Дәріс Мәдениет морфологиясы


Дәріс 13. Жаһандану аясындағы қазақ мәдениеті



бет35/40
Дата18.10.2023
өлшемі311,18 Kb.
#117883
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40
Байланысты:
МӘДЕНИЕТТАНУ ДӘРІСТЕР

Дәріс 13. Жаһандану аясындағы қазақ мәдениеті.


1. Ақпараттық мəдениет пен жаһанданудың алғышарттары.
Ұлт мәдениеті.
2. Қазіргі заман мәдениетіндегі Бақ-тың орны және бұқаралық мәдениет.

1. Ақпараттық мəдениет ақпараттық қоғамға тəн мəдениет екендігі көп дəлелді қажет ете қоймас. Ал ақпараттық қоғам туралы алдыңғы тарауда кеңінен тоқталғандықтан, ақпараттық мəдениеттің сипаттамаларының сол ақпараттық қоғам сипатта- маларынан туындайтындығын ескере отырып, қайталап жатуды жөнсіз деп білемін.


Ендігі жерде ақпараттық мəдениеттің жаһандану үрдіс-терімен етене тығыз байланыстылығын есте ұстай отырып, осы жаһандану үрдістеріне кеңірек тоқталған дұрыс.
Қай тарихи-мəдени кезеңнің болмасын өзіндік бір бет- бейнесін танытатын басым идеологиялық сарыны, парадигмасы болады. Соңғы ұғым – парадигмаға келетін болсақ, оны ғылыми қолданысқа енгізген Т. Кун еді. Кунның түсінігінше, парадигма – ғылыми қауымдастық қабылдаған жəне ғылыми дəстүрдің өмір сүруін қамтамасыз ететін сенімдер, құндылықтар жəне техникалық дəстүрлер жиынтығы. Ғылыми аядан тысқары жерде де парадигма ұғымы кең қолданысқа түсіп жүр. Жалпы, кең мағынасында, парадигма нақты тарихи-мəдени кезеңнің ділдік (ментальдық) өзегін білдіреді. Басқашалап тағы біранықтап жіберсек, парадигма деп заманауи сананың паттент- терін (үлгі-бейнесін) айтамыз
Босағаны енді аттап өткен ХХІ ғасырдың парадигмалық идеясы, бəлкім, жаһандану болмақ. Аты айтып тұрғандай, жаһандану қандай да болмасын процестің, іс-əрекет барысының немесе мəдени-əлеуметтік феноменнің, құбылыстың бір ғана ұлт, халық, мемлекет, өркениет немесе континент шеңберімен шектелмей, бүкіл планеталық – жұмыр жерлік, бүкіл жаһандық деңгейде көрініс тауып, маңызға ие болуын танытатын ұғым. Жаһандану – процесі орын алып отырған, əлі тəмамдалмаған іс. “Жаһандану” бүкіл жер жүзіне жайылу, тарамдалу деген мағынаны да, əлемдік көптүрлі көпшілік қауымның біртұтас адамзаттық мəдениет қалыптастыру екпініне ілесу, ғаламдану деген мағынаны да өз бойына сыйдыраалады.
Бүкіл əлемде бір түрлі мəдени үлгілердің таралуы, мəдени ықпалға шекараны ашу жəне кеңейіп келе жатқан мəдени қарым-қатынас қазіргі мəдениеттегі жаһандану туралы айтуды қажет етеді. Қаржы-қаражат, идеялар мен адамдар бұрын болмаған ұтқырлық, шапшаңдық танытып отырған кездегі экономикалық байланыстар мен коммуникация құралдарының күрт дамуының негізінде жеке этникалық мəдениеттердің бір əлемдік мəдениет типін қалыптастыруға бет бұруын мəдени жаһандану процесі деп түсінуге болады. Бірақ мəдениет қандай да бір абсолютті ортақ критерилерге сай келмейтіндігі əу бастан белгілі жай. Əр халықтың мəдениеті өз алдына, сондықтан да ол туралы дəл бағаны беру тек сол мəдениет шекарасында ғана жүзеге аспақ. Бұл əдістемелік көзқарасты мəдени релятивизм дейміз. Əр халық мəдениеті тек сол мəдениеттің өзіндік құндылықтары аясында жəне өзіндік контекстінде ғана толық түсінікке ие болады. Жаһандану сияқты бүкіл əлемді жайлаған процестен туындайтын (əлде, бəлкім сол процесті туындатуға себепші болатын?) “глобализм” термині саясатта болсын, экономикада болсын, жалпы мəдениетте орын алып отырған мəселелерді шешу барысында туындайтын ойлау əдісі де, əрекеттену түрі де десе болады.

Бұл күндері тек қана əлемге əйгілі ғана емес (атауы талап еткендей), сонымен қатар, өзекті болып келе жатқан жаһандану идеясын болсын, глобализм терминін болсын біржақты талдау мүмкін емес. Яғни не бірыңғай жағымды, не бірыңғай жағымсыз процесс, идеология деп кесіп айту қиын. Өйткені, əлемдік тарихта нақты орын алған оқиғалар сарыны глобализмді біржақты дəріптеп жақтаушылар ғана бар деуден аулақ етеді. Күні кеше ғана көз алдымызда “ошағы ортасына түскен” социализмнің жүйе ретінде күйреуі социализмнің ашық жүргізген глобалистік саясатының жасандылығын паш еткендей. Немесе, осы дүниені дүр сілкіндірген АҚШ-тағы қасіретті оқиға (2001 жылғы қыркүйектегі жағдайды меңзеп отырмыз) да антиглобалистер емес, тек əпербақан террористер сұмдығы екендігіне дəлел шамалы шығар… Тіпті терроризм нəтижесі болған күннің өзінде, сол агрессияға бастаған нəрсе – АҚШ-тың глобалистік ынтасына қарсыластық реакциясы емес пе?! Ендеше, жаһандану шым-шытырығы, қалтарысы көп күрделі де жауапты жол таңдау деп түсіндірілсекерек.
Жаһандану идеясының өзіне келетін болсақ, оныңтүп- тамырымен кəрі тарих қойнауында жатқандығын байқаймыз. Айтылуы, аталуы, жүзеге асырылу жолдары жаңаша болып көрінгенімен жаһандану идеясы көне идеялардың бірі.

биік жетістіктерге жетуге бағытталған жеке тұлғаның болсын, адамдар ұжымының болсын, полистердің (көне грек қала- мемлекеттерінің) болсын өзара жарысу принципін айтамыз. Қарапайым тілдегі бір сөзбен топшылар болсақ, агон дегеніміз еркін бəсекелестік. Əлемдік бəсекеде экономикасы, ақша қаражаты, саясаты, қорғаныс қабілеті, техника-технологиясы, көпшілікке ақпарат тарату жүйесі, тілінің пайдалану аясы, ділінің көпке үлгі болу қабілеті жəне т.с.с. көрсеткіштер тұрғысынан қай елдің, мемлекеттің мерейі үстем болса, сол елдің əлем жұртшылығының “қара шаңырағы” рөлін атқарары мəлім. Сонымен, ХХ ғасыр парадигмасы болған социалистік жəне капиталистік жүйелер теке тірестігі жаңа бет пердемен көрінген ғаламдану идеясының бойындағы агондық бастаманың шекті, кернеулі көрінісі ғанаболатын.
Жаһандануға шақыру, бір жағынан, əлемдік бəсекеге шақыру. Ол бəсекеде, Хантингтонның айтуынша, еуропа-амери- кандық немесе батыстық мəдениеттің “мысы” басым болып тұр. Ал қалған жұртшылық, Хантингтонның “Өркениеттер қақты- ғысы: жеңуші мəдени салада айқындалады” атты мақаласында болжанғандай, не батыстық құндылықтар мен əлеуметтік институттарды қабыл алып, Батыстың “жүйрік поезының соңғы тепшегіне жабысады” (біздің мəселе аумағында - жаһанданады), не өздерін Батыс ықпалынан шығарып алу үшін томаға-тұйық- тық, жабықтық стратегиясын ұстанады, не болмаса Батыспен бəсекеге төтеп бере алатын жаңа əлеуметтік-мəдени бірлестік құрады (ол бірлестік те жаһандану моделіне жұмыс істейді, əрине).
Жұмыр жердің тұс-тұсынан жаһандануға қарсы əрекет жаса- лып жатқандығын біз жоққа шығара алмаймыз. Бірі Солтүстік Корея, Иран, Ирак, Пакистан, Афганистан сынды мемлекеттік деңгейде өзіндік томаға-тұйықтыққа бет алып жатса, екіншілері ұжымдық тұрғыда ашықтан ашық қан төгіс, террор жолын таңдап отыр. Олардың қай қайсысының болмасын əрекеттерінің жалпы идеологиясы антиглобализм болмақ.
Жаһандану, екінші тұстан қарағанда, қазіргі заман талабы десе болғандай. Олай деуге бірнешеме себептер де бар. Оларды

төмендегідей сипаттауға болады. Адамзат қол жеткізген ғылыми-техникалық жаңалықтардың нəтижесінде адамдар қарым-қатынасы тез өрбіп, күн өткен сайын кеңейіп келе жатыр. Əлем тарылып (əлем тарылды ма, адамдардың пейілі тарылды ма?!), адамзат бір үйде бас қосқандай… Техногенді өркениеттің бел баласы - бұқаралық ақпарат құралдары бүкіл дүние жүзін өз уысынан шығармай, көздегенін жасатарлық күйде.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет