Дәріс Пәнге кіріспе: Химия, нанотехнология және наноғылым ұғымы, олардың өзара байланысы. Химия дегеніміз заттардың құрамын, қасиетін және құрылымын зерттейтін ғылым. Ал, нанохимия 00 нм-ден кіші заттардың құрамын



бет3/11
Дата07.12.2022
өлшемі317,14 Kb.
#55484
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
1.7-сурет. Нанобөлшектің беттік атомдары (1) мен ядросы (2) үшін
температураға тәуелділігі

Мұндай қарапайым модель күрделі модельдер шеңберінде (тә­жірибелік түрде байқалатын) тә­жірибелік арқылы анықталатын және дәлелденетін наноматериал­-дың балқу ерекшеліктерін түсінуге мүмкіндік береді. Температу­ра­лардың белгілі бір аралығында (Т1 және Т2) нанобөлшек ма­териалы бір мезгілде сұйық және қатты күйде болатынын көруге болады (ядро балқымай тұрғанда бетте балқу басталады).


Қарастырылған әсер нанобөлшектердің балқу температура­сы­ның өлшемге тәуелділік графигін береді (1.8-сурет). Бөлшек­тің өлшемі кішірейген сайын балқу температурасы алдымен баяу, сонан соң күрт төмендейді. Балқу температурасының мұндай өзгерісі беттік атомдар үлесінің бөлшектің өлшеміне тәуелділігімен жақ­сы сәйкеседі. Мұндай тәуелділік басқа металдарға да тән.



1.8-сурет. Алтын нанобөлшектерінің балқу температурасының
олардың диаметріне тәуелділігі

Осыған қарағанда амплитудасы үлкен тербелістер жасауға қабілетті беттік атомдар санының көбеюіне байланысты дәндер­дің өлшемі 5-15 нм-ге дейін кішірейгенде нанокристалды мате­риал­дардың жылу сыйымдылығының жоғарылауы байқалады.


Дәріс 4. Өлшемдік әсерлердің наноматериалдардың қасиеттеріне әсері: заттың химиялық және оптикалық қасиеттері


Химиялық қасиеттері

Өлшемдері жеткілікті кіші жеке нанобөлшектердің химия­лық қасиеттеріне бөлшектердің электрондық құрылымының ерек­шеліктеріне байланысты кванттық-өлшемдік әсерлер ықпал етуі мүмкін. Мысалы, құрамында 10-30 атом бар кіші металл клас­терлері үшін кластердегі атом санына байланысты кластер­лердің газды ортамен реакция жылдамдығының монотонды емес тәуелділіктері алынған, бұл кластерлердің электрондық құрылы­мы­ның олардың реакцияға түсу қабілетіне әсерін дәлелдейді.


Ірі нанобөлшектер үшін реакцияға түсу қабілеті беттік атом­дар санына тәуелді. Соның себебінен кейбір заттардың нанобөл­шектері әдетте химиялық белсенді емес болғанымен, жоғары реак­цияға түсу қабілетін көрсетеді. Мысалы, өлшемі 3-5 нм Au нанобөлшектері айтарлықтай катализдік белсенділік көрсетеді. Мұндай мәліметтер Рt бөлшектері үшін де алынған.
Наноқұрылымдық материалдардың химиялық қасиеттері дән­дердің өлшемдеріне де байланысты, себебі бұл параметр зат­тың реакцияға түсу қабілетіне және оның көлеміндегі диффузия үрдістеріне әсер етеді. Наноматериалдардың осы сипаттамалары­на бағыттала әсер ету арқылы олардың коррозияға тұрақтылығын жоғарылатуға болады. Мысалы, диаметрі 30 нм нанобөлшектер­ден тұратын наноқұрылымды құйма Fe73B13S9 200-400 С-де то­ты­ғуға тұрақты. Бұл факт дәндердің шекараларында Si атомдары­ның бөлінуімен түсіндіріледі, олар үлгі бетіне диффузияланып, он­да SiO2 қабыршағын түзеді, ол ары қарай тотығуға кедергі жа­сайды.
Нанобөлшектерді көлемдік материалға енгізу арқылы оның молекулалық оттектен де белсенді атомарлы оттегінің әсеріне тұрақтылығын жоғарылатуға болады. Тәжірибе жүзінде мате­риал­­дың беттік қабатына металл нанобөлшектерін енгізу оттек атомдарының материалдың ішіне енуіне кедергі келтіретін тос­қауыл жасайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет