Тақырып 3.
Монғол кезеңіне дейінгі Орталық Азиядағы тҥркі тілдес этностардың
этномәдени интеграциясы кезеңдері.
1. Жазба жҽне археологиялық деректер мҽліметтері. Түркілердің шығу тегі мҽселесі.
2. Түрік қағанатының құрылуы, құрылымы жҽне саяси тарихы.
3. Қарлұқ мемлекетінің саяси тарихы: құрылуы, кҿрші мемлекеттер мен тайпалармен қарым-
қатынастары.
4. Мемлекеттің экономикалық жҽне мҽдени ҿміріндегі қалалардың рҿлі.
Тақырып 4
.
ІХ-ХІІ ғғ. Қазақстанның этносаяси тарихындағы тҥркі факторы.
1. Оғыздардың этникалық тарихының мҽселелері жҽне олардың қазақ халқының
этногенезіндегі рҿлі.
2. Қараханидтер мемлекеттілігі түркі мемлекеттілігі эволюциясының жаңа кезеңі ретінде.
3. Түркілер ҿркениеті жҽне Ұлы жібек жолы.
Сіздердің бүгінгі тыңдайтын лекцияларың Қазақстан тарихының Түрік дҽуіріне
арналады. Лекцияда бұл кезең неге "түрік дҽуірі" деп аталған, түрік тайпалары кімдер,
олардың этникалық құрамы, саяси жҽне экономикалық ахуалы, мемлекеттік құрылымдары
қандай болған деген сұрақтарға жауап іздей тін боламыз.
Түрік атауына біз кҿпке дейін үркіп, абайлап қарауға мҽжбүр болдық. Оның себебі
ғасырлар бойы қалыптасып келген ҽлі де болса ҿктемдігін жоя қоймаған европалық
ықпалды (евроцентризм) жүргізу, ұлы-орыстық, ұлыхандық бағытында жалған ғылым
жасаушылар ойлап тапқан түрікшілдік (пантүркизм), мусылманшылдық (панисламизм),
бҿлежарушы- лық, тұйықтық деген қарғыс атқан саясат болды. Бұл саясаттың қүрбаны
болған Исмайл Гаспирали, ШаҺабатдин Маржани, Ахмет Байтұрсынов, Заки Уалиди,
Тұрар Рысқұлов, Нҽзір Тҿреқұлов сияқты арыстарды атауға болады.
Тіпті 1975 жылы жарық кҿрген Олжас Сүлейменовтың "Аз и Я" шығармасының
найза ұшына ілініп, шиедей талануы бұл кездегі жалаңтҿс жалған ғалымдардың ниет-
пиғылдарын аңғартады. Бұл кезең тарихи шынайылық тұрғысында баяндалмады.
Лекцияда біз аталған олқылықтарды нақты деректер жҽрдемымен жоюға тырысамыз.
VI ғасырдың басында бүгінгі қазақ жерінде аса кұрделі ҿзгерістер болған. Алтай-Сібір,
Моңғолия жерінде түрік тайпаларының үстем тап ҿкілдері бірігіп, ҽскер күшіне сүйенген
Түрік қағанаты атты феодалдық мемлекет құрды. Бұл мемлекет аумағы Шығыс Кореядан
басталып Орта Азияның жерін де толық қамтыды. Бүгінгі Қазақстан территориясы да осы
қағандықтың құрамында болды.
Бұл мемлекет туралы жазба деректер Түрік тайпаларының ҿз тілінде жазылған
"Үлкен Күлтегін", "Кіші Күлтегін", "Тоныкҿк" құлпытастарындағы жазулардан белгілі.
Бұдан біздің білетініміз түркі сҿзінің алғашқы айтылған (542ж.) жҽне пайда болған жері
Моңғолиядағы Орхон ҿзенінің жағасы. Бір тілде сҿйлеп түрік халқы деп аталған оғыз,
қарлұқ, қырғыз, түркеш, үйғыр, қыпшақ сияқты т.б. 30-дан астам ру-тайпалар шығыстан
батысқа қарай жылжып, қҽзіргі қазақ жеріне орын тепкен.
Кҿрсетілген мерзімде Қазақ жерінде бірнеше феодалдық мемлекеттер ҿздерінің
саяси-ҽкімшілік биліктерін жүргізді. Түрік тілдес тайпалар жергілікті тайпалармен
араласып жергілікті-этникалық тайпалардың құрамына енді. Соңында келешектегі
қазақ халқының негізі қаланды.
Түрік ордасының алғашқы қағаны Түмын болған, оған Елхан деген атақ берілген.
Оның бұл атаққа ие болуы, түрік елінің ата жауы болып келген авар қағаны Анағойды
талқандап, оны біржола жеңуінен еді. Міне, осы кезден бастап Түрік қағанаты ҿзінің
саяси билігі жағынан дамыды. Түмынның саяси іс-ҽрекетін оның мүрагерлері Қара-
Еске, Мүқан ( 553-572 жж.) қағандар жалғастырды, ал қағандықтың батысқа қарай
шекарасын кеңейту ісін оның інісі Иштеми жүргізген.
Қытай деректері 555 жылы Иштемидің Орта Азияға қарай жасаған жорықтарының
бірінде Арал теңізіне дейін жеткендігін хабарлайды. Ал ―Күлтегін‖ үлкен жазуында
Мүқан мен Иштеми қағандардың ҿз халқын ―Темір қақпаға‖ дейін орналастырған деген
дерек бар. Мұндағы Темір қақпа деп отырған жері Соғды елі мен Тохарстан елінің
арасындағы Байсүн тауындағы ҿткел. Бұл деректер VI ғасырдың ортасында Түрік
қағанаты Орта Азияның жеріне еркін жеткендігін кҿрсетеді.
Түрік қағанатының күшейіп, саяси жағынан белсенділігі артып, тарих сахнасына
шыққан кезі VI ғасырдың ортасы. Бұл кезде Түрік қағаны Иштеми Эфталиттерді ҿздеріне
толық бағындыруға ҽрекет жасайды. Алайда, бір шеті Каспий теңізінен, екінші шеті
Солтүстік Үнді ойпатына дейін Орта Азияда ұлан-ғайыр жерді алып жатқан эфталиттерді
жеңе қою оңайға түсе қойматынын білген Түрік қағанаты Иран шахы Хусраумен келісімге
келуге ҽрекеттер жасайды. Қағанның жоспары ойдағыдай болып келісім жасау сҽтті
аяқталады. Эфталиттермен болған соғыстарда Түрік қағанаты жеңіске жетеді. Алайда осы
жеңістен соң Түрік қағанаты мен Иран шахының арасындағы достық ұзаққа созылмайды.
Оған басты себеп, шығыстан батысқа қарай созылып жатқан керуен жолының барлығы
дерліктей түрік қағанының қолында қалып, Иран шахының түріктерге деген наразылығын
туғыза бастайды.
Түрік қағанаты Орта Азиядағы ҿзінің саяси билігін біржола нығайту үшін,
Византияға соғд саудагері Маниях бастаған елшісін аттандырды. Бұл елшілік Иран
шахының бұйрығы бойынша сҽтсіздікке ұшырап, кері қайтады. Түрік қағаны Иран
шахының бұл ҽрекеті соғдтарға қарсы жасалған ҽрекеті болуы мүмкін, бізбен қарым-
қатынас дүрыс болуға тиісті деген оймен, қүрамы тек түріктерден түратын ҿзінің
елшілігін аттандырады. Алайда ол елшілігі де толық сҽтсіздікпен аяқталады.
Түрік қағаны Иран шахының ҿзімен қарым-қатынасын бұзып отырғандығын сезіп,
енді олардың бүрыннан кҿршілес ата жауы болып отырған Византиямен келісім жасау
үшін соғд саудегері Маниях бастаған елшісін екінші рет аттандырды. Елшілік бұл жолы
Иран арқылы емес Каспий теңізі мен Кавказ тауы арқылы жүреді. Елшіліктің алдына
қойған басты мақсаты, біріншіден Иранға қарсы ҽскери одақ жасау болса, екінші басты
мҽселе сауданы жандандыру. Ҽсіресе, Византияға жібек шығару. Екі елдің арасында
бірінші мҽселенің барысында ҿзара келісушілік болғанмен, ―Жібек саудасы‖ жайлы
мҽселе шешілмей қалды. Оған себеп, византиялықтар ҿздері де жібек ҿндіре бастаған еді.
Дегенмен, екі елдің арасында саяси- одақтастық келісім шарты жасалады.
- Мұны қайдан білуге болады?--деген сұрақ туындауы мүмкін.
-Оның айғағы ретінде Византиянің Земарх бастаған елшілігі түрік елшілерімен бірге
аттандырылғандығы. Олар түрік қағанының астанасы Суяб қаласында қабылданған. Осы
елшілікті түрік қағаны қабылдаудан бұрын жағылған оттың арасынан ҿткізген.
-Неге?
- ...
Түрік қағаны оларды қойдың басымен, құйрығымен жҽне жүзім шарабымен
сыйлаған. Бадан не аңғаруға болады?
- Бұдан не байқалады?
- ...
Жазба деректерге қарағанда, VI ғасырдың аяғында түрік қағандығының саяси
жағдайы нашарлайды. Ҿз ішінде саяси билік үшін талас, тартыс басталып, үлан-байтақ
жерді алып жатқан қағандық VII ғасырдың басында Батыс түрік қағандығы жҽне Шығыс
түрік қағандығы бjлып екі дербес мемлекетке бҿлінді. Шекара Алтайдан болған.
Батыс түрік қағандығы Алтай, Сібір жерінен бастап, Амудария ҿзенімен Еділ -
Жайық ҿзендерінің тҿменгі ағысына дейінгі аралықты қамтыған. Орталығы -- Сүяб
қаласы болған. Ол қала қазіргі Қырғызстанның Тоқмоқ қаласының маңындағы кҿне
қаланың орны Ақбешим болып саналады.
Қағандық халқының этникалық құрамы жоғарыда атап кҿрсетілген ―Он оқ бұдын‖
ру-тайпалары болған.
Жазба деректерде қағандықтың саяси-ҽкімшілік жағынан тарихтың сахнасына
кҿтерілген кезі Жегу қаған ( 610-618 жж.) мен Тон қағанның билік қүрған кездері деуге
болады. Ҽсіресе, Тон Жабғу қағанның баласы Тарду шадтың Тохорстан мен Канису
(Ауған жері) жерлеріне жүргізген жорықтарының нҽтижелі аяқталуы қағандықтың
оңтүстіктегі шекарасын Үндістанға дейін кеңейткен.
Мұндай кең-байтақ жерді берік ұстап отыру үшін қаған Тон Жабғу саяси-басқару
реформасын жүргізген. Кейбір ҿлкелерді ҿз қолында тапжылтпай ұстап отыру үшін саяси
тҽсілдер де қолданған. Мҽселен, Самарқанд сияқты атақты қалаларды ҿз қарамағында
ұстап отыру үшін, қаған оның билеушісіне ҿзінің қызын беріп, құда болған. Шығыс
Түркістан мен Орта Азиядағы ҿлкелерде жергілікті ел басқарып отырғандарға ҿзінше атақ
беріп, оларды ҿзінің орынбасарлары етіп тағайындаған.
Батыс түрік қағандығындағы билік феодалдық сатылы түрде жүргізілген. Қағанның
билігі шексіз мүрагерлік түрде болса, одан кейінгі билік қаған тағайындаған ұлықтың
қолында болған. Үшінші билік қаған руының үстем тап ҿкілдерінің қолында болған.
Оларға ябғу, шад, елтебер сияқты атақтар берілген.
