Дәріс Онтогенез. Адам организмінің өсуі мен дамуының негізгі заңдылықтары


Даму негізінен 3 процесті қамтиды



бет2/3
Дата29.09.2023
өлшемі2,9 Mb.
#111515
1   2   3
Байланысты:
Лекция 1 ОЖеФ

Даму негізінен 3 процесті қамтиды:
Өсу – жасушалар санының (сүйекте, өкпеде, басқа мүшелерде) және көлемінің (бұлшық етте, жүйкеде) көбеюі, яғни сандық процесс; Мүшелер мен ұлпалардың айқындалуы ; Пішіннің пайда болуы – яғни сапалық өзгерістер. Бұл процесстер бір-бірімен өте тығыз байланыста, мысалы дене өте тез өссе, ондағы пішін, ұлпалардың айқындалуы, екінші жыныстық белгілер кешігеді, ал жыныстық дамуы күшейсе денесінің өсуі, бұлшық етінің жетілуін кемітеді.
Дамудың негізгі заңдылығы:
Кезеңділігі және гетерохрондылығы (әртүрлі) яғни өсу мен дамудың біркелкі еместігі: мысалы, дененің өсуі бір жасқа дейін және жыныстық даму кезеңінде: қыздар – 12-13, ұлдар 14-15 жаста. Сөйлеу қабілеті 2-3 жаста, ал сөз арқылы қозғалысты реттеу 4-5 жастан басталады; 6-7 жаста сүтті тістер ауыса бастайды. Өсу мен дамудың гетехрондылығына сырты орта әсері жынысы; оқу, еңбек, спорт жұмыстары; тамақтану ерекшеліктері т.б. әсерін тигізеді. 
Ағзаның өсіп дамуында өмірдегі қажеттіктен ауытқушылықтар
Акселерация дегеніміз дамудың жылдамдауы, үдеуі. Оның заманалық (дәуір) эпохальды және жеке басының түрлері болады. 19 ғасырдың аяғынан бастап 20 ғасырларда өткен жылдармен салыстарғанда балалар ағзасының өсуі, дене бітімінің дамуы, жыныстық жетілуі, психикасы дамуының тездеуін – дәуірлік акселерация деп аталады. Балалардың өсуінде акселерация мен қатар өсіп дамудағы кешігу - ретардация байқалады, мысалы бір жастағы топтың 13-20% өсуі мен дамуында кешігу кездеседі, сондықтан мектепке берерде бұл ерекшелектер есте болуы қажет. 
Биологиялық жас
Адам ағзасының даму деңгейі оның куәліктегі жасына сәйкес келмейді, яғни өмір сүрген жасына, сондықтан «биологиялық жас» деген термин пайда болды. Биологиялық жас денесінің көлемін, сүт тістерінің ауысына, қанқа сүйектерінің дамуына, екінші жыныс белгілерінің дамуы т.б. белгілері бойынша сипатталады. Биологиялық және куәліктік жастың ара-қатынасы дәрежесіне сәйкес балалар мен жас өсіпірімдерді келесі топтарға бөледі: Акселераттар – өсіп дамуы үдеген, жылдам, яғгни биологиялық жасы куәліктегі жасынан озып кеткен; Медианттар – биологиялық жасы куәліктегі жасына сәйкес; Ретарданттар – биологиялық жасы куәліктегі жасынан қалып қою.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет