Дәріс Пәнге кіріспе: Химия, нанотехнология және наноғылым ұғымы, олардың өзара байланысы. Химия дегеніміз заттардың құрамын, қасиетін және құрылымын зерттейтін ғылым. Ал, нанохимия 00 нм-ден кіші заттардың құрамын


Наноқұрылымдық материалдарды алу әдістері



бет11/11
Дата07.12.2022
өлшемі317,14 Kb.
#55484
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Наноқұрылымдық материалдарды алу әдістері



Әдіс

Технологиялық тәсілдер

Алынатын материалдар

Наноұнтақтарды компакттеу

Престеу және пісіру, сондай-ақ жоғары температураларда және қысымдарда

Металдар, құймалар, композиттер, қыш

Аморфты күйден бақыланатын кристалдану

Аморфты құймаларды кристалдау
Аморфты құймалардың консолидациясы және кристалдануы

Аморфты материалдар

Қарқынды иілгіш деформация

Бірдей арналы бұрыштық престеу
Жоғары қысымдарда бұрап деформациялау
Жан-жақты соғу

Металдар, құймалар

Наноқұрылымды жабындар жағу

Электролиттік тұндыру
Газды фазадан химиялық және физикалық тұндыру
Золь-гель әдіс

Металдар, құймалар, композиттер, қыш

Ұнтақ технология деген жалпы атпен біріктірілген әдістер ке­шені наноұнтақтарды ықшамдау (компакттау ықшамдау емес пе?) (конденсация) жолымен қат­ты наноқұрылымдық материалдар дайындауға арналған. Наноұн­тақтарды ықшамдаудың негізгі тәсілдері – қысу (престеу), күй­діру және олардың бірігуі. Яғни жоғары температурада қысу (ыстық престеу) және қысымда күйдіру.


Өнеркәсіпте дәстүрлі қолданылатын пресс-формамен жүзеге асырылатын статикалық престеуден басқа наноұнтақтарды ком­пакттауда престеудің мынадай тиімді тәсілдері қолданылады:

  • динамикалық (магниттік – импульсті, жарылыстық);

  • дірілдік (ультрадыбысты);

  • әмбебап (изостатикалық);

  • қысым берілетін ортаның түріне байланысты гидроста­тикалық және газостатикалық болып бөлінеді.

Престеудің әртүрлі тәсілдерінде қысымның шамасы 0,01-1,00 ГПа, ал қысым беру ұзақтығы 10-104 с болады. Тек жарылыс көмегімен жүретін престеу өзгеше, мұндағы қысым 10-100 ГПа, әсер ету ұзақтығы 10-6 с шамасында.
Дайындалатын материал дәндерінің тығыздығы, кезек­тілігі және өлшемдерінің оңтайлы қатынастары қамтамасыз еті­ле­тін наноұнтақтардың күйдіру температурасы ~ 500-1100 °С ша­масында таңдап алынады (қолданылатын компоненттердің балқу температурасынан төмен). Күйдірілген ұнтаққа ~ 0,1-0,3 ГПа қы­сым беру арқылы материалдың қажет параметрлерін сақтай оты­рып, температураны 1,5-2 есе төмендетуге болады.
Материалдар мен құймаларға нанокристалды құрылым беру үшін қарқынды пластикалық деформация қолданылады. Ол бас­тап­қы материалға деформацияның жоғары қарқындылығын және бірсарынды болмауын (монотонсыздығын) қамтамасыз ететін әртүрлі механикалық әсер (айналдыру, таңбасы өзгеретін майыстыру және тағы сол сияқты) беру арқылы жүзеге асырылады. Осындай әсердің нәтижесінде материал біртекті нанокристалды құрылымға ие болады.
Аморфты құймалардың кристалдануы тікелей балқымадан немесе қатты күйдегі дайын үлгілерді пайдаланып жүргізіледі. Бұл көлденең қима өлшемі 1-4 мм түйіршіктер, диаметрі 2-4 мм стержендер, қалыңдығы 30-50 мкм ленталарды процестің темпе­ра­туралық және уақыттық сипаттамаларын таңдау арқылы жүргі­зіледі. Мұндай тәсілдер нанокристалды магниттік материалдар, кескіш құралдар мен бұзылуға тұрақты детальдар дайындау үшін қолданылады.
Жоғарыда аталған технологиялар өнеркәсіпте қолдануға өте ыңғайлы. Нанотехнологияның арнайы әдістері – жеке атомдар­мен манипуляциялау, өздігінен жинау (self assemblihg) процес­те­рі, темплатты жинау (template synthesis) әдістері келесі бөлімдер­де қарастырылады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет