Адамдар өздерін қоршаған, оның әлеуметтік және мәдени қатынасына әсер етеді,өзгертеді. Олар оны өз мақсатына пайдаланады. Болашақ қоғамға,ұрпаққа мұра етіп қалдырады, ал ол мұра белгілі жағдайда үнемі дамуда болады. Мәдениет әр түрлі әлеуметтік құрылымдардың, топтардың, таптардың, жіктердің, ұлттардың, жеке адамдардың өмір сүру жағдайына, талабына сәйкес пайда болып, қалыптасады. Мысалы: аң аулау, еңбек құралдарын жасау, от жағу,тамақ пісіру, киіну, жарасымды өмір сүру, екінші біреуге ұнау,ортамен қатынаста болу, т.б. Бұл талап тілектер қоғамдық прогреске,өрлеуге тікелей байланыста,әр қоғамдық кезеңде жаңа талап,тілектер пайда болады,өндіріс құралдары дамиды. Мәселен, бір кездерде жазба әдебиеті болмады, соның нәтижесінде фольклор қалыптасты, кейінірек те білімнің қалыптасып, жазудың шығуы жаңа талап қойды.Бүкіл құндылықты, мифті жазып қалдыру талабы пайда болды. Информатика дамыды, оларды микрофон, магнитофон, компьютерге түсіру арқылы мәңгі ету қажеттігі дамыды. Сөйтіп, мәдениет әлеуметтік құрылымдардың, жеке адамның тілегіне,талабына сәйкес қалыптасты. Қоғамда адам тілегінен тыс мәдениет қалыптаспайды. Мәдениет әлеуметтік фактор, қоғамның қозғаушы күші.Мәдениеттің дамуы қоғамды ілгері жылжытады. Жеке адам мәдениеті мен қоғам талабы тікелей байланысты. Адам, оның қызметімен өзара қатынасы бар жерде мәдениет бар. Бірақ материалдық және рухани мәдениетті бір бірінен ажырата білу қажет. Мәдениет материалдық және рухани: бірі материалдық өндірістің, екіншісі рухани өндірістің өнімі деп қаралады. Себебі материалдық және рухани мәдениеттің өнімі деп қаралады. Себебі материалдық және рухани мәдениеттің өнімдері- еңбек құралдары және көркем шығармалар әр түрлі мақсатта пайдаланылады. Олай болса материалдық және рухани мәдениеттің қызметтік ерекшеліктері бар екен. Сонымен қатар бұл екеуі материалдық және рухани мәдениет тұтастыққа ие. Материалдық мәдениетті мәдениетке айналдырған адамның идеясы мен білімі, ал рухани мәдениеттің өнімі материалдық нысанда болады, соның нәтижесінде ол объектіге айналуы мүмкін және қоғамдық өмірдің факторы болып қалады. Сондықтан мәдениетті материалдық және рухани демей –ақ, тұтас бірлікте алып қарауға да болады. Мәселе бұларды ажыратуда емес, бүкіл қоғамның дамуына сәйкес, органикалық бірлігін мойындауда. Өміршең мәдениет қоғамдық адамнан ажыратылмайды, адам- мәдениет субъектісі. Оның адамдық сапасы тілді игерудің нәтижесі, қоғамдық өмір сүретін құндылықтарға, әдет ғұрыпқа ену, осы мәдениетке тән іс әрекеттің дағдысын бойына сіңіруі. Мәдениет адамдықтың өлшемі, ол адамның қоғамдық мән есебінде дамуын сипаттайды. Сондықтан мәдениет адаммен тікелей қатынаста өмір сүреді. Ол қатынастың мәні мынада, адам бұрыннан жасалып келген мәдениетті бойына сіңіреді,қабылдайды, өзінің болашақ қызметінің алғышартына айналдырады. Сөйтіп өз білімін,икемін,қабілетін дамыта отырып, өзінің мәдениетті, адамдық мәнін жасайды. Материалдық мәдениетсіз рухани мәдениет қалыптаспайды. Материалдық және рухани мәдениет тікелей байланысты.Одан шығатын қорытынды, мәдениет-қоғамның материалдық және рухани байлығынығ жиынтығы. Қоғамның материалдық дәрежесі жоғары болған сайын рухани өмір де жоғары болмақ.
1.Мәдениет ұғымы алғашында адамның табиғатқа ықпал етуін, табиғат күштерін бағындырып, өзінің көздеген мақсатына жетуін көрсетуге қолданылады. Мәдениет халықтың мыңдаған жылдар бойндағы шығармашылығын,адамның рухани ізденістерін, халықтың даналығы мен адамгершілік нышандарын жинақтайды. Адамзаттың рухы, келбеті, еркі, бостандығы, тарихи санасы, жады, философиялық жүйелері, рәміздері, өмірлік сабақтары, діні, тілі, ділі, мұраты – бәрі мәдениетпен біте қайнасып жатыр. Мәдениеттің негізгі иегері халық болып табылады. «Мәдениет дегеніміз не?» — деген сұраққа жауап беру үшін бұл сөздің этимологиясына, яғни осы бір күрделі үғымды білдіретін сөздің шығу тегіне тоқталуды жөн көрдік. Қазақ тіліне бұл термин арабтың «маданият» — қала, қалалық деген сөзінен енген. Бұл ортағасырлардағы мұсылман мәдениетінің өркендеу кезеңінде қалыптасқан түсінікпен байланысты. Мәдениетке берілген көптеген анықтамаларды альтернативтік (қарсы қоюшылық) деп атауға болады. Бұл жерде алдымен көзге түсетіні — мәдениет пен табиғатты яғни «культура» мен «натураны» қарсы қоюшылық.
Мәдениеттану ғылым ретінде «культорология» атауымен Еуропада қалыптасқан. Бұл сөздің өзі екі: латын және грек тілдеріндегі екі сөзден құралған. «Культура» сөзі латын тілінде жер айдау, топырақ өңдеу дегенді білдіреді. Ал «логос» сөзі грек тілінен алынған. Ол көп мағыналы: «ғылым», «ілім», «теория» деген ұғымдарды береді. Демек, культорология – мәдениет туралы ілім, теория, ғылым. Мәдениеттану ғылымының қалыптасуында мәдениеттің табиғаты мен мәнін түсіне білу маңызды орын алды. Мәдениет ұғымының даму тарихы мәдениет туралы жан – жақты тұжырымдаманы: марксизмнің еңбек құралы тұжырымдамасын; Н.Я.Данилевскийдің мәдени тарихи тип тұжырымдамасын; мәдениеттің ойын ретіндегі теориясы және басқа тұжырымдамаларын өмірге келтірді. XIX – XX ғасырлар бойында мәдениетті зерттеуде антропологиялық бағыт қалыптасты, онда адам мен мәдениеттің қарым қатынасы басты назарға алынды. Мәдениеттанушылар оның дамуындағы жеті кезеңді бөліп көрсетеді:
Этнографиялық кезеңде (1800-1860) жазуға дейінгі кезеңнің этностық қауымдастықтары зерттелді.
Эволюциялық кезеңде (1860-1890 жылдар ортасы) Э.Б.Тайлор еңбектері басшылыққа алынды.
Тарихи кезең (1890-1920) эмпириялық сипаттама енгізген Ф.Боастың қызметіне байланысты.
Психологиялық кезеңде (1920-1950) М.Мид, Р.Бенедикт сияқты ғалымдар мәдени орта жағдайындағы жеке тұлға мінез құлқын зерттеді.
Құрылымдық функционалдық кезеңге (1930-1950) мәдениеттің әр бөлігі өзінше қызмет атқаратын біртұтас нәрсе деп қарауға ұмтылыс тән болды.
Жаңа эволюциялық кезең (1950-1980) классикалық эволюционизмнің негізгі идеяларын өңдеген түрде қайта тудырды.
Постструктурализмнің ерекщелігі (1980 жылдан бері) анықталмаған, тұрақсыз мәдени құбылыстарға көңіл бөлу болды.
Мәдениет - философия, әлеуметтану, антропология, этнография, т.б. ғалымдардың басты назарында тұрады. Ғалымдардың анықтауынша, мәдениеттің анықтамалары көп