прокариотты организм. Пішіндері бойынша олар: дөңгелек, таяқша және ирек пішінді
еске түсіреді. Олардың сопақша, бұршақ, ланцет тәрізділері де кездеседі. Бөліну сипаты
мен жасушалардың орналасуына сәйкес коккалар микрококкаларға, диплококкаларға,
тетракоккаларға, стафилококкаларға, стрептококкаларға және сарциналарға бөлінеді (2-
Микрококкалар (грекше
мicros – кішкене) – зиянсыз, сапрофитті микробтар. Олар
бөлінген соң бір-бірімен қосылмай, жеке дара орналасады. Диплококкалар (diplos – қос) –
қосарланып, ал стрептококкалар (грекше streptos – тізбек) – бір-бірімен моншақ тәрізді
тізбектеліп орналасады. Тетракоккалар (грекше tetra – төрт) – бір-бірімен
перпендикулярлы екі жазықтықта бөліну себебінен түзіліп, төрт жасушадан тұрады.
Сарциналар (латынша sarcio – байланыстыру) – өзара перпендикулярлы үш жазықтықта
бөлініп, сыртқы пішіні кірпіш тәріздес 8-16 және одан да көп жасушалар тобы ретінде
кездеседі. Стафилококкалар (грекше staphyle – жүзім шоғыры) – жасушалар әр түрлі
жазықтықта ретсіз бөліну салдарынан жүзім шоғыры тәрізді болып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: