Желтоқсан қаһармандарының азаматтық ерлігі лайықты бағасын алып, жоспарлы түрде
насихатталуы керек.
Жалпы, жаңа Қазақстанның тарихы ҽлі толық жазылмаған. Сондықтан Президент ұлттық
мүддемізге сай академиялық үлгідегі кҿп томдықты жарыққа шығаруды тапсырды. Шетел
аудиториясына арналған Қазақстанның қысқаша тарихын жазып, ҽлемнің негізгі тілдеріне
аударуды ұсынды. Мұның стратегиялық мҽні зор. Жерімізге кҿз алартып, аумақтық
тұтастығымызға күмҽнданатындар ҽлі де бар. Соңғы кездері азаматтарды аса
толғандырған жер мҽселесіне қатысты Президент «Қоғам мен құндылық» бҿлімінде былай
деп қадап жауап береді:
Аумақтық тұтастығымызға күмҽн келтіріп, тату кҿршілік қатынастарға сына қаққысы
келетін кейбір шетел азаматтарының арандатушылық іс-ҽрекеттеріне ресми жҽне
қоғамдық деңгейде тойтарыс бере отырып, ағартушылық жұмыстарын ұстамдылықпен
жүргізген жҿн. Біз ұлттық мүддені аспен де, таспен де қорғауға дайын болуымыз
қажеттігін тағы да баса айтқым келеді.
Яғни, бабалар қанымен, Алаштың жанымен осы күнге дейін сақталып келген қазақтың
жеріне н -Жерге байланысты бҽріміз айқын білетін жҽне бұлжымайтын ақиқат – қазақтың
жері ешбір шетелдіктің меншігіне берілмейді, ешқашан сатылмайды. Осыны ҽр
азаматымыз санасына берік сіңіруі қажет. Келесі жылы Жер кодексінің жекелеген
нормаларына қатысты енгізілген мораторийдің мерзімі аяқталады. Ауыл шаруашылығы
мақсатындағы жерлерді айналымға енгізіп, халықтың игілігіне жарату – ҿте маңызды
мҽселе. Сондықтан, биыл Жер мҽселесі жҿніндегі комиссияны құрып, соның аясында бір
байламға келген жҿн.
Президент барды бағалауға да шақырды. Жер қадірін жалаң ұранмен ҿлшемей,
Кҿкжайлауға от жақпай, Кҿбейтұзды лайламай, ҽр тоқымдай жерді кҿздің қарашығындай
сақтауға үндеді. Қоғамда үнемі қызу талқыланатын тағы бір тақырып – қазақ тілінің
мҽртебесі
-Мемлекеттік тілді білу – Қазақстанның ҽрбір азаматының парызы. Міндеті деп те айтуға
болады. Осы орайда мен барша қазақстандықтарға, оның ішінде қазақ тілін ҽлі жете
меңгермеген отандастарыма үндеу тастағым келеді. Жастар ағылшын тілін немесе басқа
да тілдерді аз ғана уақытта меңгере алатынын кҿріп отырмыз. Тұтас буын алмасқан осы
жылдарда қазақ тілін үйренгісі келген адам оны ҽлдеқашан біліп шығар еді. Халқымызда
«Ештен кеш жақсы» деген сҿз бар. Ең бастысы, ынта болуы керек.
Ал мақаланың соңғы тҿртінші бҿлімі «Ұлағат пен ұстаным» деп аталып, азаматтық
қоғамды дамыту мен саяси реформаларды жалғастыруға арналады. Білім мен біліктің
дҽуірі – ХХІ ғасырда қазақ халқы да технологиядан қалыспай, ҽр адам ҿзін жетілдіріп,
жаңа кҽсіпті игеріп, ел дамуының басты қозғаушы күші болуы тиіс. Ал ондай азаматтарға
қамқор болу – мемлекеттің міндеті. Тҽуелсіздіктің құрдастары орда бұзар отыз жасқа
келіп отыр. Сондықтан Президент талантты, талапты буынға сенім артып отыр. Ал басты
ұран «Тҽуелсіздік бҽрінен қымбат» деген ұғым болмақ.
Достарыңызбен бөлісу: