25 Стрептомицеттер
Streptomyces
26 Мадуромицеттер
Actinomadura
27
Thermomonospora және оған жақын
туыстар
Thermomonospora
28 Термоактиномицеттер
Thermoactinomicess
29 Басқа туыстар
Glycomices,
Kitatosporia,
Sacchorothrix
30
Микоплазмалар(моллекуталар): клетка
қабықшасы жоқ
Tenericutes, Mollicutes,
Mycoplasmatales
Архебактерилар
31 Метаногендер
Methanococcales,
Methanobacteries,
Methanomicrobiales
32
Сульфаттотықсыздандырушы
архебактериялар
Archaeglobales туысы
33
Экстремальды галофильді аэробты
(галобактериялар)
Halobacteriales,
Haloarcula, Halococcus,
Natronobacterium,
Natronococcus
34
Клетка қабықшасы жоқ
архебактериялар
Thermoplazma туысы
35
Молекулалы күкіртті пайдаланатын
экстремальды термофильдер мен
гипертермофильдер
Pyrobaculum,
Thermofilum,
Thermoproteus
Микроорганизмдердің негізгі сипаттамасы келесі тәртіп бойынша
анықталады: микроорганизмнің сырт келбеті – пішіні, жылжымалығы
(жіпшелерінің болуы және олардың орналасуы), капсуласының болуы мен
эндоспораларды түзе алуы, Грам әдісімен боялуы; зат алмасу ерекшеліктері
мен энергияны пайдалану тәсілі; өздері өсіп-өнетін ортаны өзгерте алуы және
олардың тіршілігіне қоршаған ортаның әсері.
Микроорганизмдердің түрлері толық зерттелгеннен кейін оларға XVIII
ғасырда К. Линнейдің ұсынған биноминальдық номенклатурасы бойынша
латынның екі сөзімен белгіленетін ғылыми атаулар беріледі. Бірінші атау –
микроорганизмдердің
туысын
(әдетте
туыс
микроорганизмнің
морфологиялық, физиологиялық белгілеріне немесе оны ашқан ғалымның
аты-жөніне байланысты болып келеді), ал екінші атау болса – олардың қай
түрге жататындығын көрсетеді. Мысалы, Bacillus albus, мұндағы бірінші
атау микроорганизмнің спора түзетін, грам тәсілімен позитивті боялатын,
аэробты таяқша екендігін білдірсе, ал түрлік атауы оның колониясының түсін
сипаттайды.
Микроорганизмдерге
ғылыми
атаулар
барлық
елдерге
ортақ
микроорганизмдер номенклатурасы туралы Халықаралық кодексінің
ережелері
бойынша
беріледі.
Микроорганизмдерді
топтастыру
жұмыстарында келесі таксономиялық категориялар қолданылады: түр
(species), туыс (genus), тұқымдас (familia), рет (ordo), класс (classis), бөлім
(divisio) және патшалық (regnum).
Түр – негізгі таксономиялық бірлік, фенотиптік қасиеттері ұқсас келетін,
генотипі бірдей микроорганизмдердің жиынтығы. Түр тармақтарға, немесе
варианттарға бөлінеді.
Микробиологияда «штамм» немесе «клон» деген терминдер жиі
қолданылады. Штамм – түрге қарағанда бір жақты түсінік. Штамм деп
түрлі орталардан (топырақ, су қоймалары, организм және т.б.) немесе әртүрлі
уақытта бір ортадан бөлініп алынған бір түрге жататын микроорганизмдердің
өсінділерін айтады. Бір түрге жататын штамдардың негізгі қасиеттері бірдей
немесе кейбір белгілері өзгеше болып келуі мүмкін. Клон – бір жасушадан
алынған
өсінді.
Бір
түрдің
жеке
жасушаларынан
тұратын
микроорганизмдердің жиынтығын
таза өсінді деп атайды.
Кейінгі кездері молекулалық биологияның қарқынды дамуының
нәтижесінде геносистематика әдістері пайда болды. Бұл әдістер
микроорганизмдердің генотиптік (тұқым қуалаушылық) қасиеттерін, яғни
түрлі микробтардан бөлініп алынған дезоксирибонуклеин қышқылының
(ДНҚ) нуклеотидтік құрамын анықтауға және нуклеин қышқылдарының
химиялық гибридизациясын зерттеуге негізделген. Бірінші әдіс көмегімен
микроорганизм топтарының ДНҚ молекуласындағы пуриндік және
пиримидиндік негіздері арасындағы генетикалық өзгешелікті айқындаса,
екінші әдісте түрлі микроорганизмдерден бөлініп алынған ДНҚ
молекуласының біртектілігін (гомологиялығын) анықтауға мүмкіндік береді.
ДНҚ молекулаларының арасындағы сәйкестілік дәрежесінің жоғары (80-
90%) болуы микроорганизмдердің генетикалық туыстығының жақын
екендігін, ал генетикалық байланыстар гомологиялығының төмендігі
микроорганизмдер арасындағы алшақтықты көрсетеді. Микроорганизмдер
геносистематикасының дамуында ерекше орын алып отырған секвенация
әдісі, басқаша айтқанда нуклеин қышқылдарының, соның ішінде
рибосомалық РНҚ нуклеотидтік тізбегінің орналасу реттілігін анықтау тәсілі.
Бақылау сұрақтар
1. Берджи анықтағышына сипаттама беріңіз
2. Берджидің өзі шығарған анықтағыштың нұсқалары қай жылдары
жарық көрді?
3. Берджи анықтағышы бойынша прокариоттар қанша топқа бөлінген?
4. Бактерияларды жіктелуі қандай ерекшеліктеріне байланысты
топтастырылған?
5. Геносистематиканың әдістерін атаңыз.
6. К.Везенің филогенетикалық систематикаға қосқан үлесі
7. Эубактериялар мен архебактериялар аоасындағы ерекшеліктерді
атаңыз.
8. Архебактериялар Берджи анықтағышының 9-шы басылымында қандай
топтарға бөлінген
Достарыңызбен бөлісу: