Дәріс Мобильді бағдарламалаудың теориялық негездері



бет5/11
Дата11.11.2022
өлшемі4,03 Mb.
#49291
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Сурет – 4. «Байланыстар» терезесі

«Сабақтар» терезесіне түзетулер енгізу. «Сабақтар» терезесіне мектепте өтілетін сабақтардың түрлері, олар жайлы ақпарат және сабақ кестесін енгізуге болады(Сурет-5).



Сурет-5. «Сабақтар» терезесі


Келесі терезе «Мәзір» , мектеп асханасында күнделікті менюде бар тағамдарды енгіземіз, және олардың бағаларын белгілейміз(Сурет-6).



Сурет-6. «Мәзір» терезесі


Әр тамақ мезгілін басқан кезде, тағамдар тізімі және олардың бағасы пайда болады(Сурет -7):

Сурет-6. «Мәзір» терезесінің элементтері

Сол сияқты қалған элементтерге түзетулер енгіземіз. «Мұғалімдер» терезесіне мектепте істейтін пән мұғалімдерін тізімін, қай пәннен сабақ беретінін, және де сол мұғалім жайлы қысқаша ақпарат енгіземіз. «Суреттер» терезесіне мектептің, оқушылардың, оқушылардың жетістіктерінің мақтау қағаздарының, және т.б. суреттерін енгіземіз. Суреттерді енгізу үшін түзету терезесінен жүктеуді басып, суретті компьютерден немесе суреттің Url адресін енгізу арқылы жүктеуге болады(Сурет-7).



Сурет- 7. «Суреттер» терезесі




Қосымша элемент енгізу үшін, қосу батырмасын басып, оған түзетулер енгізу арқылы өзгертуге болады. Әзірленген қосымшаны оң жағындағы мобильдік симулятордан бірден көріп, түзетулер енгізіп отыруға болады, сондай ақ енгізілген түзетулер конструкторда терезені жауып, басқасына көшкенде автоматты түрде сақталып отырады.


Бақылау сұрақтар:

  1. iBuildApp веб-сервисінің интерфейсі

  2. iBuildApp веб-сервисінің негізгі функциясы

  3. iBuildApp веб-сервисі ерекшеліктері

  4. iBuildApp веб-сервисінің мүмкіндіктері

  5. Алғашқы жоба жасау этаптары қандай?

Дәріс 4. Мобильді қосымшаларды жобалау мен құрастырудың негізгі қағидалары


XXI ғасыр - мобильді технологиялардың гүлдену дәуірі. Қазір тіпті ұялы телефонсыз адамды елестету қиын. Мобильді технологиялар бизнестің барлық салаларында бар. Мобильді экожүйелер күн сайын өзгеріп, дамып отырады. Күн сайын бизнес, білім беру, ойын-сауық және т. б. үшін жүздеген қосымшалар жасалынады.Қазіргі ақпараттық қоғамда әртүрлі қызмет салаларында мобильді құрылғыларды қолдану адам өмірін жеңілдететін түрлі қосымшаларды жасауға мүмкіндік берді. Бүгінгі таңда осы нарықта жетекші орындарды Android және iPhone платформалары иеленеді. Android модельдері ең қол жетімді және танымал.


Қазіргі таңда Android, iOS немесе Windows платформаларға арналған қосымшаларды жасау - компанияның трендте екенінің айқын белгісі. Қолданушыға сайттың үлкен нұсқасы ыңғайлы емес, сондықтан жеңіл және қолжетімді болғаны қажет.
Мобильді қосымша – мобильді телефон, смартфон және т.б мобильді құрылғыларға арналған бағдарламалық жабдық. Көптеген мобильді қосымшалар құрылғыда алдын-ала орнатылады немесе оны App Store, Google Play және басқалары сияқты ғаламтор қолданбалар дүкендерінен ақылы немесе ақысыз алуға болады.
Мобильдік қосымшалардың ерекшеліктері:

  • графикалық және видеоақпараттарды хабарлама арқылы жіберу ұзақтығы шектеусіз;

  • қосымша қозғалысының ыңғайлылығы;

  • қосымшада деректер жинау ыңғайлы(орналысқан жері,тілі және т.б);

  • интерактивті мүмкіндіктері шексіз.

Мобильді қосымшаларды жасау процесі неден тұрады?
1. Идея
Бұл, әрине, IDEA. Ең алғашқы кезеңде болашақ мобильді қосымшаның мәні мен оны не үшін қолдану керектігін мұқият қарастыру қажет. Содан кейін ол қай платформада қолданылатындығын шешіп алу керек. Әдетте, қазір қосымшалар бірден екі IOS және Android платформаларына жазылады. Себебі қазіргі таңда осы екі операциялық жүйе ең көп қолданыста.
2. Техникалық тапсырма
Қосымшаны құруды бастамас бұрын, тапсырыс берушіден техникалық тапсырма алу қажет. Егер ол болмаса, тапсырыс берушіге толтыруға қысқаша ақпарат беріледі. Бұл кезеңге ерекше назар аударылады, өйткені ТТ (техникалық тапсырма) нәтиженің техникалық ерекшеліктеріне тікелей әсер етеді. Бұл кезеңде мынадай жұмыс түрлері орындалады:

  • Мобильді қосымшаның функционалды сипаттамасы жасалады;

  • Даму шарттары анықталады және келісіледі;

  • Қаржылық шығындар есептеліп, есеп айырысу процедурасының үлгісі жасалады;

  • Тапсырыс берушімен келісім жасалады.

3. Прототиптеу
Пайдаланушының мобильді қосымшамен қалай жұмыс істейтінін түсіну үшін бағдарламаның әртүрлі экрандары арасындағы өзара әрекеттесудің графикалық картасы жасалады. Бұл кезеңде мобильді қосымшаның барлық дерлік функционалдығын дамыту жүзеге асырылады. UI (User Interface- пайдаланушы интерфейсі) жобалау кезеңінде сарапшылар қолдану принципін, әр экранға функциялар мен түймелердің орналасуын анықтайды. Бұл кезеңде:

  • Қосымшаның функционалдығы пысықталады;

  • Қолданбалы экрандардың сызбалары жасалады;

  • Бағдарлама экрандары мен олар арқылы өтулер арасындағы байланыс ойластырылады;

4. Мобильді қосымшалардың дизайны
Қосымшаның барлық экрандарының дизайны жасалады және барлық пайдалану сценарийлері үшін әр түрлі күйлер суреттеледі. Дизайн тұжырымдамасы бекітілгеннен кейін ішкі түймелер мен белгішелер, сондай-ақ барлық басқа графикалық элементтер бейнеленеді. Әдетте, мобильді қосымшаның дизайнын жасау кезінде, неғұрлым қарапайым және ыңғайлы болу керек екендігін ескереді
5. Әзірлеу.
Әзірлеушілерге қосымшалардың дизайн-маскалары беріледі және олар жасай бастайды. Бағдарламалаушылар статикалық суретті интерактивті жұмыс моделіне түрлендіреді. Бағдарламаның бірінші нұсқасы шығарылады.
6. Тексеру.
Мобильді қосымша қатаң тестілеуден өтеді, нәтижесінде барлық қателер көрсетілген және егжей-тегжейлі сипатталған тексеру кестесі жасалады. Қосымшаны жобалау барысында нақты жұмыс кезінде жіберілетін барлық қателіктерді алдын-ала болжау мүмкін емес. Бұл кезеңде қателері, кемшіліктерінің тізімі жасалады және оларды жою шарттары анықталады. Содан кейін түзетілген қателері бар және қажет болған жағдайда өзгерген функционалды қосымшасы шығарылады, ол сынақтан өткеннен кейін кестелерде көрсетіледі.
7. Қайта тексеру
Бағдарлама сынақ құрылғыларына орнатылады және Google Play немесе AppStore дүкенінен жүктелгендей жұмыс істейді. Бағдарлама ресми бағдарламалардың каталогында пайда болмас бұрын, бағдарламаны орнату және қолдану кезінде пайдаланушылардың қателіктерге тап болмайтындығына көз жеткізу керек. Сондықтан, осы кезеңде өнімнің логикасы тағы бір рет тексеріледі, оның серверлік жағы, қосымшасы әртүрлі жағдайларда және операциялық жүйелердің әртүрлі нұсқаларында тексеріледі.
8. Бренд иконкаларды әзірлеу
Бағдарлама иконкасы кез-келген заманауи мобильді қосымшаның «бет-бейнесі» болып табылады. Мобильді қосымшаның белгішесі - тәуелсіз графикалық элемент. Бұл элементтің жасалуы - бұл кескінді бірнеше мөлшерде көрсететін, сонымен қатар оны әр түрлі модельдерде сынап көретін көп сатылы процедура. Белгішені мақұлдағаннан кейін мобильді қосымша іске қосылады.
9. Мобильді қосымшаны App Store және Play Market-ке орналастыру.
Қосымша AppStore және / немесе Google.Play сайтына жариялауға жіберіледі. Әрбір қосымшаны жариялау алдында Google және Apple командасымен тексеріледі.
Google мынадай мобильді қосымшалардың дизайн қағидаларын ұсынды:

  1. Сіздің қосымшаңыздың мәнін бірінші секундтан бастап көрсетіңіз

  2. Бағдарлама мәзірі қарапайым және ыңғайлы болуы керек.

  3. Пайдаланушыда әрқашан алдыңғы бетке өту мүмкіндігі болуы керек

  4. Бағдарламадан браузерге ауысуды ыңғайлы етіңіз

  5. Іздеу жолағы көрінуі керек

  6. Сүзгі және сұрыптау функциясын қолданыңыз

  7. Алдыңғы іздеу нәтижелері мен өткен сатып алулар туралы мәліметтерді көрсету

  8. Пайдаланушыларға бірнеше төлем опцияларымен қамтамасыз етіңіз

  9. Тіркеуді сұрамас бұрын тіркелудің жолын көрсетіңіз

  10. (sign in) және (sign up)функцияларын ажыратыңыз

  11. Жүйенің аутентификациясын жеңілдетіңіз

  12. Ыңғайлы және қарапайым формаларды жасаңыз

  13. Пернетақта түрі енгізу түріне сәйкес келуі керек.

  14. Қосымшаның әр әрекеті визуалды жауаппен бірге жүруі керек.

  15. Пайдаланушыға суретті өзі қалағанынша үлкейтуге мүмкіндік беріңіз.

Мобильді қосымшаны жобалау этаптары:
1. Маркетинг
2. Архитектура, құрылым және интерфейстер
3. Технология
Біз Android, iOS, Windows Phone үшін мобильді қосымшаларды жасаймыз. Android OS бар құрылғыларға қосымшалар жасау арзан. IOS үшін қосымшаларды жасау беделді. Платформа әрқашан бір қадам алда, тұрақты жаңартулар, жетілдірулер бар, сапаға жоғары талаптар қойылады.
Екі танымал платформаны пайдалану бизнес үшін тиімді. Қаржылық шығындарды оңтайландыру үшін мобильді қосымшаларды платформаларда құрастыруды ұсынамын.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет