Дәріс мәтіндері Қазақстан тарихы курсына кіріспе


Монғол ҧлыстарының қҧрылуы



Pdf көрінісі
бет13/75
Дата19.10.2023
өлшемі1,46 Mb.
#119202
түріЛекция
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   75
Байланысты:
Д ріс м тіндері аза стан тарихы курсына кіріспе

2. Монғол ҧлыстарының қҧрылуы. 
Ҽлемнің жартысын жаулап алып, орасан зор империя құрған Шыңғыс хан 1223 
жылы ҿзінің тҿрт ұлына ұлыс бҿліп берді: 
--Үлкен ұлы Жошының ұлысы Ертістен батысқа қарай жҽне «Қойлық пен Хорезм 
шекарасынан Саксин мен Булгардың татар аттарының тұяғы тиген жерлерге дейінгі» 
ұшы-қиырсыз аймақты алып жатты. Рашид ад-Диннің деректеріне қарағанда Жошының 
ордасы Ертісте болған, бірақ басқа деректемелер оны Сарысуға жақын , «қыпшақтар 
елінде» жерленген дейді. 
--Екінші ұлы Шағатайдың иелігіндегі жерлер Оңтүстік Алтайдан Ҽмударияға 
дейінгі, «ұйғырлар ҿлкесінің шекарасынан Самарқанд пен Бұхараға дейінгі жерлерді», 
яғни Шығыс Түркістанды, Жетісу мен Мауаранахрдың денін қамтыды. Жамал Каршидің
деректері бойынша, Шағатай иеліктерінің негізгі бҿлігін құраған ҿлке Аларғу ели деп 
аталды; оның басты қаласы Алмалық болды. Шағатайдың жазғы ордасы Іле ҿзенінің 
алқабындағы Құяш деген жер болды. Оның мирасқорларының ордасы, Жувейни деректері 
бойынша, түрікше Ұлығ-Иф(Ив) деген атпен, яғни «Үлкен үй», ал нумизматика деректері 
бойынша Орду ҽл-Азам деген атпен мҽлім болған. Шағатай мен оның мирасқорлары 
иеліктерінің құрамына Балх жҽне Хорасан ҿлкелері де кірді.
--Үшінші ұлы Үгедейдің ұлысына Жоғарғы Ертіс пен Тарбағатай аймағы жҽне 
Батыс Монғолия аймағы қарайтын болған. 
--Кіші ұлы Тҿлей Шыңғыс ханның негізгі жұртын – Монғолияны, сондай-ақ, тұрақты 
129 мың адамдық армиясының 101 мыңын алды. 
Үлкен ұлдарының ҽрқайсысына тұрақты армиядан 4 мың адамнан бҿліп берген. 
Қалған ҽскерін туысқандарына жҽне сенімді нояндарына үлестірген.
Сонымен Қазақстан аумағы монғолдың үш ұлысының құрамына: үлкен (далалық) 
бҿлігі – Жошы ұлысының; Оңтүстік жҽне Оңтүстік-Шығыс Қазақстан – Шағатай 
ұлысына; Жетісудің солтүстік-шығыс бҿлігі мен Шығыс Қазақстан –Үгедей ұлысы 
құрамына кірді.
Жошы ұлысы. Қазақстан Алтын Орданың құрамында.
Шынғыс ханның үлкен ұлы 
Жошы ҿз ұлысын тҽуелсіз мемлекет етуге күш салды; Ол 1227 жылы қыста аң аулап 
жүріп қазаға ұшырады. Мирасқоры оның ұлы Батый болды. Батый қолының Руське жҽне 
Еділден батысқа жасаған жорықтары Жошы ұлысын Алтайдан Дунайға дейінгі байтақ 
ҿлкені алып жатқан, орталығы тҿменгі Еділде орналасқан ұлан-байтақ мемлекет құруға 
мүмкіндік берді. Тарихи ҽдебиетте бұл мемлекет Алтын Орда деп аталады.
Алтын Орданың астанасы Сарай Бату (қазіргі Астрахань маңында) болды. Кейінірек 
астана Сарай Беркеге (Еділ бойымен Сарай Батудан жоғарырақ) кҿшірілді. 
«Алтын Орда» ұғымы біртекті емес: кей авторлар Алтын орда деп Батый мен оның 
мирасқоры Беркенің жеке иелегіндегі жерлерді, яғни Тҿменгі Еділ бойы мен Солтүстік
Кавказды, ал басқа бір деректерде түгелдей Жошы ұлысын қамтыған дейді.


1227-1255 жылдарда билік құрған Батый зор беделге ие болды. Алайда Батыйдың 
да, оның мирасқорлары тұсында да Алтын Орда біртұтас мемлекет бола алмады. Жошы 
ұлысы үлестерге – оның кҿптеген ұлдарының ұлыстарына ыдырады. Ҿз кезегінде Алтын 
Ордада ұлыс жүйесі қалыптасты. Мысалы: 1236-1242 жылдарда Шығыс Европаға жасаған 
жеті жылдық жорықтан оралғаннан кейін ҿзінің ағасы Орда Еженге Жетісудің
солтүстік—шығыс бҿлігіндегі жерлер, Ертіс бойындағы кең-байтақ аймақ, Ұлытау мен 
Қаратауға дейінгі жерлерді ұлыс етіп берді. Бұл ұлыстың аумағы біртіндеп кеңейе берді. 
ХIII ғасырдың екінші жартысында-ақ Орда Еженнің немересі Қонышының тұрған жері 
деректеме бойынша Орта Сырдариядағы Жент пен Үзкент маңында болған; ұлыстың 
саяси орталығы осы жерге ауысқан еді.
Іс жүзінде ХIII ғасырдың ортасынан бастап Орда Ежен ұлысы дербес мемлекет 
болып, шығыс деректемелерінде Ақ Орда деп аталған. Оған билік жүргізгендер хан 
атағын иеленіп, олармен Батый хан жҽне оның мирасқоры ғана емес, сондай-ақ бүкіл 
империяның жоғары хандары да санасып отырған. Рас, кейде Алтын Орда таққа 
отырғандарға ел билеуге жарлық беріп отырған, бірақ мҽселе осымен тынып, мемлекет 
істеріне нақты араласу болмаған.
Орда Ежен ұлысынан батысқа қарай Шайбани иелігіндегі жерлер жатты. Ол туралы 
Махмуд ибн Уали былай деп хабарлайды: «...Шыңғысханның ұлы Жошы ханның баласы 
Шайбани хан жеті жылдық жорықта астар, орыстар, чернестер жҽне бұлғарлар елдерін 
жаулап алған кезде ептілік кҿрсетіп, ағасы Батый ханнан сыйлық ретінде тҿрт аймақ 
алды». Шайбани үлысының аумағы туралы Ҽбілғазы былай деп хабарлайды: «Шайбани 
жазда Орал бҿктеріндегі, Тобыл, Жайық, Ырғыз ҿзендерінің аралығындағы кең-байтақ 
жерлерде, ал қыста – Арал теңізі ҿңірінде, Шу, Сарысу ҿзендерін бойлап жҽне 
Сырдарияның тҿменгі ағысында кҿшіп жүрген».
ХIII ғасырдың екінші жартысындағы – ХIV ғасырдың басында Алтын Орданың 
тарихы орыс князьдықтарымен, Иранның Хулагу ҽулеттері мен болған үздіксіз 
соғыстарға толы; бұлардан Берке (1257-1266) мен оның мирасқорлары Азербайжанға 
жҽне Оңтүстік Каспий маңындағы басқа да жерлерді иелену құқығына таласты. Менгу 
Темір тұсында (1266-1280) Алтын Орда Монғол империясының орталығынан біржола 
оқшауланып, тұнғыш рет ҿз атынан теңге соға бастады, Орта Азия мен Жетісуда Шағатай 
ұрпақтарының билігін нығайту үшін ұлы ханға қарсы күресінде Хайдуды қолдап отырды.
Ҿзбек ханның (1312-1342) жҽне оның баласы Жҽнібектің (1342-1357) тұсында 
Алтын Орданың күш-қуаты барынша кемел кезіне жетті. Ислам діні мемлекет діні деп 
жарияланды. Ҿзбек хан Орда Ежен ұрпақтарын бұрынғы вассалдық тҽуелділігіне 
қайтаруға тырысып, Сығанақта ҿзінің баласы Тыныбекті хан тағына отырғызды; алайда 
ол кҿп кешікпей ҿлтірілдіп, билік Орда Еженнің ұрпақтарына қайта кҿшті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет