Дәріс мәтіндері Қазақстан тарихы курсына кіріспе


Тақырып 5. Ҧлы Дала Алтын Орда кезеңде (XIII-XV ғғ.)



Pdf көрінісі
бет12/75
Дата19.10.2023
өлшемі1,46 Mb.
#119202
түріЛекция
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   75
Байланысты:
Д ріс м тіндері аза стан тарихы курсына кіріспе

 
Тақырып 5. Ҧлы Дала Алтын Орда кезеңде (XIII-XV ғғ.) 
1. Қазақстан үш монғол ұлысының құрамында. 
2. Алтын Орданың Еуразия империясы ретінде құрылуы: территория, этникалық процестер, 
мҽдени симбиоз.
3. XIV-XV ғғ. Ортағасырлық мемлекеттер. Ақ Орда (XIII ғ. соңы – XVғ. басы).
Тақырып 6. 
XIV-XV ғғ. Ортағасырлық мемлекеттер. 
1. Моғолстан (XIV ғ. ортасы – XVI ғ. басы). Аумағы мен этникалық құрамы. 
2. Кҿшпелі ҿзбектер мемлекеті (1428-1468 жж.), немесе Ҽбілқайыр хан мемлекеті. Аумағы 
жҽне этникалық құрамы.
3. Ноғай ордасы. Аумағы жҽне этникалық құрамы. 
ХIII ғасырдың бірінші жартысында Қазақстан халықтары мен тайпалары Монгол 
империясының құрамына кірді. Тарих ғылымы дамуының қазіргі кезеңінде монғолдардың 
билік ету кезеңі ҽртүрлі түсіндіріледі. Ең алдымен монғолдар шапқыншылығының 
ҿлкенің ҽлеуметтік-саяси, шаруашылық, этникалық жҽне мҽдени дамуына теріс ҽсер 
еткені анық. Сонымен бірге осынша кең-байтақ географиялық-саяси кеңістікте Монғол 
империясының, атап айтқанда, Алтын Орданың құрылуы біртұтас саяси жүйенің 
құрылуына ҽкеп соғып, соның шеңберінде сауда, халықаралық байланыстардың дамуы 
байқалды, сондай-ақ орталықтандырылған билік идеясы, мемлекеттілік пен фискалдық 
қызметтің маңызды элементтері таралды. 
Бұл дҽріс мҽтініміз осы империяның құрылуы жҽне оның ҽлем тарихындағы орнына 
арналады. 
 
Заманымыздың IV ғасырында Амур ҿзені бойындағы тайпалардың ішіндегі ең ірісі 
жҽне ықпалдысы ―ұж‖ тайпасы болып, олардан VII ғасырда 16 аймандық (рулық) болған 
“мохе
‖ тайпасы келіп шіққан. Мохэ тайпасы Аргун, Шилка ҿзендері жҽне Байкал кҿлін 


жағалай кең-байтақ аймақтарда ҿмір сүрген. Бұл казіргі Чита облысының шығыс жҽне 
солтүстік-шығыс аудандарының аймағы. 
IХ ғасырдың басында мохе тайпасынан бір айман (ру) қазіргі Оңтүстік Монголия 
терреториясына бҿлініп шығып кеткен. Қытай деректерінде олар ―
татань
‖ деп аталса, ал 
европа деректерінде 
“татар
‖ деп аталып кеткен.
Татань тайпаларының қоғамдық қүрылымы ру-тайпалық қатынастарға негізделіп 
қалыптасқан:
-бірінші ҽлеуметтік қатынастар – бұл ―
отбасы
‖;
-бірнеше отбасыдан қүрылған –―
айман
‖(―ру‖)дар;
-бірнеше айманнан қүрылған ақсақал басшылығындағы бірлестік – ―
хотон
‖(―аул‖);
-тайпалардың бірлестігінен – 
Ұлұс
тар құрылған. 
Бұл тайпалар негізгі жартылай кҿшпелі мал шаруашылығымен шүғылданған. 
Олардың отырақтанған бҿлігіде бұрынғы ҿмір салттарын жоғалтпаған. Қысты олар ық 
жҽне қолайлы мекендерде мекендеп, оларды ―
қыш-лақ
‖ деп атаған, ал жазда сулы, кҿк 
жайылымдарда ҿткізіп, оны ―
яй-лақ
‖ деп атаған.
-Монғолдар қоғамының дамуындағы ерекшеліктер неде?—деген сүраққа жауап 
бере кетейік
.
Тынық мұхиттан Алтайға дейінгі кең-байтақ далада ҿмір сүрген бұл тайпалардың 
дамуындағы сипаттамалар:
-темір ҿңдеудің ерте дамуы;
-кҿршілес тайпаларды жаулап алу.
Байкал кҿлі маңы, Амур бҿйында, Қиыр Шығыста ҿмір сүрген бұл халықтар б. з. 
бұрын темір ҿңдеуді игеріп алған. Онда темір ҿңдеу Қытай, Жапония жҽне Карей
ҿлкелерінен бұрын пайда болған. Монғолдардың жҽне түрік халықтарының аңыздарында 
темірші шеберлердің ҿте жақсы сипаттамалары берілген. Олар темірші шеберлерді ресми 
дарежеде ―дархан‖ деп атаған. Бұл қоғамда теміршілердің ҿте жоғары дҽрежеде 
болғандығының мысалы, монғолдар империясының негізін құрған кісінің аты да Темүчин 
(―темірші шебер‖) болғандығы. 
ХІІІ ғасырдың басында үстемдік жүргізуші нояндар мен олардың езгісіндегі 
араттардан тұратын татар-монгол тайпаларының саяси жағынан басын біріктірген Монгол 
феодалдық мемлекеті құрылды. Оның негізін салушы Темүчин болды. Ол 1162 (1155) 
жылы ірі ноян Есүгей баһадүрдың отбасында түылған. Темүчин ержете келе негізгі 
қарсыластарының барлығын жеңіп, Монғолдың бүкіл тайпаларын ҿзінің қол астына 
біріктірген. 1206 жылдың кҿктемінде Ҿнан ҿзенінің сағасында Темүчинді жақтаушы 
монгол ақсүйектерінің құрылтайы болып, онда ол салтанатты жағдайда Шыңғысхан деген 
атпен жалпы монғолдардың ҽміршісі болып жарияланды.‖Шыңғыс‖-сҿзбе-сҿз аударғанда 
―таза‖, ―қүуатты‖ деген ұғымды білдіріп, ―Шыңғысхан‖ –«хандардың ханы» деген 
мағына береді. Шыңғысхан ҽскери-ұйымдастыру принципін мемлекеттік құрылыстың 
негізі етіп алды. Елдің бүкіл жері мен халқы ―оң қанат‖-―барүнғар‖, ―сол қанат‖-―жоңғар‖ 
жҽне ―орталық‖-―гол‖ немесе «күл» деп аталатын үш ҽскери-ҽкімшілік округке бҿлінген. 
Ҽрбір округте он мың адамнан тұратын ―түмге‖(тімен)дер болған. Олар ондық 
системасындағы ―мыңдық‖, ―жүздік‖, ―ондық‖тардан түрған. 
Империяда темірдей қатал тҽртіп болған. Ҽскербасыларға үстем тап ҿкілдері 
нойондар, баһадүрлер, мергендер жҽне сечендер тағайындалған. Шыңғыс ханның ҿзіне 
тікелей бағынатын10 мың адамнан тұратын кешігі де болған.
1207 жылдың соңы мен 1208 жылдың басында Жошы Енесай қырғыздарын жҽне 
Сібірдің оңтүстігіндегі басқа да ―орман халықтарын‖ бағындырды. Монғолдардың 
қаһарынан сескенген қазіргі Шығыс Түркістан аймағындағы ұйғырлар монғолдарға ҿз 
еркімен бағынды. Монғолдар олардан ұйғыр жазуын алды.


1211 жылы Шыңғыс ханның қолы Солтүстік Қытайға бет алды. 1215 жылы Цзинь 
мемлекетінің астанасы болған Чжүндуды(Пекинді) бағындырды...
Шыңғыс хан Қазақсан мен Орта Азияға жорықты Жетісу арқылы жүргізбекші болды. 
Ҿз басының жеке жауы найманның ханы Күшлік ханды талқандап, бай қалалары бар 
Жетісуды ҿзіне қарату үшін оған Жебе ноян бастаған ҽскер тобын жіберді. 
Жетісуды Шынғыс хан аса кҿп қарсылықсыз-ақ басып алды. Монғолдарға қарсы 
тұруға жарамай қашып кеткен Күшлік ханның жігерсіздігіне, салықпен зар илеткен 
зорлық-зомбылығына 
ыза 
болған 
найманның 
феодалдары 
Шыңғыс 
ханға
мойынсұнатынын білдіріп, ҿз еріктерімен берілді. 
Жетісудағы халықтың қалың бұқарасы Шынғыс ханға қарсылық кҿрсетуге 
тырысқанмен, жақсы қаруланған, саны да мол монғол ҽскерлерінің шабуылына тҿтеп 
бере алмады. Соның ҿзінде де Жетісу қалалары монғолдарға қарсылығын кҿпке дейін 
тоқтатқан жоқ. 
Жетісуді бағындырғаннан кейін Шынғысханның Мауараннахрға, сол кезде бүкіл 
Орта Азияны билеп отырған Хорезм мемлекетіне қарсы жорығына жол ашылды. Орта 
Азияны бағындыру үшін Шыңғысхан ҿзіне тҽуелді елдерден алған жасақтармен қоса 
жалпы саны 120-150 мыңға дейін адамы бар қалың қол жіберді. Жорық 1219 жылғы 
қыркүйекте Ертіс жағалауынан басталды. 
Монғол ҽскері Отырарға таяп келгенде монғолдардың басшысы Шағатай мен Үгедей 
бастаған бірнеше түменді қаланы қоршау үшін қалдырып, ҽскерлердің Жошы бастаған 
басқа бір шоғырын Сыр бойымен тҿмен жіберді. Үшінші шоғырға Сырдарияның жоғарғы 
ағысы бойындағы қалаларды бағындыру міндетін жүктеді. Шыңғыс хан тҿртінші ұлы 
Тҿлеймен Бұхараға беттеді. 
Хорезм шахы Мұхаммед моңғолдарға қарсы тұруға дайын емес еді. Ҿзін онша 
жақсы кҿрмейтін жергілікті феодалдардың күш біріктіріп қарсы шығуынан қорыққан ол 
ҽскери күштерді ҽр қалаға бҿліп ұстап отырған. Мұның ҿзі Шыңғыс ханға қалаларда 
тұрған шағын-шағын шоғырларды оп-оңай құртып жіберуге мүмкіндік берді. 
Моңғолдардың қарамағында бұл тұста кҿптеген жергілікті феодалдар мен 
саудагерлер бар еді. Олар Шыңғысханды қажетті мҽліметтермен жабдықтап отырды. 
Жетісуда Шыңғыс ханға ҿз ҽскерлерімен Бесбалық қаласының билеушісі мен 
Алмалықтың ірі феодалы Сугнак тегін келіп қосылды. Шыңғыс хан нҿкерлерінің ішінде 
Қойлық қаласының ҽмірі де болды.
1219 жылы қыркүйекте Шыңғысхан ҽскерлері Отырар қаласына келіп, оны қоршауға 
алды. Қалада 80 мыңдай ҽскер бар еді. Отырар қорғанысы Қазақстан мен Орта Азияның 
халық бұқарасының монғол басқыншыларына қарсы жүргізген ерлік күресінің айқын 
кҿрінісі болды. Қарамағында қамал бұзатын техникасы, соның ішінде жанып кететін 
күбішіктер, ататын машиналары болса да монғолдар бұл қаланы бес ай бойы ала алмады.
Қаланың құлауына опасыздық себеп болды. Ҽскер басыларының бірі Қарадша түн 
жамыла қала қақпасынан шығып, монғолдарға берілді. Қаланы қоршап тұрған монғол 
ҽскерлері осы қақпа арқылы қалаға лап беріп басып кірді... . Қала бір ай таланып қиямет 
қырғынға ұшырады. Осылайша, алты ай ішінде қаланы монғолдар жаулап алды. 
Отырар қамалын жермен-жексен етіп, Шағатай мен Үгедей бастаған монғол 
шоғырлары Шыңғысханға келіп қосылды. Бұл кезде Шыңғысхан Бұхара мен Самарқанд 
арасындағы жолда болатын.
Сыр бойындағы қалалардың тұрғындары да ерлікпен қорғанды. Соның бірі
Сығанақ қаласы еді. Ол ҿзі жақсы бекінген, халқы кҿп, ірі сауда қаласы болатын. Жошы 
бастаған монғолдар қаланы ұрыссыз беруді талап етіп, Сығанаққа Хасан қожа саудагерді 
жіберді. Сығанақ халқы келіссҿзге кҿнбеді, олар сатқын есебінде Хасан қожаны ҿлтірді.
Жеті күнге созылған шабуылға қала тұрғындары табан тіресіп қарсыласты. Бірақ кҿп 
ұзамай Сығанақ құлады. Кҿп ұзамай Үзгент қаласы да алынды. 1220 жылы 4 кҿкекте 


монғолдар ҽскері Жент қаласын бағындырды. Ҽскердің Жошы жіберген басқа ірі 
шоғыры Янгикентті басып алды. 
Сыр бойындағы қалалардың қарсылығын жеңгеннен кейін Шыңғыс ханның 
ҽскерлері Орта Азияның ішіне баса кҿктеп енді. Бірақ мұнда да олар халық бұқарасының 
қасарысқан қарсылығына кезікті. Үргенш қаласының тұрғындары қаланы бірнеше ай 
бойы ерлікпен қорғады. Сондықтан бұл қалаға Жошы, Шағатай жҽне Шыңғысхан 
ҽскерлерін ҽкелуге мҽжбүр болды. Қала алдырмады. Оны тура шабуылман ала алмаған
моңғолдар Ҽмудария ҿзенінің бҿгетін бұзып, қаланы топан суға қаптатып барып қана 
басып алды. 
Сонымен, 1219-1224 жылдарда болған шапқыншылық нҽтижесінде Қазақстан мен 
Орта Азия Шыңғысхан империясының құрамына енді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет