ҿнген, этникалық ата-мекені болғандығын кҿрсетеді. Сондықтан да Қазақстан
археологтары бұл мҽдениеттің ескерткішттерінің зерттелуіне баса назар аударған.
Сонымен қаңлы тайпаларының қыстақ-кенттеріне жҽне оның аймағына жүргізіліген
археологиялық зерттеу жұмыстар олардың шаруашылығынан, саяси ҿмірінен, ҽлеуметтік-
экономикалық жағынан кҿптеген материалдар берді. Алғашқы кҿзге түсетін басты мҽселе
шикі кірпіштен жасалған тұрғын шаруаға қажетті жайлар. Жалпы, жазба деректерде
жазылғандай "Қаңлы халқы балшықтан жасалған дуалдың ішінде ҿмір сүреді" деген
хабарлар бекер айтылмаса керек.
Кенттердің айналысына жүргізілген арық, тоғандар да жиі кездеседі. Олар кҿп
жағдайда егіндік жерлерге тартылған ірі ҿзендерден (Талас, Сырдария) тартылған
тоғандар қаңлы тайпаларының отырықшы жер кҽсібімен айналысқандығына дҽлел.
Тайпалар жерді кҿлдетіп суғару, тҽлім суғару сияқты түрлі тҽсілдерін білген. Жетіасар
қалашығының зерттелуіне қарағанда оның аймағында Сырдарияның айрықтарын
ортасынан буып бҿгет жасап, егістікке тоған арқылы су шығарған. Ал таулы жерлерде,
кішігірім таудан ағып шығатын ҿзен--жылғаларды, бастаулардың суын пайдаланған.
Тұрақты мекен-жайлардан тҿрт түлікті үй жануарларының сүйектері түгелдей
кездеседі. Мұндай материалдардың айтарлықтай кездесуі қаңлы тайпалар-ының
отырықшы мал шаруашылы-ғымен айналысқандығына толық дҽлел.
Қаңлы тайпаларының обаларына жүргізілген зерттеу жұмыстарға, олардың ҽдет-
ғұрпы, салт-саналарын баяндайтын кҿптеген материалдар табылған. Ҿлген адамдармен
бірге жерленген құрал-сайман, қару-жарақтар, сҽн-салтанатты ҽшекей бұйымдар, о дүниге
сенуді, ата-баба аруағына сиынуды кҿрсетеді. Табылған заттар қолҿнердің, зергерліктің
қаңлы тайпаларында ҿз дҽрежесінде дамығандығын байқатады.
Қыстақ-кенттердегі тұрғын үйлердің салынуы, бҿлмелердің үлкенді-кішілігі
зираттардан табылған бұйымдар мен қымбат бағалы ҽшекейлердің біркелкі болмауы,
ҽлеуметтік теңсіздіктің болғандығының айғағы. Қорымдардан алынған бас сүйектерге
жүргізілген антропологиялық зерттеулерге қарағанда қаңлылардың нҽсілдік сипатында
европейдтік жҽне монголойдтік белгілер анықталған.
Қытай жазба деректерінде қаңлы тайпаларында тайпалық бірлестіктің болғандығын,
оның мемлекеттік дҽрежеге дейін кҿтерілгендігін баяндайтын хабарлар да бар. Сол
материалдарды археологиялық материалдармен салыстырғанда, шындығында қаңлы
тайпаларын Қазақстан жеріндегі алғашқы патриархалдық-феодалдық мемлекеттің
дҽрежесіне кҿтерілген тайпалар деп қарастырған дұрыс болады.
Әдебиеттер
:
1.
Қазақстан тарихы. 5 томдық. 1 том. –Алматы, 1996.
2.
Гумилев Л. Хунну-М., 1994.
3.
Гумилев А. Хунны в Китае. Три века войны Китая со степными народами III-II вв.
-СПб., 1994.
4.
Краткая история уйгуров. — Алматы, 1998.
5.
Акишев К.А. Курган Иссык - М, 1978.
6.
Акишев КА., Кушыев Г.А. Древняя культура саков средней долины реки –Алматы,
1963.
7.
Акишев К.А.
ИСКУССТВО
и мифологии саков. — Алматы, 1984.
8.
Жолдасбайұлы С. Ежелгі жҽне орта ғасырдағы Қазақстан. – Алматы, ‖Ана тілі‖.
1995. –176 бет.
Достарыңызбен бөлісу: