миллион дүбара қалды; 60 мың тірі жетім балалар қалды (тіркеуге алынғаны ғана); абақтының тұрақты тұрғындарының саны 20 миллионға жетті”. Шын мәнінде, Кеңес Одағы маргиналдар қоғамына айналды.
Әр ұлттың мәдени архетиптерін шайқалту Кеңес Одағында мемлекеттік сасат дәрежесінде нысаналы түрде жүргізілді. Мысалы, 1951 жылы Орталық мұсылман халықтарының “Деде Қорқыт”, “Алпамыс”, “Манас”, “Ерсайын”, “Шорабатыр”, “Қобыланды” сияқты эпостарын діншіл және ақсүйектік деп жариялап, оларға тиым салды. Халықтық мәдениетті қудалаудың сорақы бір көрінісі – домбыраны феодализмге апарып тіркеуі.
Тоталитарлық жүйенің мәдениет саласында жүргізген саясатты тек кеңестік ұлттарды “тазалаумен” шектелген жоқ. “Жаңа коммунитсік мәдениетті қалыптастыру” дегенді басшылыққа партократия дүниежүзілік озық мәдениет үлгілеріне тосқауыл жасады. Белгілі “темір пердемен” қоршалып қойған КСРО-да таза пролетарлық мәдениет дәріптелді; бүкіл Батыс – буржуазиялық, ал Шығыс – ескішіл феодалдық деп жарияланды. Мұның бір дәлелі – Отан соғысынан кейін сталинизмнің жүргізген шаралары. “Космополиттік мәдениет”, “имперализм ықпалдарына түскен” ғылымдар қатарына кибернетика, генетика, тілтану т.б. қойылды.
Қорытып айтқанда, большевиктік “мәдени революция” Жер шарының 1/6 бөлігінде “кеңес адам” атты, бұрын-соңды болмаған, адамдардың айрықша түрін қалыптастыруға бағытталды. Бұл туралы Шыңғыс Айтматов шеберлікпен суреттеген мәңгүрт бейнесін еске алайық. Тарихи дәстүрден мүлдем айырылған, тіпті өз анасын өлтіруге дайын мәңгүрттер қаптап кетті. Жас жеткіншектерге үлгі ретінде ұсынылған Павлик Морозов өз әкесін сатқан адам.
Әрине, ширек ғсаырға созылған бүкіл осы кезеңді тек қара бояумен суреттеуден аулақпыз. Қазақстанда кеңес өкіметі жылдарында мәдени салада едәуір жетістіктер де болды. Партия саясатын түсіну үшін елге “көзі ашық”, сауатты азаматтар керек еді. Ресей сияқты бұрын негізінен сауатсыз империяда халыққа білім беру жүйесі бірталай табыстарға жетті. Әрбір одақтық республика өз Ғылым Академияларына, мемлекеттік университеттеріне, институттарына ие болды. Жоғары басқару жүйелері негізінен орыстарға сүйенгенімен “жергілікті ұлт өкілдеріне” мұқтаж еді. Олрады даярлау Ресейдің орталық аудандарында жүргізілді. Мұның нәтижесінде көптеген ұлт өкілдерінің еуроаплық мәдениет және білімге қолдары жетті.
Баспасөз, газет-журналдар шығару, радио хабарларын тарату, теледидар кезінде “от арба”, “сиқырлы машина” деп жүретін ауыл тұрғындарына жете бастады. Қазақстанның мәдени өмірінде ұлттық опера, балет, драма, симфониялар пайда болып, ауқымы кеңи түсті. Қазақ бұлбұлы Күләш Байсейітова, шебер биші Шара, кәсіпқой сахна жұлдыздары Серке Қожамқұлов, Қалибек Қуанышбаев, Шәкен Айманов т.б. өз өнерлерімен халық дәстүрін жаңа заманға лайықты жалғастыра білді.
ХІХ ғасырдың ортасынан кейін қалыптаса бастаған жазба әдебиеті де кеңес Өкіметі жылдарында біршама табыстарға жетті. Сәкен Сейфуллин, Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов, Бейімбет Майлин, Мұқағали Мақатаев сияқты көптеген ақын-жазушылар, социалистік реализм мен тап үкресі идеологиясының шеңберінен шығып, өз шығармаларында халықтың көңіл-күйін, арман-тілегін, тыныс-тіршілігін шебер суреттей білді.
Осы жылдары қазақ халқының мәдени тарихын зерттеп-білуге бағыттылған біршама әрекеттер жасалды. Бұл ретте қазақ эпосының негізінде көрермендерге ұсынылған “Қыз Жібек”, “Айман – Шолапн”, “Қозы Көрпеш – Баян сұлу”, “Ер тарғын”, “Қалқаман – Мамыр” сияқты опера, көркем фильм, балеттерді атап өтуге болады.
Тарихи ескерткіштерді қорғау,сақтау, Қазақстан тарихиын көрсету мақсаттарында республикада көптеген мұражайлар ұйымдастырылды. 80-жылдарда республикада 47 мұражай, оның ішінде 29 өлкетану, 5 тарихи мемориалдық, 4 әдеби-мемориалдық, 4 өнертану, 1 этнографиялық музей жұмыс істеді.
Алайда тоталитарлық жүйе Қазақстан халықтарының мәдени толысуына ынталы емес еді. Мұны, әсіресе, мәдениеттің өзегі мен дінге байланысты жүргізілген саясаттан көруге болады. “Феодализм мен алғашқы қауымдық құрылыс қалдықтарымен күресуді” желеу еткен Орталық 20-жылдардан бастап мешіт пен медресе мүлкін тәркілеп, діни өкілдерді қуғынға ұшыратты. Ондаған түрік халықтары алдымен латын, кейін славян алфавитіне көшірілді. 1927 – 1928 жылдары билер соты жойылып, дәстүрлік заңдар жарамсыз деп жарияланды. Мәдениеттің таза партиялылығын жоғарыдан бақылаушы ұйымдыр қатты қадағалап отырды. Баслит (цензура) мен Басрепертком баспасөз бен театрларда социализм идеяларына сәйкес келмейтін шығармаларға тыйым салды.
1991 жылдан бастап Қазақстан – тәуелсіз мемлекет. Ата заң бойынша, ол қазақ халқының өзін-өзі билейтін елі және басқа этникалық топтпрға тең құқықтықты қамтамасыз етеді. Екі ғасырдан артық қилы заман бұғалығын басынан өткізген ел ғанатән мәдениет пен өркениетті қалыптастыруға мүмкіндік алды.
Бақылау сұрақтары:
ХХ ғасырда қазақ мәдениетінің дамуы.
Қазақ мәдениетінде идея – жанның мәңгілігін түсіндіріңіз.