ерекшеліктерін анықтады. К Везе барлық тірі организмдерді үш жоғары
деңгейдегі патша үстілік таксондарға бөлді. Сурет
Сонымен, бұрын тіршілікті екі патшалық үстіне, эукариоттар жіне
пркариоттар деп бөлсе, К Везе оларды Bacteria (нағыз бактериялар) Arhaea
(археалар) Eucaria ( эукариоттар) деп үш доменге бөлінді.
Идентификацияның
практикалық
жұмысын
жеңілдету
үшін
бактериялардың Берги анықтағышы жасалды. Ол 1923 жылы Американың
бактериологиялық қоғамының бірінші авторы және редакторы атымен
аталған. Бактериялардың жаңа туыстары мен түрлері жөнінде мәліметтердің
жиналуына байланысты бұл нұсқа бірнеше рет қайта басылып шықты. Оның
үшеуін (1925, 1930, 1934) Берги өзі шығарды, ал кейінгілері ол қайтыс
болғаннан кейін шықты. Ең соңғы 9-шы басылым 1997 жылы орыс тілінде
шықты. Бұл анықтамада барлық прокариоттар 35 топқа бөлінген. Берги
анықтағышы
бактериялар
идентификациясы
принципі
бойынша
практикалық бактериологиядағы кеңірек таралған барлық белгілі
бактерияларды
жүйелейді.
Және
оларды
клетка
құрылысындағы
айырмашылықтары мен Грам әдісі бойынша бояуға байланысты
ерекшеліктеріне қатысты ажыратады. «Берджи бактерия анықтағышы» 9
басылымы бойынша бактериялардың жіктелуі олардың клетка қабықшасы
құрылымы ерекшіліктеріне қарай (Грам әдісімен бояу)
4 бөлімге топтастырылған (1978 ж. — Н. Гиббонс және Р. Мурей
):
1.
Gracilicutes, жұқа қабатты, грам-теріс, морфологиясы әр түрлі
организмдер,спора түзбейді, Талшықтар арқылы қозғалады.Фототүзуші
және скотабактериялар жатады;
2.
Firmicutes, қалың қабатты, грам-оң Спора түзеді.Морфологиялық
ерекшеліктері бойынша екі класқа бөлінеді Firmibacteria және
Tallobacteria;
3.
Достарыңызбен бөлісу: