Дәріс мәтіндері Қазақстан тарихы курсына кіріспе


бірнеше іздеу-зерттеу экспедицияларын



Pdf көрінісі
бет73/75
Дата19.10.2023
өлшемі1,46 Mb.
#119202
түріЛекция
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   75
Байланысты:
Д ріс м тіндері аза стан тарихы курсына кіріспе

бірнеше
іздеу-зерттеу экспедицияларын 
ұйымдастыру 
қажет.
6. Тарихтың кино өнері мен телевизиядағы көрінісі
Қазіргі замандағы халықтардың тарихи таным-түйсігінде кино ҿнері ерекше орын алады. 
Жалпы халықтың санасында фильмдердегі жарқын кинообраздар іргелі ғылыми 
монографиялардағы деректі портреттерден гҿрі маңыздырақ рҿл атқарады.
Сондықтан тез 
арада 
Қазақстанның 
ҿркениет 
тарихының 
үздіксіз 
дамуын 
кҿрсететін 
деректі-қойылымдық фильмдердің, телевизиялық сериалдар мен 
толықметражды көркем картиналардың арнайы циклін
ҿндіріске енгізу керек. 


Аталған жобалар кең халықаралық ынтымақтастық аясында отандық жҽне шетелдік үздік 
сценаристерді, режиссерлерді, актерлерді, продюсерлерді жҽне заманауи кино ҿндірісінің 
басқа да мамандарын тарту арқылы жүзеге асырылуға тиіс.
Қызықты ҽрі мелодрамалық сарындармен қатар, кҿрермендер үшін танымал фэнтези жҽне 
шытырман оқиғалы блокбастерлердің элементтерін қоса отырып, жаңа тарихи теле-кино 
туындылардың жанрларын барынша кеңейту қажет. 
Осы мақсатпен Ұлы даланың бай мифологиялық жҽне фольклорлық материалдарын 
пайдалануға болады.
Ұлт қаһармандарын үлгі тұту үрдісін қалыптастыруға жол ашатын сапалы балалар 
фильмдері мен мультипликациялық сериалдарды аса қажет ететін ҿскелең ұрпақтың да 
талғамына ерекше назар аудару керек. 
Біздің даңқты батырларымыз, ойшылдарымыз бен ел билеушілеріміз – тек Қазақстан ғана 
емес, сондай-ақ бүкіл ҽлем бойынша еліктеуге лайықты тұлғалар. 
1. Тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саясатының көп векторлығы.
Қазақстан ҿзiнiң тҽуелсiздiгiн алғаннан кейiн, егемен мемлекет ретiнде халықаралық 
байланыс жасауға, ҿзiнiң сыртқы саясатына айырықша кҿңiл бҿледi. Бұрын КСРО-ның 
құрамында болғанда Қазақстанның ондай мүмкiндiгi, жеке саясат жүргiзу құқы болмаған-
ды. 
Қазақстан ҿзiнiң сыртқы саясатында, ҽсiресе, басты үш мҽселеге ерекше назар 
аударады. Бiрiншiден, басқа елдермен, соның iшiнде бұрынғы Одаққа кiрген 
республикалармен, Азия, Тынық мұхит, Таяу Шығыс аймағы, Еуропа елдерi жҽне 
Америка Құрама Штаттарымен халықаралық байланысты ҿркендету. Екiншiден, шет 
елдермен тек дипломатиялық байланыс қана орнатып қоймай, сонымен қатар олармен 
мҽдени-экономикалық байланысты күшейту, сол арқылы алдыңғы қатарлы ҿркениеттi 
елдердiң қатарына қосылу. Үшiншiден, Қазақстанның қауiпсiздiгiн сақтау, дүниежүзiлiк 
соғысты болғызбау, ядролық қаруды қолдануды болдырмау. 
Мiне, осы бағытта 1991 жылдан бастап тҽуелсiз Қазақстан кҿптеген игi шараларды 
iске асыруда. Бұл уақыт iшiнде Қазақстан Республикасын дүние жүзiнiң 180-нен астам 
мемлекетi таныды. 2002 жылдың басында Қазақстан 120-дан астам елмен дипломатиялық 
қатынастар орнатты. Қазақстанды алғашқылардың бiрi болып Түркия, АҚШ, Франция 
жҽне т. б. мемлекеттер мойындалды. Қазiрде Қазақстан шет елдерде 40-тан астам 
дипломатиялық жҽне консулдық ҿкiлдiктер ашты. Ал Алматыда жҽне Астанада 50-ден 
астам шетелдiк елшiлiк пен миссия, халықаралық жҽне ұлтаралық ұйымдардың ондаған 
ҿкiлдiгi жұмыс iстейдi. 
Қазақстанның сыртқы саясатында ерекше назар аударып отыратын мҽселе, ол - 
ҿзiнiң ең жақын жҽне iрi кҿршi мемлекеттерiмен, соның iшiнде солтүстiкте Ресеймен, ал 
шығыста Қытай Халық Республикасымен ойдағыдай қарым-қатынас орнату. Осы 
саясаттың нҽтижесінде Қазақстан Республикасының егемен ел ретiндегi алдағы болашағы 
да байланысты. Сондықтан қалай дегенде де солтүстiгiмiздi жайлаған Ұлы елмен ҽрқашан 
жақын болу керек. Ҿйткенi Қазақстан үш ғасырға жуық уақыт Ресеймен тарихи сабақтас, 
тағдырлас, кҿршiлес қонып, шекаралас болып қатар ҿмiр сүрдi. Осы уақыт iшiнде 
Қазақстан мен Ресейдiң шежiресiнде талай күнгей де, күңгiрт беттерi болған. Оларды 
адамдар ауыздан-ауызға жеткiзiп, ұрпақтан-ұрпаққа берiп отырған. Ресеймен, орыстармен 
қарым-қатынастың қандай болуы, оны қалай құру жҿнiнде қазақтың ғұламалары, дана 
билерi ҿз заманында-ақ айқын да анық айтып кеткен. Ал соңғы жетпiс жыл бойы 
Қазақстан мен Ресей Кеңестер Одағы құрамында ҿз тҽуелсiздiгiн қойып, ҿз мүдделерiн 
ұмытып, ортақ шаруа атқарып, ортақ қазанға қызмет еттi. Барлық шаруашылық, бар 
тiршiлiк осыған бейiмделiп, Кеңес ҿкiметiнiң талабын орындады. Ендi Кеңес Одағы 


тарағаннан кейiн, бұл екi елдiң арасында тең құқық негiзiнде саяси жҽне экономикалық 
қатынастар орнады. 
Қазақстан үшiн Оңтүстiк-Шығыстағы үлкен кҿршi - Қытайсыз ҽлдебiр үлкен саясат 
жүргiзу қиын екенiн ерекше атап айту керек. Сондықтан тҽуелсiздік тiзгiнi қолға тигеннен 
берi Республиканың сыртқы саясатында темiрқазыққа айналған бағдарлама – Қытай 
Халық Республикасымен қарым-қатынастарды айқындау. Мiне, осы бағытта Қазақстан 
бiрқатар шараларды iске асырып, Қытаймен достық байланысты орнатуда едҽуiр 
табыстарға қол жеттi. Алғашқы кездегi басты мiндет - жан-жақты экономикалық 
байланыстарды дамытып, шекарадағы шиеленiстердi тоқтату едi. Оның үстiне, 
Қазақстанның стратегиялық мақсаты - Қытай арқылы дүние жүзiне шығудың жҽне бiр 
жаңа жолын ашу. Ҿйткенi Қазақстан ҿзiнiң тҽуелсiздiгiн алғанға дейiн, шет елдермен 
экономикалық жҽне саяси байланыстарды тек Орталық, яғни Ресей, арқылы жасап келген 
болатын. Ендi Қытаймен қарым-қатынасты қалыпты жағдайға келтiрумен байланысты 
елiмiзге сыртқы рынокқа шығудың баламалы қосымша жолдарына түсу мүмкiндiгi туды. 
Қазақстанның сыртқы саясатында АҚШ-пен қарым-қатынасының маңызы ҿте зор. 
Бұл қарым-қатынас Америка Құрама Штаттары Қазақстан Республикасын мемлекет 
ретiнде таныған 1991 ж. 25 желтоқсанынан мемлекеттер арасында елшi дҽрежесiндегi 
толыққанды дипломатиялық қатынастар орнады. Осылайша, ұлы мемлекеттердiң iшiнде 
Қазақстанды алғашқылардың бiрi болып таныған АҚШ оның тҽуелсiз мемлекет ретiнде 
қалыптасуына ҿзiнiң мүдделi екенiн кҿрсеттi. Екi мемлекет арасында қарым-қатынастық 
байланыстар орнатылған алғашқы күндерден бастап, ол жоғары деңгейлерде үнемi қолдау 
тауып келедi. 1991 жылдың желтоқсанында Мемлекеттiк хатшы Дж. Бейкер Алматыға 
келiп, Н. Ҽ. Назарбаев жҽне басқа да ресми адамдармен келiссҿздер жүргiздi. 1992 
жылдың кҿкек айында Қазақстанға Еуропадағы қауiпсiздiк жҽне қарым-қатынастар 
жҿнiндегi АҚШ Конгресi комиссиясының делегациясы келдi. Сол жылғы мамырда 
Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ҽ.Назарбаев Америка Құрама Штаттарына 
алғашқы сапармен барды. Осы сапардың барысында: "Сауда қатынастары жҿнiндегi 
келiсiм", "Қаржы салымдарын ҿзара қорғау жҿнiндегi шарт", "Қазақстан Республикасы 
жҽне АҚШ үкiметтерi арасындағы ҿзара түсiнiстiк жҿнiндегi меморандум", "Қос қабат 
салық салуды болдырмау жҿнiндегi конвенция келiсiмi туралы бiрлескен мҽлiмдемелерге" 
қол қойылды. Сҿйтiп, екi жақты қарым-қатынастардың шарттық-құқылық негiздерi 
қаланды. 
Қазақстан Республикасының сыртқы саясатындағы басты кҿңiл аударып отырған 
мҽселелердiң бiрi – елдiң шекаралық қауiпсiздiгiн сақтау. Бiзбен солтүстiкте бiрнеше мың 
шақырым шекараласатын Ресей мемлекетiмен, оңтүстiк шығыста Қытай Халық 
Республикасымен шекараны тұрақтандырып бекiту мiндетi қойылған. Шекара – 
мемлекеттiк егемендiктiң басты белгiлерiнiң бiрi. Сондықтан бұл маңызды саяси проблема 
Ресей мен Қазақстан үкiметтерi арасындағы кездесулерде ҽлденеше рет ҽңгiме арқауы 
болды. Осының нҽтижесiнде екi ел арасында 1992 ж. 15 мамырда ұжымдық қауiпсiздiк 
туралы шартқа жҽне 1999 ж. 28 наурызда Қазақстан Республикасы мен Ресей 
Федерациясы арасындағы Ҽскери ынтымақтастық туралы шартқа қол қойылды. Бұл 
шарттарды басшылыққа ала отырып, Қазақстан мен Ресей ҽрi қарай да аймақтық 
қауiпсiздiктi бiрлесiп нығайту жҽне қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты дамыту, 
сҿйтiп сыртқы саясат саласында ҿзара бiрлесiп ҽрекет ету жолын жалғастыру кҿзделген. 
Ресей мен Қазақстан арасындағы қауiпсiздiк жҽне сыртқы саясат мҽселесi екi ел 
арасындағы 1998 жылы шiлдеде қабылданған "Мҽңгi достық жҽне одақтастық туралы 
декларацияда", сондай-ақ, экономикалық ынтымақтастық туралы алдағы 10 жылға (1998-
2007 жж.) арналған экономикалық бағдарламада ҿзiнiң даму кҿрiнiсiн тапты. Осы 
келiсiмдер негiзiнде Қазақстан-Ресей шекара белдеулерiнде милитациялау шаралары 
жүргiзiле бастады. Сонымен қатар, Қазақстан Ресей жалға алып отырған республика 


аумағындағы полигондарды қысқарту мүмкiндiктерiн қарауды ұсынды. Ал 2000 жылдың 
қаңтар айында Мҽскеуде ҿткен екi мемлекет басшыларының кездесуiнде басты үш бағыт 
туралы келiсiм жүргiзiлдi. Бiрiншiсi – екi ел саясатындағы қарым-қатынастың 
сабақтастығы. Бұған заңдылық келiсiмдiк база жеткiлiктi. Екi мемлекет қызметiн 
реттейтiн 200 құжатқа қол қойылған. Екiншiсi – қауiпсiздiк мҽселесiндегi ынтымақтастық. 
Үшiншiсi – шекараны нақтылау мҽселесi. 
Қазақстанның кҿршi мемлекеттермен шекарасының жалпы ұзындығы 20 мыңға 
жуық шақырымды құрайды. Соның iшiнде Қазақстан Республикасының Қырғыз 
Республикасымен 
мемлекеттiк 
шекарасы 
шамамен 
1050 
шақырым, 
Ресей 
Федерациясымен – 14,5 мың шақырым, Түркiменстанмен – 400 шақырым, Ҿзбекстан 
Республикасымен – 1660 шақырым. Ресеймен шекараны делимитациялау мҽселесi 1999 
жылдан басталды. Осы уақыт iшiнде 6400 шақырым мемлекеттiк шекаралық желiсiн 
анықтау аяқталды. Қалған шекараны делимитациялау iсiн алдағы жылдары аяқтау 
кҿзделiп отыр. 
Шекара мҽселесiн Азия елдерiнде тұрақты шешуде Шанхай ынтымақтастық 
ұйымының (ШЫҰ) атқаратын рҿлiн ерекше атап кҿрсеткен жҿн. 1996 жылғы сҽуiр айында 
Шанхайдағы кездесу кезiнде Ресей, Қытай, Қазақстан, Тҽжiкстан, Қырғызстан басшылары 
шекараларды бұзбау, олардың арасындағы бейтарап аймақтық қашықтықты 100 
шақырымға дейiн жеткiзу келiсiмiне қол қойды. Шекара ауданындағы ҽскери саладағы 
сенiм шаралары туралы бұрын-соңды жасалып кҿрмеген бұл шарттың орасан зор маңызы 
бар. Ҿйткенi бұл бес ел арасындағы жағрафиялық үлкен кеңiстiкте тұрақтылықты нығайту 
үшiн берiк ал алғышарттар жасайды, соның iшiнде бiздiң Қазақстанның шекаралық 
қауiпсiздiгi мүдделерiне қызмет етедi. Кейiн бұл келiсiмге Ҿзбекстан Республикасы 
қосылды. 
Қазақстанның сыртқы саясатындағы басты мақсат - бейбiтшiлiк, соғысты болғызбау. 
Сондықтан этникалық жанжалдар мен территориялық дау-жанжалдар туыла қалғанда, 
оны қайткен күнде де саяси жолдармен реттеуге Қазақстан тарапынан күш салынады. 
1992 ж. Бiрiккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 47 сессиясында Президент Н. 
Назарбаев Азияда ҿзара ынтымақ пен сенiм шараларын орнықтыру туралы мҽселе кҿтердi. 
Оған сҽйкес 1993 ж. кҿктемде Алматыда осы мҽселеге байланысты шақырылған бiрiншi 
бас қосуға оннан аса мемлекеттен ҿкiлдер келген болса, сол жылғы тамыз айындағы 
кездесуге он жетi елден сарапшылар тобы қатысты. Қазақстанның Хельсинки процесiне 
қосылуы, Еуропадағы қауiпсiздiк пен ынтымақтастық жҿнiндегi ұйымның жұмысына 
қатысуы /1992 жыл/, қауiпсiздiк пен сенiм шараларының дамыған инфрақұрылымына 
кiрiгуi жас мемлекеттiң егемендiгiн едҽуiр нығайтуға мүмкiндiк бердi. Ал 1996 ж. 31 
қыркүйекте Қазақстан БҰҰ-ға мүше 129 елдiң қатарында бүкiл жер бетiнде ядролық 
қаруды таратпау жҿнiндегi шартқа қол қойды. 
Қазақстан экономикасының дамуында сыртқы сауданың маңызы ерекше зор. 
Егемендiк алған жылдардан берi Қазақстан дүние жүзiнiң 180-нен астам елiмен сауда 
қатынасын орнатты. Осының нҽтижесiнде Қазақстанның сыртқа шығаратын жҽне сырттан 
бiзге алып келетiн тауарлардың /қаржы түрiндегi/ кҿлемi жылдан-жылға ҿсiп келедi. Бiр 
қуанарлық нҽрсе, республиканың экспортқа шығаратын тауары импорттан асып 
отырғандығында болып отыр. Мысалы, 1995 ж. экспорт импорттан 1 млрд. 250 млн. 
доллар кҿлемiнде асып түскен, немесе 64 пайызға ҿскен. Сол жылы оның алдындағы 1994 
жылмен салыстырғанда агроҿнеркҽсiп кешенi ҿнiмiнiң экспортын 2,5 есе арттырды. 
Сҿйтiп, ол импорттан алғаш рет 1,7 есе асып түстi. Ал 2001 ж. Қазақстанның сыртқы сауда 
кҿлемi 14 млрд. АҚШ долларынан асты. 
Қазақстанның сауда айналымының шамамен 62 пайызы ТМД елдерiнiң үлесiне, 23-
24 % Еуропа елдерiнiң (35 ел), 13 % Азия аймағы елдерiнiң үлесiне тиедi. Ескере кететiн 
бiр нҽрсе - сауда кҿлемi Батыс Еуропа елдерiнде арта түсiп, Шығыс Еуропа (бұрынғы 


социалистiк мемлекеттер) елдерiнде едҽуiр кемiп бара жатқаны байқалады. Батыс 
Еуропаның қалтасы қалың инвесторлары үшiн Қазақстан кҽсiпорындарының есiгi барған 
сайын айқара ашылып келедi. Алдағы кезде Еуропа Сыртқы сауда бiрлестiгiне мүшелiкке 
ҿтетiн болады. Мiне, сол кезде Еуропа Одағына кiретiн елдермен екi арадағы сауданың 
бұдан да кең ҿрiс алуына қолайлы жағдайлар туатыны сҿзсiз. 
Қазақстанның сыртқа шығаратын тауарларының басты түрi металл (34 %), мұнай, 
газ, кҿмiр, минералдық тыңайтқыш (35 %), азық-түлiк тағамдары (12 %) қалғандары 
химия тауарлары (9 %), транспорт құралдары, приборлар жҽне аппараттар (5 %). Оның 
басым кҿпшiлiгiн бұрынғы одақтас республикалар сатып алады. 
Қорытып айтқанда, 1991 жылдан берi тҽуелсiздiк тұғырына қонған Қазақстан дүние 
жүзiнiң кҿптеген елдерiмен терезесi тең деңгейде дипломатиялық жҽне экономикалық 
қарым-қатынас орнатты. Осы уақыт iшiнде елдiң сыртқы саясаттағы күш-жiгерiнiң 
арқасында орасан зор тарихи маңызы бар мiндеттер орындалды, ол дүниежүзiлiк аренадан 
беделдi ҿз орнын алды. Соның нҽтижесінде Қазақстан Республикасы Дүниежүзілік сенімді 
ұйым ЕЫҚ-қа 2010-2011 жылдары тҿрағалық етуде. Сондай-ақ, Қазақстан шекарасының 
ҿн бойында берiк халықаралық-құқықтық негiзге сүйенетiн қауiпсiздiк, тату кҿршiлiк 
жҽне достық белдеу жасаған 2010 жылдың 1 шілдеден Ресей Федерациясы, Белорус жҽне 
Қазақстан Республикалары аралығында Кедендік Одақ келісімі жасалынды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет