Дәріс мәтіндері Қазақстан тарихы курсына кіріспе



Pdf көрінісі
бет14/75
Дата19.10.2023
өлшемі1,46 Mb.
#119202
түріЛекция
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   75
Байланысты:
Д ріс м тіндері аза стан тарихы курсына кіріспе

Шағатай ұлысы. 
Шағатай ҽкесі мен ағасы Жошы ҿлгеннен кейін хан тұқымындағы 
үлкені ретінде зор беделгі ие болды. 1228-1229 жылдары ол Үгедейді ұлы хан деп 
жариялаған ханзадалардың басшысы болған еді. «Ясыны, биліктер мен қағидаларды, 
патшалықты сақтаудың амалдарын» жетік білген Шағатайдың беделі зор болғандығы 
соншалықты, тіпті ұлы хан Үгедейдің ҿзі де ағасының мақұлдауынсыз қандай болса да 
маңызды шешімдер қабылдамайтын болған. 
Шағатай ҿлкесі Алорғу ели деп аталды. Оның басты қаласы Алмалық, жазғы ордасы 
Іле алқабындағы Құяш деген жер болды.
Ұлы ханның келісімі бойынша Шағатай түңғыш баласы Мүтіген балаларының
үлкені Қара-Хайдуды ҿзінің мирасқоры етіп тағайындады.
Хайду тұсында Шыңғыс ұрпақтарының Орта Азиядағы мемлекеті біржола 
қалыптасты. 1269 жылдың кҿктемінде Талас жағасында құрылтай болып, онда ұлы 
ханнан тҽуелсіз Хайду билеген (1269-1301) мемлекет құрылды. Жаңа мемлекеттің аумағы 
соғыстардағы жеңістерге немесе жеңілістерге байланысты бірде кеңейіп, бірде тарылып 


отырды. Оған Оңтүстік Қазақстанның Жент пен Үзкент жазираларын қоса алғанда 
Сырдария бойындағы жерлері мен Жетісу кірді.
ХIV ғасырдың басында Шағатай ҽулетенің Орта Азиядағы жҽне Жетісудағы рҿлі 
қалпына келді. Хайду ҿлгеннен кейін кҿп кешікпей, 1306-1307 жылдар шамасында 
мемлекеттегі билік Барақ ханның баласы, Шағатайдың шҿбересі Тоуваға(Дуваға) 
ауысады. В.В.Бартольдтің бағалауы бойынша ол «Шағатай державасының негізін 
салушы» болды.
Шыңғысханның тұсында-ақ монғол феодалдарының арасында қарама-қарсы екі 
саяси бағыт байқалған еді. Біріншісі жаулап алушылардың кҿшпелі тұрмыс пен қырдағы 
патриархалдық дҽстүрлерді сақтауын, бағындырылған елдердің халқын қырып жіберуге 
дейін аяусыз, жыртқыштықпен тонауын жҽне жаулап алынған аумақтарды мал 
жайылымына айналдыруды жақтады. Екінші бағыттың ҿкілдері жергілікті феодалдық 
үстем тапқа, жаулап алынған отырықшы-егіншілікпен айналысатын елдердің дҽстүріне 
сүйене отырып, хан билігі күшті мемлекет құру мақсатын кҿздеді. Бірінші бағытты 
неғұрлым табандылықпен жүргізушілер Шынғысхан, ал оның үрпақтарынан-Шағатай 
мен Күйік (1246-1248) болды, оларды Шағатай ұлысының ҽміршілері қолдады.
Үгедей (1228/1229-1241), Мҿнке (1251-1259) хандар жҽне ұлыс ханы Жошы 
орталықта күшті билік болуын жҽне тізе бүккен халықтармен қатынастарды біраз ретке 
келтіруді жақтады. Сҿйтіп, аталған екі бағыт ҿкілдерінің арасындағы тартыстың мҽні 
жаулап алынған аумақтардағы халықты қанау ҽдістері туралы мҽселеге, сондай-ақ 
«бағындырылған елдердің феодалдық үстем табымен жақындасу туралы, олардың 
феодалдық мемлекеттілігін, идеологиясын жҽне мҽдени дҽстүрлерін қабылдау туралы 
мҽселеге» келіп тірелді.
Экономикалық күйзеліс, Моңғол империясиның, оның ішінде Шағатай ұрпақтары 
мемлекетінің ыдырауы қалайда екінші ҽдісті таңдап алуды талап етті. ХIV ғасырда 
Шағатай ұлысы хандарының іс-ҽрекетінде орталықтану жҽне Мауараннахр халқымен 
жақындасу жағына қарай бетбұрыс айқындала түсті. Бұл тұрғыда Кебек хан (1318-1326) 
неғұрлым елеулі қадам жасады. Кҿшпелі дҽстүрлерден қол үзіп, ол Іле аңғарынан
Мауараннахрға қоныс аударды, кейбір қалаларды қалпына келтіруге жҽрдемдесті. Ол 
ақша реформасын жүргізді, ұлысты басқару жүйесін едҽуір ҿзгерткен ҽкімшілік 
реформасын да жүргізген сол деп есептеледі.
Кебек ханның мирасқоры, оның інісі Тармашырын (1326-1334) орталықтандыру 
саясатын жалғастырды. Кебек сияқты, ол да Мауараннахрда тұрды, Ала ад-Дин деген 
есімге ие болып, исламды Шағатай ұрпағы мемлекетінің ресми дініне айналдырды.
1346 жылы кҿшпелі феодалдармен күресте Кебек-Тармашырын тұқымын 
жалғастырушы Қазан хан қаза тапты. ХIVғасырдың 50-жылдарының аяғында Шағатай 
ұрпағы мемлекетінің батыс бҿлігі түрік-моңғол ҽскери кҿшпелі шонжарлары мен 
жергілікті феодалдардың ҿкілдері басқарған оннан астам иелікке ыдырап кетті. Қашқария 
алқабында—барластар, Ходжент аймағында-жалайырлар, Солтүстік Ауғанстанда – 
арлаттар, Ҽмударияның жоғары ағысында—қаушындар күшейді; бұл рулардың 
ҽрқайсысының басшысы ҿз ҿлкесінде дербес ҽмірші болды. Оның үстіне 1346 жылдың
ҿзінде Шағатай ұрпағы мемлекетінен Моғолстан деп аталған солтүстік-шығыстағы аумақ 
бҿлініп шықты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет