Дәріс мәтіндері Қазақстан тарихы курсына кіріспе


Қазақ жерлерін Ресейге қосудың аяқталуы



Pdf көрінісі
бет34/75
Дата19.10.2023
өлшемі1,46 Mb.
#119202
түріЛекция
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   75
Байланысты:
Д ріс м тіндері аза стан тарихы курсына кіріспе

Қазақ жерлерін Ресейге қосудың аяқталуы. 
XIX ғ. 60 жылдарында патша ҿкіметі қазақ елінің Кіші жҽне Орта жүз жерлерін ҿзіне 
қаратып алумен тоқтамай Ұлы жүздің жерін ҿз иелігіне қаратуға тырысты. Ресейдің 
отаршылдық саясаты Қазақстанның жерімен тоқтамай Орта Азияның барлық халықтарын 
басып алуға ұмтылды. Бұрынғы жазылған тарихи кітаптардың кҿпшілігінде патшалық 
Ресейдің отарлау саясатын бүркемелеу үшін, орыс халқы Қазақстан мен Орта Азия 
елдеріне мҽдениет пен шаруашылықтың соңғы жетістіктерін ҽкелді деп жазып келді. 
Алайда ұзақ жылдарға созылған отарлау Кеңес империясы тұсында дами түсіп, Қазақстан, 
Орта Азия халықтарының тілі, діні, ҽдет-ғұрыптарына зор зиянын тигізе отырып, халық 
ретінде жойылуына ҽкеп соқтыра жаздады. 
XIX ғ. 60-шы жылдарында Қазақстанның жері бірнеше ҽкімшілік-территориялық 
облыстарға бҿлінді. Облыстар үш генерал-губернаторлықтың құрамына кірді. Мұндағы 
мақсат – отаршылдық тҽртіпті күшейту еді. 1867 жылы 12 шілдеде Александр II – «Жетісу 
жҽне Сырдария облыстарын басқару туралы уақытша Ережеге», 1868 ж. 21 қазанда- 
«Орынбор жҽне Сібір генерал – губерноторлығын басқару туралы уақытша Ережеге» қол 
қойды. Сҿйтіп, 1868 жылдан бастап жаңа тҽртіп бойынша қазақ даласын облыстарға, 
облыстарды уездерге, уездерді болыстарға, болыстарды ауылдарға бҿлді де, ел арасында 
съезд ҿткізіп, болыс, старшын сайлау дегенді енгізді. Үш генерал – губернаторлық: 
Түркістан, Орынбор жҽне Батыс Сібір. Барлық ҽскери жҽне азаматтық ҿкімет билігі 
түгелдей генерал-губернатордың қолында болды. Орынборға – Орал жҽне Торғай; Батыс 
Сібірге – Ақмола, Семей; Түркістанға – Жетісу орталығы Верный; Сырдария орталығы- 
Ташкент. Бұрынғы Бҿкей хандығының жері 1872 жылы Астрахань губерниясына 
қосылды. Маңғышлақ приставы 1870 жылы Кавказ ҽскери округінің қарауына берілді, ол 
кейіннен Закаспий облысына енді. 
1867-1868 жылдардағы реформалар бойынша ҽскери-сот комиссиялары мен үздік 
соттар құрылды, олар жалпы империялық заңдар негізінде жұмыс істеді. Бұл «ережелер» 


екі жыл мерзімге тҽжірибе түрінде уақытша енгізілген болатын. Алайда, бұл «тҽжірибе» 
жергілікті халыққа теріс ҽсер етуі ықтимал деген қауіппен 20 жылдан астам уақытқа 
созылды. 1886 ж. 2 маусымда «Түркістан ҿлкесін басқару туралы ереже», 1892 ж. 21 
наурызда «Ақмола, Семей, Жетісу, Орал жҽне Торғай облыстарын басқару туралы ереже» 
қабылданды. Бұл реформалардың барлығы да отаршылдық жҽне феодалдық езгіні 
күшейте түсуге бағытталған еді. Патша ҿкіметінің аграрлық саясатының ажырамас бҿлiгi-
қоныстандыру саясаты. Помещиктер мен империалистiк буржуазияның 
мүдделерiне сай келген қоныс аудару мҽселесiне па тша ҿкіметі XIX 
ғасырдың екiншi жартысынан бастап қатты назар аударды. Ҿйткенi Ресейде
 
крепостниктiк хұқықтың жойылуы жҽне ҽлеуметтiк - ҽкiмшiлiк жҿнiндегi 
реформалар аграрлық мҽселенi толық шешкен жоқ. Ресейдiң орталық 
аудандарында шаруалар толқулары тоқт амады. Осындай жағдайда патша 
ҿкіметі шаруалардың назарын революциялық қозғалыстан аудару үшiн 
бiрқатар шаралар қолданды. Қоныс аудару шаралары сол саясаттың бiрi едi. 
Сiбiрдi, Қазақстанның солтүстiк, батыс, орталық жҽне оңтүстiк шығыс 
аудандарын отарлау арқылы патша ҿкіметі Орталық Ресейден шаруаларды 
қоныс аудартып, жаңа жерлерде солар арқылы ҿзiне тірек жасамақ болды.
Ҽскери-ҽкiмшiлiк отарлау саясаты Ресейден шаруалардың қазақ 
жерiне ағылып келуiне жол ашты. Қазақ даласын отарлау саясатын iске 
асыру жолында Жетiсудың бiрiншi - ҽскери губернаторы Колпаковскийдiң 
бастауымен 1868 жылы "Жетiсуда шаруаларды қоныстандыру туралы 
ережелер" бекiтiлдi. Осы ереже бойынша коныстанушыларға 30 десятина 
жер бҿлiндi. Қоныс аударушылар 15 жыл мерiзiмге алым -салықтан, 
рекруттық ҽскери мiндеткерлiктен босатылды. Мұқтаж отбасыларға керек -
жарақтар алу үшiн ақшалай кҿмек берiлдi. Патша ҿкіметі 1889 жылы 13 
шiлдеде "Село тұрғындары мен мещандардың қазыналық жерлерге ҿз 
epкімен қоныс аударуы туралы" арнаулы ереже бекiттi. Бүл ере жеде жердi 
бекiтiп берудiң тиянақты мҿлшерi белгiленген жоқ, жергiлiктi ҿкімет 
орындарына ҿз қалауынша белгiлеуге epiк берiлдi.
Аграрлық саясатты жүзеге асырушылардың бiрi - Сiбір темір жол 
комитетi едi. Елдiң шығысындағы бiрсыпыра аудандар темір жолмен 
байланысқаннан кейiн, шаруалардың қоныс аударуы кең етек алды. 
Қазақстанда шаруаларды қоныстандыру алдымен Ақмола, одан соң Жетicу, 
Семей, Орал, Торғай облыстарында жүргiзiлдi.
Тек 1885 жылдан 1893 жылға дейiн Ақмола облысының жергілікті 
халқынан 251779 десятина жер тартылып алынып, 10940 адам халқы бар 24 
жаңа село пайда болды. Семей облысында бұл кезде қазақ шаруаларынан 
33064 десятина eгicтік жер тартып алынды. 1884 -1892 жыл аралығында 
мұнда 3324 отбасы қоныстанды. Шеттен шаруаларды ҽкелiп қоныстандыру, 
Сырдария облысындағы Шымкент, Ташкент жҽне Ҽулиеата уездерiн кеңiнен 
қамтыды. 
Қоныс аударушылар Ресейдiң еуропалық бҿлiгiнен ғaнa емес, сондай -
ақ басқа облыстардан да келдi. Ҿйткенi, қазақ даласы ұлан -ғайыр 
кeңдiгiмeн, 
кең-байтақ 
жерде 
eгiн 
шаруашылығына 
да, 
мал 
шаруашылығына да жарамдылығымен қызықтырды. Мҽселен, 1900 жылғы 
халық caнағы бойынша тек Қазақстанның бес облысында / Ақмола, Орал, 
Торғай, Семей, Жетicу / ғaнa 3463598 адам болса, оның iшiнде Еуропалық 
Ресейден келгендер 247 мыңдай адам, Сiбiрден - 42119, Орта Азиядан - 
23530, Польшадан - 1191, Кавказдан 1672, Финляндиядан - 72, басқа 
жерлерден 3557 адам келдi. Сҿйтiп, 1900 жылы 5 облыс бойынша сырттан 


келушiлер ҿлкенiң барлық халқының 10,5 процентiн қамтыды. Оларға 44 
миллион гектар жер таратылды.
Патша ҿкiмeтi Қазақстанның кең даласындағы ен байлықты ҿзiнiң 
шикiзат қоймасына, елдi ҿндipic тауарларын сататын сауда аймағына 
айналдырды. Мал, жүн, тepiнi cу тeгiнгe сатып алып, ҿте қымбат бағаға 
ҿндiрic тауарларын сатып, қазақ халқын аяусыз қанады. Патша ҽкiмшiлiк 
органдарының 
бастықтары 
мырзалық 
жасап, 
қазақтардың 
шұрайлы 
жерлерiнiң ҽр десятинасын он тиыннан оңды -солды сатты. 
Отарлау саясаты қазақтардың тек материалдық жағдайын ғана емес, 
сонымен бiрге рухани-адамгершiлiк мүддесiн де қысымға салды. Патша
ҿкiметiнiң қолдауымен келген қоныстанушылар, кҿбiнесе кулактар, 
қазақтарды шұрайлы ҿз мекендерiнен қуып шығып отырды. Cонымен бiрге 
қазақтардың 
бiр -бiрiмен 
қатынастарына 
үлкен 
кедергi 
жасап, 
ауылдастардың экономикалық мүддесiне, адамгершiлiк жҽне рулық 
қатынастарына нұқсан келтiрдi. Кей жерлерде қазақтардың кҿшетiн 
жолдары орыс посѐлкаларының үстiнде жатқандықтан қоныстанушылар 
олардан малын ҿткiзгенi үшiн мол алым тҿлеттiрдi. Сонымен бiрге отаршыл 
ҽкiмшiлiк бұрыннан қалыптасқан қазақтың отырықшылық ұялары н бұзып, 
жергiлiктi тұрғындарды шҿл жҽне шҿлейт аудандарға күшпен кҿшiру 
фактiлерi жиiлендi. Бiр ғана Жетiсуда 30 мыңнан астам отырықшылдық 
ошағы талқандалынды. Осындай зорлық -зомбылық барлық жерде орын 
алды.Патша ҿкіметінің отарлау саясатының салдарынан Қазақстанның ауыл 
шаруашылығы дамудың орнына дағдырысқа ұшырады. Жерді тартып алу, 
отырықшылық ошақтарын талқандау, жергілікті халықты шҿл жҽне шҿлейт 
далаларға 
қуалау 
қазақтың 
егін 
шаруашылығын, 
ҽсіресе, 
мал 
шаруашылығын ҿркейтуге қолайсыз жағдайлар туғыз ды. Оған мысал, 
Қазақстанның далалық облыстарында /Жетісуды қоспағанда/ қой -ешкі 1880 
жылдан 1905 жылға дейін 24,9 пайыз, ал жылқы 1905 жылдан 1914 жылға 
4,1 пайыз кеміді. 
Жҽрмеңкелер тауар-рынок қатынастарын дамытуға жҽрдемдестi, мал 
шаруашылығының тауарлылығын арттыpyғa ынта туғызды, байлардың баи 
түcyiнe, сауда буржуазиясының ҿcyiнe себеп болды. Алыпсатарлар мал мен 
шикiзатты арзанға сатып алып, оны жҽрмеңкелерде қайтадан қымбат бағаға 
сату арқылы пайдаға кенелдi. Жҽрмеңкелер қазақ шаруашылығын Рес ейдiң 
капиталистiк 
экономикасымен 
байланысын 
нығайтты, 
натуралды 
шаруашылықтың ыдырауын жҽне патриархалдық -феодалдық қатынастардың 
күйреуiн тездеттi. 
Қазақстанда сауда капиталының пҽрмендi түрде ҿнyiмен ҿлкеде 
сауданың тұрақты формалары: дүкендер, кҿтерме сауда қоймалары кҿбейдi. 
XIX ғасырдың 80-90 жылдарында Қазақстанда ҿсiмқорлық сауда жаппай 
тapaған кез едi. Момын қазақ шаруалары ҿсiмқор капиталға түгелдей 
кiрiптар болды, ҿсiмқорлар кҿшпелi қазақ халқына аямай тұсау салды. 
Сонымен бiрге, ҿлкеде тауар айналымы ҿскен сайын ҿсiмқорлықпен қатар, 
банктер мен басқа да кредит мекемелерi беретiн қарыздардың капиталистiк 
формалары орын ала бастады. Ресей мен Орта Азия арасында ұлғая түскен 
сауда, сондай-ақ iшкi рыноктың ҿcyi, ҿлкеде сауда буржуазиясы ҽлеуметтiк 
тобын қалыптастырды. Қазақстанда сауда капиталының шонжарлары ҿсiп 
шықты. Мысалы, саудагер Деевтердiң, Путиловтардың, Оглотковтың, 
Хрупиннiң Орынборда, Троицкiде, Opcкiдe жҽне басқа қалаларда астық 
жҽне ҿнеркҽсiп тауарларын сататын ондаған дүкендерi қызмет е ттi. 


Қазақстанда капиталистiк түрдегi сауда -саттықтың күшеюi жергiлiктi сауда 
буржуазиясының 
қалыптасуына 
үлкен 
ҽcepiн 
тигiздi. 
Осы 
кезде, 
Қазақстанда 20-дан астам қалалар мен 400 казак -орыс поселкелері пайда 
болды. Қазақстан қалалары халқының қалыптасуы м ен ҿcyi Ресейдегi 
капиталистiк қатынастардың дамуымен тығыз байланысты едi. Қалаларда 
ҽскери адамдар, құрметтi азаматтар мен саудагерлер, қазақ ұлықтары тұрды. 
Қала 
халқының 
кҿпшiлiгi 
кедейленген 
шаруалар 
мен 
майда 
кҽсiпорындардың


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет