Дәріс мәтіндері Қазақстан тарихы курсына кіріспе



Pdf көрінісі
бет4/75
Дата19.10.2023
өлшемі1,46 Mb.
#119202
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   75
Байланысты:
Д ріс м тіндері аза стан тарихы курсына кіріспе

 
Жаңа тас дҽуірінің соңында адам баласы металдан қару-жарақ жасауды үйрене
бастайды. Алғашқыда мыс, одан соң қоладан құрал-сайман жасады. Мыс-тас дҽуірінің
ескерткіштері жаңа тас дҽуірінің соңғы кезіндегі ескерткіштермен мыс-қола дҽуірінің 
ескерткіштерінің алғашқы кезімен аралас кездесіп отырады. Олай болуы заңды. Бірақ 
Қазақстандағы мыс-тас дҽурінің ескерткіштері осы уақытқа дейін жеткілікті зерттел 
меген. Қола таза күйінде табиғатта кездеспейді, ол екі металдың қоспасы (мыс пен 
қорғасын). Қоланың пайда болуы адам ҿмірінде үлкен жаңалық, металл қорытуды 
бастағандығы. Бұл дамудың алғашқы прогрессивтік қадамы. Сондықтан да мыс тастан,
қола сияқты күрделі металға ҿту кезеңіндегі ҿтпелі дҽуір. Қоланың мысқа қарағанда 3 
тиімді жақтары бар: 
-
Ол тҿменгі температурада қорытылады
-
Ол берік, қатты металл одан жасалған қару-жарақ, құрал-сайман, ҽлдеқайда 
мықты болған; 
-
Ол алтын түстес, жалтырақ. 
Сҿйтіп, адам ҿмірінде металдың қызметке кірісуі еңбек ҿнімділігін арттырады.. Б.з.б. 
екі мыңжылдықтан бастап аналық құрылыс ыдырап, аталық рулық құрылыс дами
бастады. 
Ф. Энгельстің айтуы бойынша, ―Аналық-рулық құрылыстың ыдырауы, жеке 
семьялардың дамуын туғызады.‖ Қола дауірінің жеке семьялық обалар бұл пікірді 
толығымен қуаттайды. 
Қола дҽуірінің соңғы кезінде аталық-рулық құрылыс ҽлеуметтік жағынан ҿзгеріске 
түседі. Біріншіден, металдан жасалған құрал-жабдықтың пайда болуының ҿзінен 
біртіндеп ҿндіргіш күштің ҿскендігін кҿрсетсе, екіншіден ҿндірістік қатынастың да 
дамығанын байқатады. Оның ҿзі Қазақстан жерінде алғашқы қауымдық құрылыстың 
ыдырай бастағаны. 
Қола дҽуірінің қоныстарынан, молаларынан табылған үй жануарлары- ның сүйектері 
мал шаруашылығының дамығанын да кҿрсетеді. Ф. Энгельс ―бұл дҽуірде пайда болған, 
мал бағушы адамдар тағылар тобының арасынан бҿлініп шыға бастаған – осының ҿзі 
алғашқы еңбек бҿлінісінің пайда болғаны‖ – дейді. 
Мал басының кҿбеюі алғаш рет ҿнім кҿзінің ҿсуін кҿрсетеді. Мал шаруашылығы мен 
егін шаруашылығы қатар дами бастайды. Қола дҽурінде мал басы кҿбейіп, енді жайылым 
іздеп, жаз айларында жайлауға шығатын кҿшпелі мал шаруашылығы пайда болады. 
Қоладан жасалған құрал-жабдықтың жҽне ҽшекей бұйымдардың кҿптеп табылуына 
қарағанда, адамдар руда бар жерді тауып металл ҿндеуді игерген. Академик Қ. 
Сҽтбаевтың айтуына қарағанда, ертедегі кеншілер құрамында 5 фаиз мысы бар рудаларды 
пайдаланған. Ертедегі Жезқазған рудасынан 1000000 тоннадай алынған. Сонымен қатар 
бұл кездегі адамдар ҽлі де болса тастан, сүйектен құрал жасаудан бас тартпаған. Оған 
дҽлел қоладан жасалған құрал-жабдықтардың ҿзі ҿмірге деген қажеттілікті толық ҿтей 
алмағандығын кҿрсетеді. 
Қазақстан территориясындағы қола дҽуірі мҽдениеті үш кезеңге бҿліп зерттеледі: 
-бірінші кезеңі - б.з.б. ХVIII--ХVI ғғ; 
-екінші кезеңі - б.з.б. ХV – ХIII ғғ; 
-үшінші кезеңі - б.з.б. ХII--VIII ғғ.
Қазақстан жеріндегі қола дҽуірі кезінде ҿмір сүрген адамдардың мҽдениеті Андронов 
жҽне Беғазы-Дҽндібай мҽдениеті болып екіге бҿлінеді. 
Андронов мҽдениетінің ҿзіне тҽн ерекшеліктері бар болғандығынан үш кезеңге 
бҿлінеді: 


1.
Федоров кезеңі; 
2.
Алакҿл кезеңі; 
3.
Замараев кезеңі; 
Федоров кезеңінде адамды жерлегенде, мҽйітті ҿртеп күл-кҿмірін қойған. Ал кейбір 
жерлерде ҿртемей оң жақ қырымен жайғастырылып, бас жағына ас салынған құмыра, біз, 
пышақ тағыда басқа ҽшекей заттар бірге қойылған. Жасалған кҿзелердің шығыңқы келген 
иықшалары болған. 
Алакҿл кезеңінде ҿлікті жерлегенде, жартылай ҿртеп қою етек алған, кҿзелердің 
сыртындағы иықшалары жойылып, оның жаны ернеуінен түбіне қарай күрт түседі. Ал 
сыртындағы ҿрнектер кҿзенің тұла бойында үш бҿліктен салынған, ернеуінен мойнына 
дейін бір бҿлек, бүйірінде екіншісі, түп жағында үшінші бҿлік. Ҿрнектер кҿбінесе 
геометриялық сызықшалар, ҽсіресе, үшбұрышты жҽне қошқар мүйізді үлгілерде де 
кездеседі. Қола дҽуірінің осы екі кезеңінің қыштан жасалған ыдыстарының сыртындағы 
ою-ҿрнектердің үлгілері қазақ халқының тұскиіз, текемет, алаша, кілем, сырмақ сияқты 
бұйымдарының үлгі-ҿрнектері мен ұқсастығын кҿруге болады. 
Замараев кезеңі – қола дҽурінің соңғы кезеңі. Ғалымдар темір дҽуіріне ҿтетін ҿтпелі 
кезең деп те атайды. Оның ҿзіне тҽн ерекшеліктері:
- адамды ҿртемей шалқасына жатқызып жерлеу; 
- Замараев кезеңінде құмыралардың жасалу сапасы жағынан жҽне сыртына салынған 
ҿрнектерінің ҽдемілігі жағынан нашарлай бастайды. Ал діни нанымдар сол алдыңғы 
кезеңдердегідей сақталады. 
- Ғылыми пікірлерге қарағанда, жоғарыда кҿрсетілген кезеңдерде ҿмір сүрген рулар 
бірінің орнын екіншісі басып, екіншісінің орнын үшіншісі алмастырып дамып отырған.
Қола дҽуірінің ескерткіштеріне жүргізілген ғылыми зерттеу жұмыстары - бұл кездегі 
ҿмір сүрген адамдардың шаруашылығынан ҽдет- ғұрып, наным – сенімдерінен ғана ақпар 
беріп қоймай, олардың саяси - ҽлеуметтік жҽне қоғамдық құрылысынан да хабар береді. 
Қазба жұмысы жүргізілген молаларда, отбасылық, аталық рулық зираттар кездеседі. 
Олардың ҿзіне тҽн ерекшеліктері болған. Мҽселен, отбасылық молалар бір қоршаудың 
ішіне жерленсе, ал аталық рулық қабырлерде ер адамның жанына оның ҽйелі қоса
жерленген. 
Қазақстандағы Андронов тайпаларының басқа аумақтардағы тайпа лармен 
айырбас сауда қатынастарын жасағандығын кҿруге болады. Мҽселен, Оңтүстік Сібір 
жеріндегі Афанасьев мҽдениетінің молаларынан Арал теңізінде кездесетін ұлулардың
сүйектері табылған. Андронов тайпаларының молаларынан Мысыр, Месопотамия
жерінде жасалган ҽйнек тҽріздес моншақтар да табылған. Мұның ҿзі сауда
қатынасының қола дҽуірінің кезінде-ақ жандана бастағандығына дҽлел. 
Қола дҽуіріндегі Қазақстан аймақтарына тҽн тағы да бір мҽдениет Беғазы-Дҽндібай 
мҽдениеті болған. Бұл мҽдениеттің алғашқы мекендері Қарағанды маңындағы Беғазы 
ауылынан жҽне Балхаш кҿлінің солтүстік жағалауындағы Дҽндібай ауылынан табылған. 
Бұл мекендерден табылған заттар бір дҽуірге тиісті болғандықтан олар Беғазы-Дҽндібай 
мҽдениеті деп аталады. 
Беғазы-Дҽндібай мҽдениетін зерттеген ғалым қазақтың аса кҿрнекті археологы 
Ҽлкей Марғұлан.
Қола дҽуіріндегі Андронов жҽне Беғазы-Дҽндібай мҽдениеттерінің ҿзара 
айырмашылықтары бар: 
-


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет