Дәріс микробиология ғылымының тарихы және даму кезеңдері


Аэробтық  жағдайда  жартылай  тотығу  арқылы  көмірсулардың  түрленуі



Pdf көрінісі
бет37/75
Дата15.04.2022
өлшемі1,17 Mb.
#31164
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   75
Байланысты:
ЛЕКЦИЯ МИКРОБ КАЗ (1)

Аэробтық  жағдайда  жартылай  тотығу  арқылы  көмірсулардың  түрленуі.  Сірке 

қышқылының түзілуі. Сірке қышқылды бактериялар этил спиртін сірке қышқылына дейін 

тотықтырып,  аз  ғана  мөлшерде  энергия  бөледі.  Сірке  қышқылды  бактериялар 

туындататын процесс сырттай кәдімгі ашуға ұқсас. Бірақ, бұл аэробтық жағдайдағы нағыз 

тотығу, өйткені сірке қышқылы бұдан әрі қарай бактериялардың әсерінен көмір қышқыл 

газына  және  суға  дейін  тотығады.  Ал  нағыз  ашу  өнімдері  әрі  қарай  ыдырауға 

ұшырамайды: 

СН

3

СН



2

ОН+О


= СН


3

СООН + Н


2

О

 



+ 494,4 кДж. 

Осы  процестің  бактериалдық  табиғатын  1868  жылы  Л.  Пастер  анықтағанымен, 

қоздырғыштың (Mycoderma aceti) культурасын 10 жылдан кейін Ганзен бөліп алды. Сірке 

қышқылды бактериялар қысқа, грам-теріс, тізбекше тәріздес орналасқан, спора түзбейтін, 




қозғалатын  және  қозғалмайтын  штамдары  бар  таяқша.  Қатаң  аэроб,  сондықтан 

субстраттың  бетінде  ғана  дамиды.  Сірке  қышқылды  бактериялардың  барлығыда 



Acetobacter туыстасына біріктірілген. 

Acetobacter  aceti  қысқа,  грам-теріс,  қозғалмайтын,  спорасыз,  тізбек  түрінде 

орналасатын таяқша, 11% дейінгі спиртті ортаға төзімді. Сыраның бетінде жұқа қабықша 

түзеді. Қолайлы температура – 34°С, йодпен сары түске боялады. 

Acetobacter pasteurianum пішіні жағынан Acetobacter aceti-ге ұқсас, қоректік ортаның 

бетінде құрғақ, қатпарлы қабықша түзеді, йодпен әрекеттескенде көк түске боялады. 



Acetobacter  orleanence  жүзім  шарабының  әлсіз  ерітіндісінде  дамиды.  12%  дейінгі 

спиртті  ортаға  төзімді,  шамамен  9,5%  сірке  қышқылын  түзеді.  Жүзім  шарабынан  баяу 

әдіспен сірке қышқылын алу үшін пайдаланылады. 

Acetobacter schuetzenbachii сірке қышқылын тез алу мақсатында қолданылады. Этил 

спиртті  бар,  шамшат  жоңқасы  салынған  қоректік  ортада  жақсы  өседі.  Бактериалдық 

жасуша  жоңқа  бетіне  тұтас  қабықша  түзе  жақсы  бекітіледі.  Даму  барысында  ортада 

11,5%-ға  дейін  сірке  қышқылы  жинақталынады.  Егер  құрамында  аздаған  спирті  (шарап, 

сыра)  бар  сұйықтықты  ауамен  жанасатындай  етіп  біраз  уақытқа  ашық  қалдырсақ,  онда 

сірке  қышқылы  түзіліп,  беткі  қабатта  ашу  қоздырғышынан  тұратын  қабықша  пайда 

болады.  Этил  спиртінің  сірке  қышқылды  бактериялармен  тотығуы  сірке  қышқылын 

техникалық өндірудің негізі етіп алынған.  

Сірке  қышқылын  өндірістік  жағдайда  алудың  екі  жолы  бар:  жеңіл  шараптан  баяу 

тәсілмен (француз немесе Орлеан әдісі); спирттен шапшаң тәсілмен (неміс әдісі).  

Сірке  қышқылын  баяу  әдіспен  алу  көне  тәсіл  болып  саналады  және  алынған  өнім 

жоғары  сапалы  болады.  Процесс  2/5  бөлігі  қыздырылған  сірке  қышқылымен  және  3/5 

бөлігі  шараппен  толтырылған  жайпақ  немесе  көлбеу  күбіде  өтеді.  Сірке  қышқылы 

ортаның  рН-ын төмендету  арқылы  сірке  қышқылды  бактериялары  үшін қолайлы  жағдай 

тудырады.  Субстрат  тотыққанда  қабықша  пайда  болады.  Процесс  аяқталғанда  күбіден 

сұйықтықтың 10%-ы ағызылып, орнына дәл осындай көлемде шарап қосады.  

Шапшаң әдісте – спирт тотығады. Тотығу бетінің ұлғаюы спиртті бостау бұратылған 

шамшат  жаңқасы  арқылы  өткізу  нәтижесінде  жүзеге  асырылады.  Элективті  орта  сірке 

қышқылын қосу арқылы жасалынады. Бактериялардың қоректенуі үшін тұздар және сусло 

пайдаланылады.  Заттардың  қоспасын  күбідегі  жаңқаның  үстіне  құйып,  жоғарыдан 

төменге өткізеді. Спирт жаңқа қабаты арқылы өтіп, сірке қышқылына тотығады. Сүзіндіні 

күбі  немесе  паралеллді  жалғасқан  күбілер  арқылы    бірнеше  рет  қайтара  өткізу 

нәтижесінде спирттің толық тотығуына қол жеткізіледі. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет