Дәріс Оқуда қиындықтары бар оқушыларды (дислексия, дисграфия, дискалькулия) инклюзия жағдайында қолдау


Дислексия визуалды түрде байқалмауы мүмкін



бет3/9
Дата28.11.2023
өлшемі189,31 Kb.
#130604
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
лекция 9 (копия)

2. Дислексия визуалды түрде байқалмауы мүмкін
Дислексияның филологиялық нышандары да бар. Гәп жолдағы сөздер мен әріптердің қалай орналасқанын түсінуде қиындықтарға тап болып, ақпаратты қабылдай алуда. Мысалы, визуалды түрде ұқсас әріптерді (н-и, в-б және т.б.) шатастырып, бұл ұғынуды одан әрі қиындатады. Алайда, сөздерді визуалды тұрғыда оңай ұғыну мүмкіндігіне (бейімделген шрифт, фон) ғана емес, сондай-ақ алынған ақпаратты дұрыс өңдеуге де зер салу қажет.
3. Дислексиядан үлкейе келе арылу мүмкін емес
Ғалымдар туа біткен дислексиядан адам өмір бойы айыға алмайды деп пайымдайды. Бірақ, дер кезінде емдей бастаса (неғұрлым ерте болса, соғұрлым жақсы) оның жағымсыз сипатын толықтай немесе ішінара жоқ қылып жіберуге септігі тиеді. Дислексияны бала үш жасқа келген кездің өзінде-ақ анықтап алуға болады. Баланы маманға апаруды кешіктірудің қажеті жоқ.
4. Дислексия парасат-пайымның таяздығының белгісі емес
Бала оқуға, түсінуге, аударуға барынша тырысып, бірақ ол қолынан келмесе, бұл оның ақылының кемістігі барын білдірмейді. Бұған қарама-қарсы тұжырымдар әдетте төмен болып келетін IQ тестілері негізінде түзіледі. Себеп пен салдарды шатастыруға болмайды. Төмен IQ білім беру жүйесі оқшаулап тастаған балаларда көп кездеседі, ал педагогтар болса, өкінішке орай, оларды қалай оқыту керек екенін білмейді. Дислексиямен ауыратын баланың әлеуеті басқа балалардың әлеуетіндей.
5. Дислексиямен ауыратын оқушылар жаңа ақпаратты аудио арқылы өте жақсы қабылдайды
Расымен де оқуға көмектескіңіз келе ме? Сабақты аудио немесе видеоформатта жазып қою керек. Есімізге түсірсек, дислексия — интеллектуалдық проблема емес. Барлық оқушының жақсы оқитын әлеуеті бар, оқытудың дұрыс әдісі қолданылса болды. Дислектик балаларға ең оңтайлысы — ақпаратты есту арқылы қабылдау. Кітаптарды оқыту емес, олардың аудионұсқаларын тыңдату керек. Оқушы ауызша шығармаларды керемет қылып айтып беруі мүмкін, бірақ жазып бере алмайды. Осы есіңізде болсын.

Дисграфияның мектеп жасындағы балаларда кездесуі



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет