Дәріс микробиология ғылымының тарихы және даму кезеңдері



Pdf көрінісі
бет32/75
Дата15.04.2022
өлшемі1,17 Mb.
#31164
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   75
Микроорганизмдерді  өсіру.  Микробтарды  табиғи  және  жасанды  қоректік  орталарда 

өсіреді.  Сүт,  сыра  ашытқысы,  шөп  қайнатпасы,  сәбіз  сөлі  және  т.б.  табиғи  қоректік 

орталардың  құрамына  кіретін  компоненттерінің  қатынасы  әртүрлі  болуы  мүмкін. 

Жасанды  қоректік  орталарды  құрамындағы  заттардың  мөлшері  мен  қатынасы  қатаң 

анықталған  рецепт  бойынша  дайындайды.  Қоректік  ортада  микробтардың  өсуі  және 

дамуы  үшін  қажетті  азот,  көміртегі,  тұз  күйіндегі  бейорганикалық  қосылыстар, 

дәрумендер,  микроэлементтер  және  басқада  заттар  міндетті  түрде  болуы  тиіс.  Егер 

қоректік ортаның рН-ы, тотығу-тотықсыздану потенциалы, осмостық қысымы белгілі бір 

көрсеткішке ие болса, орта қолайлы деп саналынады.  

Консистенциясына  байланысты  тығыз,  жартылай  сұйық  және  сұйық  қоректік 

орталар  бар.  Тығыз  қоректік  орта  дайындау  үшін  сұйық  қоректік  орталарға  2-3%  агар-

агар,  10-15%  желатин  және  басқада  заттар  қосады.  Өздерінің  құрамы  бойынша  қоректік 

орталар  қарапайым  және  күрделі  болып  бөлінеді.  Қарапайым  орталар  (ЕПА,  ЕПС)  кең 

таралған  және  әртүрлі  субстраттан  көптеген  микробтарды  алғашқы  бөліп  алу  үшін 

қолданылады.  Күрделі  қоректік  орталардың  құрамына  қан  сарысуы,  қанттар  және  т.б. 

қосымша  компоненттер  кіреді.  Мұндай  орталарды  дифференциалдық  (ажырату,  айыру) 

диагностикада  пайдаланады.  Гемолитикалық  белсенділікті  қан  қосылған  агарда; 

сахаролитикалық  қасиетті  Гисс,  Эндо,  Плоскирев  (бактоагар  Ж)  орталарында; 

протеолитикалық қасиеттерді – ет-пептонды желатинде анықтайды. 

Белгілі  бір  түрге  жататын  микробтарды  өсіру  үшін  элективтік  (таңдаулы)  орталар 

қолданылады. Элективтік қоректік орталарды практикаға нитрификация процесін зерттеу 

барысында орыс микробиологы С.Н. Виноградский енгізді. Мұндай қоректік орталардың 

құрамында  органикалық  қосылыстар  болмаған  және  нитрификациялаушы  бактериялар 

үшін таңдаулы. Сүтқышқылды бактериялар үшін таңдаулы орта – сүт, ал азотобактерлер 

үшін – маннитті агар.  

Арнайы қоректік орталар қарапайым орталарда өспейтін бактериялар үшін қолайлы. 

Бұларға  қан  қосылған  агар,  сарысулы  агар,  сарысулы  сорпа,  Китт-Тароцци  ортасы 

(ЕПБС), Сабуро қоректік орталары жатады.  

  Қолайлы өсу температурасы микробтың түріне байланысты. Зең саңырауқұлақтары 

үшін  қолайлы  температура  –  15-25°С,  сапрофиттердің  көпшілігі  үшін  –  25-30°С,  ал 

зардапты  түрлері  үшін  –  35-37°С.  Температуралық  оптимум  микробтардың  тіршілік  ету 

жағдайымен  анықталынады.  Зертханада  микробтарды  өсіруге  қажетті  температураны 

термостаттың көмегімен ұстайды.  

Микробтардың  көпшілігінің  (ішек  таяқшасы,  орамжапырақ  бацилласы,  картоп 

таяқшасы)  өсуі  бір  тәулік  ішінде  байқалынады.  Кейбіреулерінің  колониялары 

(трихофитондар) 5-10 тәуліктен соң ғана пайда болады. Туберкулез қоздырғышының өсуі 

15-20  күннен  кейін  анықталса,  бруцеллалардың  алғашқы  өсіндіде  бір  айдан  соң  пайда 

болады.  Микробтардың  өсу  жылдамдығы  аэрацияға,  ауада  көмірқышқыл  газының 

болуына (бруцелла үшін 10%-ға дейін) және басқада факторларға тәуелді. Анаэробтарды 

оттегі  жоқ  жерде  өсіреді.  Мұндай  жағдайды  физикалық,  химиялық  және  биологиялық 

жолдармен  жасауға  болады.  Анаэробтарды  бауыр  кесінділері  қосылып,  үстіңгі  қабатына 

вазелин  құйылған  ет-пептонды  сорпадан  тұратын  Китт-Тароцци  сұйық  қоректік 

ортасында өсіреді. Қалдықтық  ауаны шығару  үшін пайдаланар алдында қоректік ортаны 

15-20 мин. қайнап жатқан суда ұстайды.  

Вирустар  қарапайым  қоректік  ортада  өспейтін  болғандықтан,  оларды  тауық 

эмбрионында,  сезімтал  зертханалық  жануарлар  (ақ  тышқан,  үй  қояндары)  организмінде, 

ұлпа өсінділерінде (HeLa, Hep-2, Детройт-6 және т.б.) өсіреді. Вирустарды көбейту үшін 



құрамына  50-ден  астам  компонент  (амин  қышқылдары,  дәрумендер,  қанттар  және  т.б.) 

кіретін синтетикалық орталарды да пайдаланады.  





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет