Дәріс Ойлау мәдениетінің қалыптасуы: ойлаудың философиялық түрі – 2 сағ


Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар



бет10/31
Дата03.04.2023
өлшемі146,84 Kb.
#78757
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   31
Байланысты:
философиия рефераты

Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар:
1. Агностицизмге анықтама беріңіз:

    1. Адам танымды әрқашанда салыстырмалы;

    2. Дүниені танып-білуге болады;

    3. Дүниені танып-білу күмәнді;

    4. Дүниені танып-білуге болмайды;*

    5. Білім ақиқаттылығының айғағы (критерийі) практикалық пайдада жатыр дейтін ілім.

2. Танымның қайнар көзі ақыл-ойда. Осы пікір қай гносеологиялық концепцияға жатады ?



    1. Рацилнализмге;*

    2. Сенсуализмге;

    3. Эмипиризмге;

    4. Скептицизмге;

    5. Агностицизмге.

3. Ақиқат дегеніміз не?



    1. Білімнің реалдылықтың өзіне сайлылығы;*

    2. Заттар мен құбылыстардың өздерінің объективтік жағдайы;

    3. Пайдалы табысқа жеткізетін білім;

    4. Ғалымдардың шартты келісімнің нәтижесі;

    5. Авторитетті пікір.

4. Ақиқаттың ең фундаменталды өлшемі қандай?



    1. Тәжірибе;*

    2. Пайдалылық;

    3. Жалпы мойындалғандылық;

    4. Әдемілік;

    5. Айқындылық пен анықтылық.

5. Сезімдік танымның негізгі формалары:


1) Түйсік, қабылдау, түсінік;*
2) Пайым, ақыл-ой, рух;
3) Ұғым, пікір, тұжырым;
4) Интуиция, қабылдау, түсінік;
5) Гипотеза, идея, теория.


Дәріс 6.Білім, ғылым, техника және технология философиясы – 2 сағ.


Жоспар

  1. Ғылым философилық пән ретінде, ғылымның пайда болуы мәселесі мен тариых.

  2. Ғылым және техника.

  3. Қазіргі кезеңдегі ғылымның дамуы мен көрінісі.

1. Ғылым және білім философиясы біріншіден, ғылыми-танымдық қызметті сипатын зерттейтін философиялық бағыт, екіншіден, ол білім жүйесін дамушы жүйе ретінде, адам қызметінің елеулі арнасы ретінде зерттейтін философияның бір бөлімі.


Ғылым философиясына қатысты әр түрлі көзқарастар қалыптасқан:
— ғылым әдісі мен нәтижесіне сүйенетін философия (Р. Карнап, М. Бунге, А. Уайтхед);
— гуманитарлық білім мен ғылым арасындағы дәнекер (Ф. Франк, М. Вартовский);
— ғылымды әдіснамалық тұрғыдан талдау (Г. Р. Харре, М. Б. Хессе, И. Лакатос, Л. Лаудан);
— ғылымдағы идеологиялық спекуляция, қоғам мен ғыылмға зиянды нәрсе (П. Фейерабенд);
— ғылыми қызмет пен ғылым ойлаудың алғышарттарын көрсету
— ғылыми танымның басқа таымдардан айырмашылығын көрсетіп беретін метағылыми әдіснама;
—ғылымтануға синоним, ғылымның әдіснамасын, таихын, социолоиясын біріктіретін пән.
Ғылым философиясы ХХ ғасырдың ортасында философияның бір тарауы ретінде пайда болса, ал философиялық бағыт ретінде ХІХ ғасырдың орта шенінде қалыптасқан еді: О. Конт, Г. Спенсер т.б.
Ғылым философиясының дамуы мынадай кезеңдерді бастан өткерді:
1) (XIX ғ екінші жартысы.) тәжірибелік танымның логикалық құрылымдарына назар аударды, зерттеудің психологиялық сипатына қарай көңіл бөлді.
2) (XX ғ басы.) ғылымның мазмұндық негіздері басты орынған шығарылды; детерминизм, тұрақты және өзгермелі заңдылықтардың арақатынасын, кеңістік пен уақытты зерттеу, ғылыми білімнің бірлігі және әлем бейнесінің бүтіндік құрылымы жолға қойылды. Демаркация, ғылым мен метафизиканың бөлінуі, математика мен жаратылыстанудың айырмашылығы, әлеуметтік-гуманитарлық пен табиғи жаратылыстану ілімдерінің ара байланысы талқыланды.
3) (XX ғасыр ортасы.), ғылым тілін зеттеу (Венский үйірмесі, Берлин тобы — М. Шлик, Р. Карнап, Х. Рейхенбах). Неопозитивистік философия верификация, фальсификация мәселелерімен шұғылданды.
4) ХХ ғасырдың 60 жылдарында постпозитивистік кезең болды.Әдіснамалық тұжырымдардың көп түрлілігі, өзара сын, қатаң логикалық ж.йелерден бас тарту т.б. мәселелер жолға қойылды (Т. Кун, К. Поппер, С. Тулмин, И. Лакатос, Дж. Агасси, П. Фейерабенд).
Ғылымның пайда болуы туралы мәселе өзгеше күрделі. Бүгінгі таңда да ол туралы көзқарастар әртүрлі. Негізінен, пікірлер, біріншіден, ғылымның пайда болған уақыты мәселесіне, екіншіден, ғылымның шыққан орнына, үшіншіден, ғылымның пайда болуын негіздеуге болатын белгілерге қатысты өрбиді. Негізгі ұстаным – ғылымның алғашқы бұлақтары, – адамның еңбек құралын дайындауды бастағанын жан-жануарлар әлемінен бөліп көрсету шамасына қарай, – сол ең бір алыс замандардан (1,5-2 млн. жылдар бұрын) бастау алады деген тұжырым болып табылады. Көпшілік ғалымдар ғылым – ол қазіргі заманғы адамзат дамуының өркениетті кезеңінің жемісі деген ойға ден қояды.
Ғылым мен техниканың дамуын төмендегідей тәртіпте көрсетуге болады:
1. Қоғам дамуындағы ғылымға дейінгі кезең (көне заманнан XV ғасырға дейін).
2. Заманға сай ғылымның қалыптасуы (XVI ғасырдан XIX ғасырдың 70 жылдарына дейін).
3. Ғылым мен техника дамуындағы классикалық (айқын) кезең – XIX ғасырдың 70 жылдары – XX ғасырдың ортасы).
4. Ғылым дамуындағы классикалықтан кейінгі кезең (XX ғасырдың ортасынан осы уақытқа дейін).
Ғылым дамуындағы зерттеу аймағындағы қайта құру ғылымси төңкеріс деген ұғымды туғызды. Ғылымның негізделуінің негізгі компоненттері: идеал мен тәсілдер, әлемнің ғылыми бейнесі, филомсофиялық идеялар мен қағидаттар.
Ғылыми төңкеріске негізделген ғылымды қайта құру мынадай көрініністкермен ерекшеленеді: 1) пән ішіндегі дамудың нәтижесі – сол ғылым аясында шешілуі күрделі мәселелер туындайды, жаңа обьектілер пайда болып, жаңа таным құралдарын қажет етеді; 2) Пәнаралық өзара байланыстан туындайды – идеал мен нормалардың бір ғылыми пәннен екәішісігне ауысуы жүреді, әлемнің бейнесі қайта қарастырылу бойынша және әлемнің бейнесін қайта қараумен қатар идеалдар мен нормалар, тіпті оның философиялық негіздері өзгереді.
Төртінші ғылыми төңкеріс ХХ ғасырдың соңғы ширегінде жүзеге асты. Постклассикалық емес рационалдылық типі қалыптасты. Бұрын тарихилық идеалды реконструкциялайтын – тарих, археология, тіл білімі сияқты ғылымдар басымдылықта болса, ол геология, биология салстында да жүргізілсе, бұл кезеңде теориялық білімнің типі ретінде тарихилық космологияда, астрофизикада да жүзеге асты. Синергетикалық тұрғы үстемдік ете бастады.
Адамның өзі қатынасатын обьектілер зерттелді: ғаламдық экология, гендік инженерия т.б. Бұл ұсақ және ірі обьектілеғрді пайдалануды және компьютерсіз мүмкін емес жағдайды туғызды. Сонымен қатар, зерттеушіге тиым салынған, апатты жағдайларға (катастрофаларға) алып келетін обьектілер пайда болды.
Техника пайда болу уақытын анықтасақ, оның өте ерте заманда болғанын түсіну қиын емес. «Тechne» – қол өнерінен бастап, ұста (мастер) деген түсініктерді де қамтиды. Техникаға бір нәрсені жасау немесе не ойыңды іске асыру үшін қолданылатын қарапайым құралан бастап, күрделі аспаптар мен құралар жатаы.
Техника тәжірибе, біліммен тығыз байланысты. XVII ғ. алғаш еңбек машинасы жасалды. Техника жалпы тұрғыдан қарағанда адамды табиғатпен байланыстыратын, тек байланыстырып қана емес, табиғатқа әсер ететін және оның құпиясын ашып, пайдасын өзіне игеріп, қоғамды дамытуға қолданатын күш. Қазір адам қосымша энергия қуатын теңіз толқынынан, жел күшінен, күн сәулесінен ала бастады. Қазір мұның бәрі күрделі жолға қойылды. Ірі су электрстанциялары былай тұрсын, атом электр станциялары жұмыс істеуде. Қазіргі автоматтандырылған жұмыспроцестерін қолданып олардың дамуын үдету үшін адам программа жасайды, жұмысын бақылайды.
Ал техникалық білім қалыптасуы бірнеше белестерден тұрады.

      1. XVIII ғасырдағы ғылыми-техникалық ұерістің пайда болуы мен өркендеуіні алғашқы кезеңі.

      2. ғылымдардың дифференциялану жылдары, яғни ғылымдардың бөлшектенуі және жаңа ғылымдар пайда болуы. Бұл Дж. Уаттан Эдиссонға дейінгі кезең.

      3. техника мен өнер арасы жақындаған кезең. Осы кезге сәйкес, жеті «artes techanical» (теханикалық искусство және жеті «artes liberales» (еркін искусство) пайда болды. Неміс философы Хаинрик Бек «Техника мәні» мақаласында техниканы (technikale) искусствадан ажыратып, бөліп қарауды ұсынды.

Қазірге уақытта «технократия» термині жиі қолданыуда. Бұл инженерлер билігі деген сөз. Т. Веблен «Инженерлер және баға жүйесі» (1921) деген кітабында «болашақ процесс үшін капиталистер мен финансистерді ығыстырып, олардың орнын инженерлер басады» деп жазды.
«Технология, – деп жазды Жапон философы Имамичи, – табиғат сияқты бізді қоршаған адамға бағынбайтын, өзінің нақты даму бағыты бар жаңа ортаға айналды, техника өмір дамуын тездетуде, өмірді өзгертуде»(Имамичи Т. «Моральный кризис и метатехнические проблемы» Вопросы философии, 1995. - №3, 79-80 бб.). ХХ ғ. 30-шы жылдарында өмірге өзгеріс ендірген техника тездеп дами бастады. 1941 ж. американдық социолог Д. Ш. Берихеим «Менеджерлер революциясы» деген кітабында мамандардың қоғамдағы билік туралы пікірін қолдай келіп, «технократия менеджерлер түрінде (басқарушылар) саяси өмірді де басқаратын болады, олар қазірдің өзінде көптеген дамыған елдерде көрініс табуда» деп жазды. Бұл пікірді «Жаңа индустриялдық қоғам» деген кітабында Д. Ж. Забрент қолдады. Одан соң З. Бжезинский, т. б. бұл пікірді ілгері дамытты: «Бұл пікір қазіргі заман көрінісі деуге болады. Бұл техниканың қоғамға, адамға тигізіп жатқан әсері сондай-ақ, басқа да әсерін айтқандар бар. Ол негізсіз емес».
М. Хайдагтер былай деп жазды: «Техника – жай қарапайым дәнекер емес, техника бойдағы көрінбей жатқан шындықты ашу саласы». Сонымен қатар, техниканың тигізер кері әсерін де көрсетті. Мәселен, Рейн өзеніне электрстанциясы орнатылды. Ағын су күші турбиналарды айналдырып, электр қуатын шығарып, арзан қуатты көптеген машиналарды жұмыс істеткізді. Сонымен қатар, бұрынғы табиғатты «нұрландырып тұрған қасиетінен айырылды, табиғат өзгерді» деп жазды. Сөйтіп, техниканың пайдалы әрі зиянды жақтарын ашып көрсетті. Бұл екеуі де бір мезгілдегі бірдей болып жатқан процесс деп жазды.
Испандық философ А. Тоффлер «Үшінші толқын» (1980) деген кітап жазды. Оның пікірінше, адамзат тарихы 3 дәуірді басынан өткізді. Бірі – аграрлық қоғам. Онда бәрі адам қолымен жасалады, табиғат, мал күшін де пайдаланады. Екінші толқын индустриалдық қоғам. Бұл техниканың дамып, машина пайда болған кезеңі. Бәрін техника жасайды. Үшінші толқын постиндустриялдық қоғам. Жаппай техникаланған, автоматтандырылған дәуірде адам да өзінің табиғи қасиеттерін жоғалтып, жанды, саналы күрделі техниканың бір түріне айналуда.
«Техника – деп жазды Карл Ясперс, – адамдардың күнделікті өмірін, қоршаған ортаны, еңбек процесі мен қоғамды түбімен өзгертіп, күшпен басқа салаға, жаппай өндіріс саласына көшірді, бүкіл өмірді кейбір техникалық механизмге, бүкіл планетаны бүтін бір фабрикаға айналдырды» (Ясперс К. Всемирная история философии. – М., 2000. – 113 б.).
Техника логикасы тоқтаусыз, тойымсыз дами бермек, ал адамның ойлау логикасы техниканы қолдан шығармай, оны басқаруды шыңдай беру. Бұл адамзаттың болашағы туралы әлемдік проблема. Міне, бұл, техника философиясының басты мәселесі.
3. Бүгінгі жаһандану заманында әлем күрделеніп, сан қырлы қатынастар мен қоғамдық өмірдің бағдарлары да өзгерістерге ұшырауда. Осыған байланысты ғылым да мынадай жалпы өзгерістерді бастан кешіп отыр: интеграция, дифференциация, математикаландыру, индустрияландыру, ақпараттандыру т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет