Әдебиеттер
:
1.
Қазақстан тарихы. Кҿне заманнан бүгінге дейін. Бес томдық. – 2 том. –
Алматы мүра», 1998.
2.
Материалы по истории казахских ханств ХV-ХVIII вв. (Извлечения из
персидских и тюркских сочинений). Составители: С.К.Ибрагимов,
Н.Н.Мингулов, К.А.Пищулина, В.П.Юдин. –Алматы.1969.
3.
Греков Б.Д., Якубовский А.Ю. Золотая Орда и ее падение.
4.
Кляшторный С.Г.,Султанов Т.И. Казахстан – летопись трех тысячелетий. –
Алматы, 1992.
5.
Сафаргалиев М.Г. Распад Золотой Орды. –Саранск, 1960.
6.
Ахмедов Б.А. Государство кочевых узбеков. –Москва, 1965.
7.
Кузембайұлы А., Абилов Е. История Казахстана. –Алматы. 1996.
Тақырып 7. Қазақ халқының қалыптасуы. «Қазақ» этнонимі. Қазақ жҥздері.
1. Қазақ халқы қалыптасуының тарихи алғышарттары.
2. Қазақстан аумағындағы этникалық үдерістер.
3. Мемлекеттің құрылу факторы жҽне оның этникалық үдеріске ықпалы. «Ҿзбек» жҽне
«қазақ» ұғымдарының арақатынасы. «Қазақ» терминінің ҽлеуметтік, этникалық мҽні мен
мазмұны.
Тақырып 8. XV-XVI ғғ. Қазақ хандығы.
1.Қазақ хандығы дҽуірінің кезеңделуі.
Қазақ хандығының құрылуы, оның барысы жҽне
негізгі оқиғалары. Керей мен Жҽнібек хандардың рҿлі. Қазақ хандығы құрылуының тарихи
маңызы. Бұрындық хан тұсындағы қазақ хандығының күшеюі.
2. Қазақ хандығының Орталық Азиядағы ең күшті мемлекеттердің біріне айналуы.
3. XVI ғасырдың екінші жартысындағы Қазақ хандығы.
4. Қазақ халқының этникалық аумағы қалыптасуының аяқталуы.
Бұл дҽуір қазақ халқы тарихында ҿте маңызды, ҽрі күрделі кезең болған. Онда Қазақ
хандығы құрылып, қазақ халқы қалыптасты. Сондықтан да бұл дҽуір тарихын үйренуде
тарихи құбылыстарды логикалық тұрғыдан талқылау қажет болады. Біз лекция мҽтіндерін
дҽл осы талаптарға сҽйкес қүрастыруға тырыстық.
Қазақ хандығының құрылып, тарих сахнасына кҿтерілуі
қарсаңында, яғни XV
ғасырдың орта шенінде бұрынғы Алтын Орда жерінде бірнеше тҽуелсіз мемлекеттер
Қазан,
Астрахан, Қырым хандықтары пайда болып, Хорезм Темір ҽулеті мемлекетінің
құрамына енді.
1423-1424 жылдары Орысханның немересі Барақ ҿзінің бақталастарын жеңіп шығып,
билікті ҿз қолына алды. Бірақ Ақ Орданың басты қаласы Сығанақ, сондай-ақ Сырдың орта
ағысындағы аудандар Темір ҽулетінің қолында еді. 1425-1426 жылдары Барақ Ұлықбекке
қарсы
жорыққа аттанып, Сығанақты жҽне Сырдария бойындағы басқа да қалаларды
иемденді. 1428 жылы Шығыс Дашті Қыпшақтың билігі Шайбан ҽулетіне кҿшті. Барақ
дүние салған соң олар Ақ Орда жерінің елеулі бҿлігін жаулап алды.
XIV ғасырдың ортасында ыдыраған Шыңғысхан империясының жерінде тағы бір ірі
хандық – Моғолстан мемлекеті құрылғандығын айтқанбыз. Ол Шағатай ҽулеті
иеліктерінің шығыс бҿлегінде қалыптасты. Бұл мемлекеттің
бірінші ханы монғол
ҽмірлерінің бірінің баласы Тоғылық Темір хан (1348-1363) еді.
Бұл жерде моғолды монғолмен шатыстырмау керек. Моғолдар-Шығыс Түркістаннан
бастап Жетісу ҿңірінен Оңтүстік Сібірге дейінгі кҿлемі зор, таулы-тасты, ҿзен-кҿлді,
ашық далалы, орман-тоғайлы жерлерді мекендеген түрік тектес тайпалардың басын қосып
Шыңғысханның шабуылына дейін де ҿмір сүрген еді. Оның мемлекет болып шаңарақ
кҿтерген уақыты-1206 жыл, сол жылы оның ханы болып сайланып, мемлекеттің іргетасын
қалаған кісі -Жеңіс хан. Бірақ моғол мемлекеті ұзақ ҿмір сүре алмай 1207 жылы
бҿлшектеніп, жұрты құлдыққа түсіп зар илеген моғол халқы 1346 жылда Болатшы Дулат
негізін құрған Моғолстан хандығына бірікті. Ҿзі Шыңғысхан ұрпағынан болмағандықтан
таққа Тоғылық Темірді отырғызған. Хан оған «ұлысбегі»
лауазымын беріп, оған «ханға
айтпай ҿз бетімен қосынның ҽмірін немесе мың нҿкердің (ҽмірін) тағайындап орнынан
ала алу» құқығын берген. «Ұлысбегі» мұрагерлік болған. Ең соңғы ұлысбегі Мүхаммед
Хайдар Дулати болған.
Бұл мемлекеттер патриархалды-феодалдық мемлекеттер болып, олардың ҿздері жер-
су, жайылымы жақсы жайлау үшін бір-бірімен соғысып,
талас-тартыста болса, ал ҿз
ішінде де хандық ҿкімет үшін, билік үшін талас-тартыста болды. Сондай саяси жҽне
ҽлеуметтік-экономикалық талас-тартыстың шиеленісіп шегіне жеткен жері, Ҽбілхайыр
хандығы болды. XV ғасырдың орта шенінде Сырдариядан Сібір хандығына дейінгі ұлан-
байтақ жерді алып жатқан бұл мемлекеттің ішіндегі билік үшін күрес бір сҽт те толастаған
жоқ. Ҽбілқайыр хан ҿзінің саяси дұшпандарын – Жошы ҽулетінен шыққан сұлтандарды
қудалауын тоқтатпады. Билік үшін күрес барысында Дешті Қыпшақтан ҿздерін қолдайтын
жеткілікті күш таба алмаған Ұрыс ханның шҿберелері Керей жҽне Жҽнібек сүлтандар
1456 жылы кҿшпелі жҽне жартылай кҿшпелі халықтың ҿздеріне тҽуелді
тайпалар
топтарын біріктіріп Шу ҿзенінің бойына кҿшіп кетті. Оларға Моғолстан ханы Есен Бұға
Қозыбасы иелігін берді. Бұл жерде:
Достарыңызбен бөлісу: