Иррационализм – табиғатағы логикалық байланыстардың болуын, қоршаған дүниені тұтас және заңды деп қабылдауды терістеп, Гегель диалектикасын және ондағы даму идеясын сынады.
Иррационализмнің басты идеясы – қоршаған дүниенің тұтастығы, ішкі заңдылығы жоқ, ақыла емес аффектіге, ерікке бағынады, әлем түйдектелген хаос деп түсіну.
Иррационализмнің көрнекті өкілі Артур Шопенгауэр (1788-1860) – волюнтаризмдінегіздеуші. Волюнтаризм – қоршаған дүниедегі басты қозғаушы күш – ерік (воля) деп санайтын философиялық ағым. «Дүние ерік және қабылдау ретінде» атты шығармасында логиканың жеткілікті негіз заңын тұжырымдады. Онда философия материалистер сияқты объектіге де, идалистер сияқты субъектіге де емес, сананың акті болып табылатын қабылдауға сүйенуі қажет.
Субъективті қабылдаудың құрылымы күрделі емес, ол:
тікелей таным;
рефлективті таным;
интуиция арқылы іске асады.
Шопенгауэр философиясының орталық ұғымы –ерік.
Ерік – абсолютті бастама, барлық мәнді анықтауға және оған ықпал етуге қабілетті идеалды күш;
Ерік – тіршілік негізінде жатқан космостық күш;
Ерік сана негізінде жатады және заттардың ең жалпы мәні болып табылады. Әр адманың еркі әрекетерін анықтайтыны сияқты, бүкіл әлемдік ерік – дүниедегі сыртқы құбылыстардың пайда болуы мен заттардың қозғалысына себепші болады;
өлі табиғаттың да «бейсаналық», «қалғып жатқан» еркі бар;
дүние – еріктің жүзеге асуы.
Шопенгауэрдің адам тағдыры мәселесінде пессимистік сипатта болды. Адам табиғатқа ғана емес, өзіне-өзі билік ете алу мүмкіндігіне сенбеді. Адам тағдыры бүкіләлемдік хаосы тізбегінде өтеді, бүкіләлемдік қажетілікке бағынышты. Жеке адам еркі қоршаған дүние еркіне бағынышты. Осындай ойларыменол өмір философиясының пайда болуына әсерін тигізді.
Өмір философиясыныңөзекті ұғымы – адам үшін басты және шынайылық - өмір ұғымы. Өмір философисыныңнегізін салушы Фридрих Ницше (1844-1900). Оның ойыншанша, философиясының мақсаты – адамның қоршаған дүниеге бейімделіп, өзін барынша жүзеге асыруына көмектесу.
Қоршаған дүние мен өмір негізінде ерік жатыр. Ницще адам еркін бірнеше түрге болді:
өмірге деген ерік;
адамның өз ішіндегі ерік;
басқарылмайтын бейсаналық ерік – аффектілер;
билікке ерік.
Ницще еріктің соңғы түрі «билікке ерікке» көп көңіл болді, ол адамның бәріне тән. «Билікке ерік» табиғаты бойынша Өзіндік сақтау инстинктіне ұқсас.