Батыс түрік қағандығының да ҿмірі үзақ болмады. Тон Жабғу қағанның жүргізген
қатал үстемдігі соғыс кезінде ҽбден байып алған ―он оқ бұдын‖ одағының ҽскер
басшыларының тілектеріне қайшы бола бастайды. Олардың астыртын жасаған қастандық
ҽрекеттерінің нҽтижесінде қаған ҿлтірілген. Билік үшін дулу мен нишаби тайпаларының
арасында талас басталды. Нишаби тайпаларының қолдауымен Ышбар Елтеріс Шир қаған
болады. Елтеріс қағандықты қайта қалпына келтіру үшін ҿзін қолдаған тайпалар мен
үстем тап ҿкілдерімен бірге отырып ҽрекеттер жасайды. Алайда ҿкімет үшін болған екі
тайпаның арасындағы он алты жылға созылған (640-657 жж.) ұзақ соғыс қағандықты
саяси жағынан мүлдем ҽлсіретеді. Қағандық Іле ҿзеніне дейінгі аралықта екі үлкен
тайпаның қол астында екіге болініп кетеді. Сырдарияның батысына қарай Орта Азиялық
елдер ҿздерінің тҽуелсіздігін алады. Батыс түрік қағандығының мұндай іштей ҽлсіреп
жатқанын білген Қытай Тан империясы оның жеріне басып кіреді. Түрік тайпалары,
ҽсіресе, түргештердің саяси белсенділігінің арқасында ҿздерінің ұзақ жылдарға созылған
азаттық соғыстарының нҽтижесінде тҽуелсіздігін сақтап қалады. Сҿйтіп, VIII ғасырда
Батыс Түрік қағандығы құлап, оның орнына Түргеш қағандығы пайда болады.
Түргеш қағандығының территориясы Орта Азияның оңтүстік шығысында Шаш
(Ташкент) қаласынан, Шығыс Түркістандағы Бесбалық,Тұроран қалаларына дейінгі
аралықты қамтыған. Орталығы – Суяб қаласы.
Түргештер туралы алғашқы деректер Күлтегін құлпытастарында жҽне Қытай жазба
деректемелерінде кҿп жазылған.
Түргеш тайпалары алтыншы ғасырда Тянь-Шань аймақтарында ҿмір сүрген. Олар
VII ғасырда Жетісудың орталық аймақтарында орналасады. Ҿзінің алдында ҿмір сүрген
Батыс Түрік қағандығының сол қанатының қүрамына енген, ең халқы кҿп тайпа болған.
Ал Түркеш қағандығы болып, ҿз алдына жеке ҿкімет құрған кезі туралы деректер
―Тоныкҿк‖ жҽдігерлігінде біршама жақсы жазылған.
Қағандықтың халқының этникалық қүрамы негізінен сары жҽне қара түргеш
тайпаларынан тұрган. Жазба деректердің кҿрсетуі бойынша, олар Шу, Талас, Іле
ҿзендерінің бойларында ҿмір сүрген. Түргештердің алғашқы қағаны Үшлік ҿзінің негізгі
тайпаларын екіге бҿлген. Оның басты орталығы Суяб қаласы болып, ол Ұлы Орда деп
аталған. Іле аңғарындағы Күнгірт қаласын ҿзінің кіші ордасы еткен.
Батыс Түрік қағандығының қүрамында болған басқа да түрік тілдес тайпалар да
түргештердің қарамағына енген.
Саяси ҽкімшілік билік, қағандықтың ең жоғары атағы Басқағанның қолында болған.
Ол 20 ҽкімшілік аймақтарға бҿлінген. Ҽрбір аймақтарды тархандар басқарған.
706 жылы Үшлік қаған қайтыс бдлып, қағандықтағы билік үшін сары жҽне қара
түргеш тайпаларының арасында талас-тартыс басталады. Мұны Шығыс Түрік
қағандығының қағаны Қапаған пайдалануға тырысқан.
Екі тайпаның арасындағы соғыста қара түргештер жеңіске жетіп, оның ішінде
шапыш тайпасының тарханы Сұлу биліктің жүгенін үстаған. Ол ҿзін 715 жылы қаған деп
жариялаған. Сойтіп ол қағандық астанасы болған Талас қаласына орнығады.
Сұлудың қағандық құрған кезі Түргеш қағандығының ішкі-сыртқы жағдайының
шиеленісіп тұрған кезі еді. Бүл шиеленістің негізі мыналар:
-біріншіден, Кіші Азиядан арабтардың шапқыншылығы;
-екіншіден, Оңтүстік шығыс жағынан Қытай ҿкіметінің қаупі тҿніп тұрды;
-үшіншіден, Шығыс Түрік қағандығы Жетісу жеріндегі талас-тартыстарды
пайдалануға дайын тұрған еді.
738 жылы Сұлу қаған ҿзінің бақталастарының құрбаны болды. Оның орнына баласы
Түқарсан Қүт-шар қаған болып, оның мерзімі 1-2 жылға ғана созылды. Бүл кезде сары-
қара түргештердің арасындағы талас ушығып кеткен еді. Екі тайпаның арасындағы күрес
тура 20 жылға созылып, қағандық саяси жҽне экономикалық жағынан мүлдем ҽлсірейді.
Түргештердегі бұл жағдайды қарлұқ тайпалары пайдалануға ҽрекет жасайды. Бұған
басты себеп, 746-747 жылдарда Монголия мен Алтай жеріндегі ұйғырлардың күшеюіне
байланысты, ондағы қарлұқтар Жетісу жеріне жылжыған. Олар түргештердегі
алауыздықты пайдаланып, ҿкіметті оз қолдарына алады. Сонымен, 766 жылда Түргеш
қағандығы қүлап, оның орнына Жетісуда Қарлұқ қағандығы құрылады.
Қарлұқ қағанатының алып жатқан жері сары жҽне қара түргештердің жері. Ол
негізінен Онтүстік шығыс Қазақстанның жері. Астанасы Баласағұн қаласы болған.
Қағандық халқының этникалық құрамы түрік тілдес тайпалар болған. Ал, қарлуқтар жҽне
олардың ақсүйектері саяси-ҽкімшілік жағынан басты роль атқарған.
Қарлуқ қағандығының саяси қүрылысы да ҿзінің алдындағы Түргеш қағандығының
саяси құрылысындай болды. Ескеретін бір жағдай қарлұқ жабғулары 766 жылы
қағандықтағы билікті ҿз қолдарына алса да, олар ―қаған‖ деген атақтың ҿзіне 100 жылдан
кейін ғана ие болған. Қаған атағын тек 840 жылы Испиджаб қаласының ҽмірі Білге Қойыл
Қадырхан алғаш рет алған. Оған дейін қарлұқтар жабғу деген атақпен билік жүргізген
тҽрізді.
Қадырхан ҿзін ―ашна‖ руынан тарағанбыз деп жариялаған. Тарихи аңыздар бойынша
―ашна‖ руы атақты ғұн тайпаларының бір бұтағы. Білге Қойыл Қадырхан қағанның ҿзін
атақты ашна руының үрпағымын деуі қарлұқ тайпаларының ата тегі ғұн тайпасы деген ой
туғызады. Сонымен, ―қаған‖ түрік дҽуіріндегі саяси ҽкімшіліктің ең жоғары биік сатысы.
Одан кейінгі жоғары биліктің екінші сатысы жабғулардың қолында болған. Қарлұқтарда
қаған жанында ―кҿл еркіндер‖ деген кҿмекшілері болған, ол қазақ хандарының уҽзірлері
сияқты кеңес берушілер еді.
Қарлұқтар қаған атағын 742 жылда үйғырлар жҽне басмыл тайпаларымен одақтас
бола отырып, Шығыс Түрік қағандығын құлатқан кезде алған. Бүл кезде Жетісу жеріндегі
қарлұқтар да, түргештермен саяси жағынан билік үшін талас-тартысқа түсіп жатқан.
Кейіннен Ұйғыр қағандығының күшейе бастауына байланысты қарлұқтар Жетісуға
қарай жылжып, ондағы қарлұқтармен бірлесе отырып түргештерді біржолата жеңеді.
Ірі қалалар мен оның аймағын қала ҽмірлері басқарған. Кейбір деректерде ―Ҽмір‖
деген сҿз патша сҿзімен да қатар айтылған. Мҽселен, Тараз қаласын қарлүқ тайпасынан
шыққан Танкас патша басқарған деп хабарлайды.
Жалпы, қағандықтың саяси үстемдігін жүргізүшілер қарлұқтардың ақсүйектерінен
түрған. Олар алым-салықты жинайтын, ҽскери күш те солар арқылы құралған. Ҽрбір ру-
тайпаның ҽмірлері ҿздеріне тиісті жасақтарды жҽне басқа да қажетті заттарды дайындап
соғысқа, не жорыққа дайын түратын болған.
Жалпы тарихи түрғыдан алып қарағанда, VIII ғасырдың аяғымен IХ ғасырдың
басында қарлұқтардың ҿзінің саяси жағынан Орталық жҽне Орта Азиядағы ҿз
кҿршілерінің арасында беделінің болғандығы байқалады.
Жазба деректерде кҿрсетілген мерзімдерде IХ ғасырда Қарлұқ қағандығының
экономикалық жағынан да дамығандын кҿрсетеді. Ҽсіресе, Жетісу жҽне Оңтүстік
Қазақстан жерінде қарлұқ тайпаларының Тараз, Талхир, Испиджаб, Отырар сияқты белгілі
қалаларда жҽне олардың аймағында отырықшылана түсуі олардың егін шаруашылығымен
айналысып, қолҿнер кҽсібінің ҿркендей түскендігі белгілі болған.
Кейбір деректерде қарлұқтар қала түрғындарының басым бҿлігі болып, оларда
қолҿнердің, зергерліктің дамығандығын байқау қиын емес. Қазба жұмысы кезінде сауда
қарым-қатнастарының айғағы ретіндегі басқа елдерден келген бұйымдар кездессе,
сауданың ақшамен жүргізілгендігін дҽлелдейтін Орта Азия ақшалары да қала жұртынан
табылған.
Қарлұқ қағандығының алып жатқан жерінің ҿзі ертеден белгілі атақты Үлы Жібек
жолының бойы. Сондықтан да, ондағы сауда жолының бойында орналасқан Алмати,
Талғар, Тараз, Құлан, Суяб, Испиджаб сияқты қалалары қағандықтың экономикалык,
ҽлеуметтік, мҽдени дамуына тікелей ҽсерін тигізген. Бүл кезде Талас бойында жҽне Іле
аңғарында қалалық ҿмір дамып, онда қарлұқ тайпаларының отырықшы елге
айналғандығын айта кетуіміз керек. Оны картадан кҿруге болады.
IX ғасырдың аяғында қарлұқтардың жағдайы біршама нашарлай түседі. Орта
Азиялық саманий ҽулетінің шабуылдары жиілейді. Сҿйтіп саманийлер мен қарлұқ
қағандығының арасында, ҽсіресе, Онтүстік Қазақстан жері үшін ұзақ жылдарға созылған
күрес басталады. Сондай күрестердің нҽтижесінде Испиджаб қаласы саманийлерге
бағынған. Саманийлердің тегеурінді шапқыншылығы 893 жылы Тараз қаласына
жасалған. Алайда, қала оңайлықпен беріле қоймаған. Исмаил ибн Ахмет кҿптеген
шығындардан кейінғана қаланы алған. Саманийлердің негізгі мақсаты, қала тұрғындарын
мұсылман дінін қабылдауға мҽжбүр ету болған.
Кейбір деректерге қарағанда, қарлұқтар Орта Азиядан жасалған саманийлердің
шабуылдарына тҿзіп отыра бермей, ҿздері де оларға қарсы шабуылдар жасаған. Сондай
күшті шабуылдың бірі Орта Азияға 904 жылы жасалған. Ол алғаш жеңісті де болған.
Соңында жеңіліс тауып кері оралған.
Саманийлар Онтүстік Қазақстандағы Испиджаб, Тараз сияқты қалаларға ҿздерінің
ықпалын күшейтіп, мұсылман дінін енгізе бастады. Мұндай мҽліметтерді Нҽршахидің
деректерінде де кездестіруге болады. Ҽл-Мақдисидің хабарына қарағанда түріктердің
арасында дін таратудың негізгі тірегі Испиджаб қаласы болған. Мҽселен, бұл аймақта
мұсылман дінін тарату үшін 1700-ден астам керуен сарайы салынған. Ҽрине, бұл санның
шындықтан артықтау болуыда мүмкін, десекте арабтардың ислам дінін таратуда
қаншалықты іс-ҽрекеттер жүргізгендерін кҿрсетеды.
Х ғасырдың басында қарлұқ қағанаты ҽлсірей түседі. Бірақ та қағанаттың біржола
құлауына саманийлер шешуші роль атқармаған, олардың қулауының басты себебі Шығыс
Түркістандағы Ұйғыр қағанатының күшеюі, Қашқар жеріндегі түрік тілдес тайпалар
Оңтүстік Шығыс Қазақстан жеріне жылжыды, олардың 940 жылы Испиджабты жаулап
алуы қарлұқтарды құлатып, Қарахани ҽулетінің үстемдігін орнатады.
* * *
Қарлұқ қағандығы Жетісуда ҿмір сүрген дҽл сол кезде қазіргі Қазақстанның батыс-
оңтүстігінде IX ғасырдың аяғымен Х ғасырдың басында орталығы Сырдарияның тҿменгі
ағысында орналасқан Жаңакент қаласы болған Оғыз мемлекеті де ҿмір сүрген. Оғыздар
Оңтүстік, Батыс Қазақстанның жҽне Орта Азияның кҿрші жатқан жерлеріне билік
жүргізген. Халқының этникалық құрамы оғыздар мен түрік тілдес ру-тайпаларынан
құралған.
Оғыз этимологиясының пайда болуы туралы осы уақытқа дейін нақты пікір жоқ. Бұл
Қазақстан тарихында кҿңіл аударарлық мҽселенің бірі. Белгілі бір тиянақты пікір болмаса
да кҿңіл болерліктей түрлі пікірлер бар.
Ол пікірлерді негізінен 4 -ке бҿлуге болады:
1) Оғыздарды ғұн тайпаларынан немесе олардың бір бұтағы тюгю түріктерінен
таратады;
2) Оғыздар қимақ-қыпшақ тайпаларынан шыққан;
3) Оғыздар ұйғырлардан тараған;
4) Оғыздар массагеттерден тараған;
Бұл пікірлердің ішінде екінші пікірге қосылуға болмайтыны рас дейтін ғалымдар
бар. Біз оған тҿртінші пікіргеде қосылуға болмайды деп есептеймыз...
Ҽйгілі М. Қашқаридің сҿздігі "Дивани луғат ат түрік" те, Оңтүстік Шығыс
Қазақстанның жерінде, ҽсіресе Ыстық
кҿлмен Шудың орта бойында қырғыз, қыпшақ,
оғыз, йғма, чігін, имек сияқты түрік тілдес тайпалардың қатар ҿмір сүргендігі түралы
деректер бар. Бүған қарағанда, Қазақстанда оғыздардың алғашқы отаны болған жер
Жетісу жері болғандығына күмҽн жоқ. Алайда IХ ғасырдың екінші жартысында қарлұқ
тайпаларының күшеюіне байланысты, олардың тегеурініне шыдамаған оғыздар
Сырдарияның орта жҽне тҿменгі ағысына ауа бастаған.
Бұл деректерде де ауып келгендерді ешкім құшағын жая қарсы алмаған. Мұндағы
қаңғар-печенегтер мен оғыздардың арасында ұзақ жылдарға созылған, жер үшін талас-
тартыс болған. Ақырында оғыздар жеңіске жетіп
Достарыңызбен бөлісу: |