Дәріс микробиология ғылымының тарихы және даму кезеңдері



Pdf көрінісі
бет52/75
Дата15.04.2022
өлшемі1,17 Mb.
#31164
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   75
Химиялық факторлар. Барлық тіршілік иелері сияқты микробтардың да қоршаған 

орта факторларына сезімталдығы жоғары болып келеді. Қолайлы импульстер туындағанда 

микробтар тітіркендіргіш нысанға қарай жылжыса, ал қолайсыз жағдайда одан алшақтауға 

тырысады.  Бұндай  құбылыс  хемотаксис  деген  ат  алды.  Микробтық  жасушаға  қолайлы 

әсерін тигізетін заттар (ет экстрактысы, пептон) - оң хемотаксис; ал күшті әсер етуші, улы 

заттар (қышқылдар, сілтілер) – теріс хемотаксис туындатады.  

Химиялық заттар микроорганизмдердің өсуін тежеуі немесе толық тоқтатуы мүмкін. 

Егер  химиялық  заттар  бактерияның  өсуін  тежеп,  бірақ  олардан  тазартылғаннан  кейін 

бактериялар қайтадан өсетін болса, онда бұл құбылыс бактериостаз (бактериостатикалық 

әсер) деп аталады. Басқаша айтқанда бактериялардың өсуі тоқтағанымен, олар өлмейді.  

Микробтар  белгілі  бір  ортада  тіршілік  етуге  бейімделген.  Біреулері  (зең 

саңырауқұлақтары)  –  ацидофилдік  микроорганизмдер  қышқылды  ортада,  екіншілері 

(холера  вибрионы)  –  алкофилдік  организмдер  сілтілі  ортада  өмір  сүреді.  Көптеген 

микроорганизмдер құрамындағы сутегі иондарының мөлшері бейтарапқа жақын (рН 6,5-

7,5)  ортаны  қалайды.  Табиғи  жағдайда  өздеріне  қолайлы  тіршілік  ету  ортасын 

микробтардың өздері жасайды. Мысалы, сүт қышқылды бактериялар лактозаны ашытып, 

қышқыл  түзеді,  нәтижесінде  орта  реакциясы  төмендеп,  олардың  өсуіне  қолайлы  жағдай 

пайда болады. Шіру микробтары протеиндерді, мочевинаны ыдыратып, аммиак түзеді, ал 

ол өз кезегінде рН-ты көтереді. 

Зертханалық жағдайда микробтарды құрамында сутегі иондарының белгілі мөлшері 

бар қоректік орталарда өсіреді. Бұл үшін ортаға химиялық заттар қосады: рН-ты көбейту 

үшін  –  сілті,  рН-ты  азайту  үшін  –  қышқыл.  Орта  реакциясы  микробтар  өмірінде  зор 

маңызға  ие  болғандықтан,  оларды  өсірер  алдында  микробтар  үшін  қолайлы  рН  мәнін 

анықтап алған жөн.  



Esherichia  сoli  үшін  қолайлы  орта  рН-ы  6,5-7,8;  Aspergillus  niger  –  7,1-7,7;  ал 

Bacterium mesentericus үшін – 6,8-ге тең. 

Химиялық заттардың микробтарға әсер ету механизмін білудің практикалық маңызы 

өте  зор,  өйткені  олардың  көпшілігі  шаруашылықтарда  мал  басын  әртүрлі  аурулардан 

сауықтыру  шараларын  өткізу  барысында  қолданылады.  Зарарсыздандырғыш  заттар 

ретінде  сілтілер,  қышқылдар,  хлорлы  препараттар,  фенолдар  және  ауыр  металдардың 

тұздары жиі пайдаланылады.  





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет