Х ғасырдың аяғында оғыздар Киев князі Святославпен келісім жасап, Хазар
қағандығын да ойсырата жеңген.
Оғыздардың жер үшін жүргізген жорықтарының кҿп жағдайда сҽтті болуы олардың
саяси беделін де кҿтере түскен. Орыс жылнамаларында князь Владимир 985 жылы түркі-
оғыздармен одақтаса отырып, Еділ, Кама бойындағы бұлғарларды талқандағаны
айтылады.
Алайда үзақ жылдарға созылған соғыстар, коптеген алым-салықтар халық
наразылықтарын туғызады. Нҽтижеде, Х ғасырдың соңымен ХI ғасырдың басында Ҽли
ханның тұсында Оғыз мемлекеті ҽлсірейді. ХI ғасырдың екінші жартысында күшейе
бастаған қыпшақтар оғыздарды Сырдария, Арал бойынан біржолата ығыстырады.
* * *
Лекцияның кезектегі сұрағын талқылау барысында біз Қазақстанның орталығында,
солтүстігінде жҽне шығыс болігінде ҿмір сүрген қимақ жҽне қыпшақ тайпаларының
тарихына тоқталатын боламыз.
Қимақтардың жеке тайпа ретінде тарих сахнасына шығуы Батыс Түркі қағанаты
шығыс бҿлігінің 656 жылы ыдырай бастаған кезі. Қимақтар IХ ғасырдан бастап ҿз
алдына жеке мемлекет болып ҿмір сүрген. "Худуд Ҽл-Алам"да Қимақ мемлекетінің
орталығы Имақия қаласы болғаны айтылған. Жазба деректертерде қимақтардың екінші
орталығы Алакҿлдің шығыс жағындағы Қарантия қаласы деп кҿрсетілген.
Қимақ сҿзінің этимологиялық негізі туралы ғылымда белгілі, тиянақты пікір
қалыптаспаған. Қимақтардың этникалық құрамы туралы дерек Гардизидің ―Зайн-Ҽл-
акбар‖ атты еңбегінде аңыз түрінде кездеседі.
―Худуд Ҽл-Алам‖ мен Ҽл-Идриси IX ғасырда, Ертіс пен Жоңғар Алатауының арасында
12 қимақ тайпалары бірлестігінен жаңа Қимақ мемлекеті құрылғанын хабарлайды.
Мемлекеттің жоғарғы билігі хақанның қолында болған. Билік мұрагерлік дҽстүрмен
ауысып отырған. Хақаннан кейінгі билік, қимақ мемлекетінің құрамына енген тайпалар
бірлестігін басқарған жабғулардың қолында болған. Олардың кейінгі жеке-жеке ру-
тайпаларды шад, түтіктер билеген, яғни:
қаған — жабғұ — шад — түтік
Басқарудың бұл жүйесі, қимақ мемлекетіндегі патриархалдық феодализмнің
дамуынан келіп пайда болған.
IХ ғасырдың аяғындағы тарихи-георафиялық еңбектерге қарағанда қимақ мемлекеті
ҿзінің территориялық жағынан ұлғайғандығын кҿрсетеді. Қимақ тайпаларының бірлестігі
Орал тауының қыраттарынан Арал теңізінің далалы аудандарына дейін, Орталық жҽне
Шығыс Қазақстан мен Жетісудың солтүстік-шығыс аудандарының арасындағы ұлан-
ғайыр, кең алқапты алып жатқан. Алайда, бұл кҿрсітілген территорияның барлық жерінде
таза қимақ тайпалары дерліктей тығыз тұрған деген ой тумауы керек. Жазба деректерде
қимақтардың негізгі тығыз тұрған жерлері деп Ертістің орталық ағысы мен Жетісудың
солтүстік- шығыс аудандары аталады.
Қимақтар бұл кезде мҽдени, ҽлеуметтік-экономикалық жағынан ҿздеріне жақын,
саяси биліктері де ұқсас қырғыз, ұйғыр, қарлұқ, оғыз, қарахан мемлекттерімен іргелес
кҿрші болыпқана қоймай, олармен тікелей қарым-қатынаста, байланыста болды.
Сондықтан да олардың ҽдет-ғұрпын, салт-санасын, тілі мен діни наным-сенімдерін
бірынғай деуге болар еді. X ғасырдың соңында Қимақ мемлекеті біршама ҽлсірей бастады.
Басты себебі, жаңадан құралған басқару аппаратының ҽлі де болса осалдығы, оның ішкі
қайшылықтардың бетін дер кезінде ашып, оған тойтарыс бермеуі болды.
Достарыңызбен бөлісу: