Барлық организмдер, солардың ішінде микроорганизмдер қоршаған ортамен үнемі
зат алмасуда болады. Микроорганизмдер қоршаған ортадан өзінің тіршілік етуіне және
көбеюіне
керекті
заттарды
алады.
Алынған
заттар
өңделгеннен
кейін
микроорганизмдердің шығындаған пластикалық материалдарының орнын толтыруға
пайдаланылады, ал керек еместері қалдық ретінде қоршаған ортаға шығарылады. Зат
алмасу (метаболизм) осы екі процеске (ассимиляция, немесе анаболизм және
диссимиляция, немесе катаболизм) бөлінгенімен, тірі жасушаларда олар бір-біріне тәуелді
болып келеді.
Микроорганизмдер көміртегін бейорганикалық және органикалық көміртекті
қосылыстадан алатындықтан үлкен екі топқа бөлінеді: автотрофтар және гетеротрофтар.
Сонымен қатар, оларды қуат көздеріне, электрондардың донорына байланысты
хемолитотрофтар, фотолитотрофтар, хемоорганотрофтар және фотоорганотрофтарға
бөледі (20-сурет).
Авторофтар
(хемолитотрофтар,
фотолитотрофтар)
көміртегін
ауадағы
көмірқышқыл газынан алып, органикалық заттарды кейбір минералдық заттардың
тотығуынан босап шығатын қуат (хемосинтез), немесе күннің қуаты есебінен түзеді.
Хемолитотрофтардың хемосинтез құбылысын 1887 жылы орыс микробиологы С.Н.
Виноградский түссіз серобактерияларды, нитрификациялаушы бактерияларды және
басқада микроорганизмдерді зерттеу барысында ашты. Тотығу реакциясы нәтижесінде
пайда болатын қуатты (энергияны) бактериялар көміртегін сіңіру және органикалық
заттарды түзу үшін пайдаланады.
Фотолиторофтар (көк-жасыл балдырлар, қарақошқыл серобактериялар және т.б.)
құрамында пигменттер (бояғыш заттар) болғандықтан фотосинтездеуші қасиетке ие. Бұл
пигменттер өздерінің құрамы жағынан өсімдік хлорофилдеріне өте жақын. Мысалы,
қарақошқыл серобактериялар хлорофилл тәріздес ерекше пигмент – бактериопурпуринді
синтездеп, соның көмегімен күн сәулесінің қуатын пайдаланады (фотосинтез).
Фотобактериялар органикалық заттарды көмірқышқыл газының құрамындағы көміртегін
және күн сәулесінің қуатын пайдалана отыра түзеді.
Авторофтардың таза минералдық орталарда даму мүмкіндігі бар, олар көміртегінің
күрделірек қосындыларын сіңіре алмайтындықтан, жануарлар үшін зардапты емес.
Гетеротрофтар (хеморганотрофтар) өздерінің қоректенуіне қажетті көміртегін
дайын органикалық заттардан ғана алады. Гетеротрофтарға әртүрлі ашу процестерінің
қоздырғыштары, шіріту микробтары және барлық зардапты микроорганизмдер жатады.
Сапрофиттер немесе метатрофтар жануарлардың және өсімдіктердің өлі ұлпасымен
қоректенеді. Паразиттер немесе паратрофтар өздерінің қоректенуі үшін тірі
организмдердің органикалық қосылыстарын пайдаланды.
Фотоорганотрофтар (күкірттік емес пурпурлық бактериялар) факультативтік
анаэробтар, олар жарық және қараңғы жерлерде де дами алатындықтан қажетті қуатты
күн сәулесімен қатар органикалық заттардың тотығуы кезінде бөлініп шығатын
энергиядан да алады.
Көміртегінің көзі ретінде көптеген микроорганизмдер әдетте көмірсуларды,
спирттерді, әртүрлі органикалық заттарды пайдаланады.
Метатрофтық және паратрофтық микрорганизмдер үшін көміртегінің неғұрлым
толыққұнды көзі қанттар (әсіресе гексозалар), көпатомды спирттер (глицерин, маннит,
сорбит және т.б.) және оксиқышқылдар (сүт қышқылы, алма қышқылы және т.б.) болып
табылады. Көміртегінің аталған көздері әдетте микроорганизмдерді өсіруге арналған
жасанды қоректік орталардың құрамына қосылады.
Достарыңызбен бөлісу: |