Дәріс Мобильді бағдарламалаудың теориялық негездері


Интерфейстің визуалды дизайны



бет4/11
Дата11.11.2022
өлшемі4,03 Mb.
#49291
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Дәрістер МП (1)

Интерфейстің визуалды дизайны – жобалау барысында қолданушымен үйлесімді қарым-қатынасты қамтамасыз ететін маңызды бөлім. Ол графикалық дизайн мен ақпараттық дизайннан тұрады. Графикалық және ақпараттық дизайндардың ерекшеліктері 1-сызбада келтірілген.





Интерфейс дизайнының құрылымдық бөліктері
Қолданушы интерфейсін құру барысында дизайнның құрылымтың бөліктеріне кіретін әрбір элементтің қасиеттерін талдау қажет. пайдалы әрі тартымды қолданушы интерфейсін жасау үшін элементтердің әрбір қасиетімен жұмыс жасау керек.

Басқару элементтері – қолданушыларға сандық технология өнімдерімен өзара әрекеттесуге мүмкіндік беретін басқарылатын экран объектілері.


Controls/widgets – бұл қолданушының графикалық интерфейсінің бастапқы құрылымдық бөліктері.


Басқару элементтерінің түрлері



Бақылау сұрақтары:

  1. Интерфейстің визуалды дизайны деген не?

  2. Интерфейстің визуалды дизайн түрлері

  3. Интерфейс дизайнының құрылымдық бөліктері

  4. Басқару элементтерінің түрлері

Дәріс 3. Мобильді қосымшалар жасауға арналған конструктивті веб-сервистер

Мобильді қосымшалар жасауға арналған конструктивті веб-сервистердің бірі iBuildApp интернет қызметімен жұмыс жасау өте тиімді.
iBuildApp (ағыл. I-мен, Build – жасау, App - қосымша) - мобильді iPhone/Android, HTML5, тіпті iPad бағдарламаларын жасау, тестілеу, бақылау және жаңарту оңай және арзан жолын ұсынатын интернет қызметі. Қызмет қолданбада мәтіндерді жасауға, RSS таспаларын, суреттерді, аудио, бейне және т.б. кірістіруге мүмкіндік береді.
iBuildapp сізге түсінікті интерфейс пен ыңғайлы құралдарды пайдалануды ұнататындай етіп жасалған, ал пайдаланушыларыңыз жаңа қолданбаға қысқа мерзімде қол жеткізу мүмкіндігі мен қарапайымдылығына тәнті болады.
iBuildApp арқылы мобильдік қосымшаны жасау аз уақыт алады және ешқандай ақша салымдарын талап етпейді. Сіздің пайдаланушыларыңыз сіздің жобаңыздың аты мен логотипін App Store-ден көре алады. Олар қосымшаны мобильді құрылғыларға жүктей алады. Сізде қуатты мазмұнды басқару жүйесі болады, ол сізге кез келген уақытта және сізге қажет уақытта қосымшаны өңдеуге мүмкіндік береді.
Мобильдік қосымшаны жасаудың екі түрі бар: дайын үлгілермен түзету енгізу арқылы жасау, және нөлден бастап жасау. iBuildApp конструкторында көптеген дайын мобильдік қосымшаны жасауға арналған үлгілер бар(1-сурет). Оның ішінде: коммерция, білім беру, ойын-сауық, медицина, кафе-мейрамханалар, және т.б. алуан түрлі үлгілер көп.

1-сурет. iBuildApp қызметінің бастапқы беті
Осы беттен бізге керек дайын үлгіні таңдап алуға болады. Дайындалған үлгілердің ішінен «Менің мектебім» атты үлгіде «Құру» (Создать) батырмасын басамыз(2-сурет). Браузерде жаңа терезе ашылып, жаңа мобильдік қосымшаны әзірлеу жүзеге асырылады.

Сурет-2. «Менің мектебім» үлгісі
«Менің мектебім» үлгісінде мынадай дайын элементтері бар: жаңалықтар, күнтізбе, сабақтар, меню, спорт, суреттер және т.б. Бізге керек элементтерді қалдырып, қосымша элементтерді қойып жұмысты бастаймыз.
Түзету батырмасын басып, түзету бетін ашамыз, жоғары жағында мобильдік қосымшамызға кіретін элементтер орналасқан. Әр элементті басқан кезде, түзету терезесі ашылады(Сурет 3). Ол жақтан бізге қажетті ақпаратты енгізіп, суретін өзгертіп түзетулер енгіземіз.
Ең алғаш элемент Жаңалықтар. Түзету батырмасын басыпмектепте болып жатқан жаңалықтар немесе құттықтауларды сол терезеге қоямыз.



Сурет - 3. Түзету терезесі




Келесі «Байланыстар» терезесіне түзетулер енгіземіз. Бұл терезеде, мектептің атын, мекен-жайын, байланыс телефонын, электронды поштасын, веб-сайтын қоямыз(Сурет-4).





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет