Дәріс микробиология ғылымының тарихы және даму кезеңдері



Pdf көрінісі
бет7/75
Дата15.04.2022
өлшемі1,17 Mb.
#31164
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   75
Риккетсиялар – полиморфты, грам-теріс микроорганизм. Оның құрамы ДНҚ, РНҚ, 

протеин және 40%-ға дейін липидтен тұрады. Пішіні мен көлемі жағынан бактерияларға, 

ал  өсінділік  және  биологиялық  қасиеттері  жағынан  вирустарға  ұқсас  болып  келеді. 

Ультрақұрылымы жағынан грам-теріс микроорганизмге ұқсайды және нағыз бактериялар 

қатарына  жатады.  Буын  аяқты  жәндіктердің  (бит,  кене,  бүрге)  денесінде  тоғышарлық 

етеді,  ал  жануарлар  мен  адамдардың  организміне  түскен  жағдайда  риккетсиоздарды 

(бөртпе  сүзегі,  Ку-қызбасы)  тудырады.  Риккетсиялардың  пішіні  кокка,  таяқша, 

бациллярлы және жіпше тәрізді  

болып келеді. Капсула мен спора түзбейді, қозғалмайды, жасанды қоректік орталарда 

өспейді. Олар тек жасуша ішілік паразит болғандықтан тірі жасушалардың ішінде, тауық 




эмбриондарында,  ұлпа  өсінділерінде  көбейеді  (9-сурет).  Риккетсиялар  +66°С 

температурада бейтараптандырылатын, бірақ вакуумда кептірілген жағдайда және минус 

50-70°С температурада ұзақ сақталатын термолабильді токсин түзеді. 

Микоплазмалар  –  ұсақ  саңылаулы  (100-150  нм)  сүзгіден  өтіп  кететін,  спора 

түзбейтін,  қозғалмайтын,  грам-теріс,  бөліну  арқылы  көбейе  алатын  полиморфты 

микроорганизм.  Олардың  нағыз  жасуша  қабырғасы  болмайды,  оның  орнын  үш  қабатты 

липопротеиндік  мембрана  басады.  Микоплазмалардың  сапрофитті  және  адамдар, 

жануарлар мен өсімдіктерді ауруға шалдықтыратын түрлері кездеседі. Олардың пішіндері 

дөңгелек,  жіпше  және  т.б.  тәрізді  болып  келеді.  Жасушасында  екі  нуклеин  қышқылы 

(ДНҚ,  РНҚ),  рибосома  және  басқа  да  компоненттер  кездеседі.  10-20%-ды  жылқы  қан 

сарысуы  қосылған  тығыз  қоректік  ортада  өседі.  Олардың  колониялары  ұсақ,  ортасы 

томпайған,  қуырылған  жұмыртқаға  ұқсас  болады.  Патогенді  микоплазмалардың  нағыз 

өкілінің бірі болып ірі қара малдардың плевропневмония қоздырғышы табылады. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет