Дәріс. Пәннің мақсаты және педагогтың әдіснамалық мәдениеті



бет31/44
Дата05.05.2023
өлшемі163,97 Kb.
#90704
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   44
Эксперимент деңгейі
Зерттеу жұмысының сұрау деңгейі мен білімінің дамуы үшін нәтиженің маңыздылығы деңгейімен анықталады. Бір ғана білім беру ордасында бірнеше эксперимент жүргізілуі мүмкін. Мысалға қазіргі таңдағы көкейкесті мәселе бейіндік білім беру және бейін алды дайындау. Бейін алды дайындау бірнеше деңгейде өтуі мүмкін.
Республикалық, облыстық – Қазақстан субъектілік деңгейінде бейіндік оқытуды енгізуді басқару.
Облыстық,қалалық – оқушылардың бейін алды дайындығын ұйымдастырушы білім ордаларының тығыз байланыс моделдерін құру және апробациялау.
Қалалық, аудандық – бейіндік, бейін алды дайындау бойынша оқушылардың оқудағы нәтижелерін бағалау жүйесін құру.
Мектепішілік – білім ордасында бейін алды дайындықты оқушы іске асыруына арналған жеке оқу жоспарын құру және апробациялау.оқушылардың бейін алды дайындығы үшін таңдалынған курс бағдарламалары, оқыту әдістемелері, формалары мен мазмұны, моделдері жасалуы керек.
Егер сіз өлкелік – эксперименттік аймақ мәртебесін таңдасаңыз, онда эксперименттің проблемалық шешімдері өлкетану бағдарламасын дамытудағы білімге арналуға міндетті. Ал егер басқасын таңдасаңыз, қалалық – аудандық деңгейге сай бағдарлама құрасыз.
Белгілі бір білім ордасында эксперименттік аймақ ашу үшін, басқару ұйымдары міндетті түрде ұсыныс жасаған авторлардың эксперименттік құжаттарына экспертиза жүргізу керек. Эксперименттік аймақ ашу үшін сұраныс жасалынып, таңдалынған эксперименттік жұмыс бойынша бағдарлама құрылуы керек.
Бұл екі құжатта эксперименттің толық мазмұны ашылып, негізгі сұрақтары алдын – ала өтетін экспертизаға ұсынылады.
Егер бұл документтердің біреуі жоқ болса немесе эксперименттік жұмыстың нәтижесімен болмысын толық деңгейде көрсете алмаса, онда эксперт материалдарды толықтыру үшін қайтарып тастауы мүмкін.
Автор эксперттік топтың құрамына ене алмайды. Сұраныстың және бағдарламаның алдын – ала экспертизасы – эксперименттік істің құндылығын болжайтын процесс. Сұраныс - бұл ұсынылып отырған эксперименттік жұмыстың жарнамасы,сондықтан ол сұраныс берушілердің ойынан шығуы тиіс.Ұсыныс жасаушы автордың жобасын іске асыру үшін, нақты уақыт берілуі керек және материалдық - техникалық қамсыздандыру керек, экспериментке дейінгі жағдайымен салыстырылып отыруы керек.
Экспертиза жүргізуші маманның міндеті:
- жобаның ерекшілігі
- белгілі технологиялардың ұсынылуы
- жобаның жаңалығы
- ұсынылатын мониторингі
- бағалау механизмі
- жобаның болжамы
- жобаның нәтижесі
Эксперттерге нақты сараптама жасау үшін төмендегі сұраныс және бағдарлама мәтінін төмендегі ұсынытарға бағыттай отырып жасауға болады:
Сұраныс ережесінің мазмұны
· білім жүйесін дамыту үшін эксперименттің маңыздылығы
· экспериментке келісім берген нақты білім ордасы туралы мәлімет / заңды және факты бойынша мекен – жайы, байланыс телефоны, электронды поштасы/
· автор туралы мәлімет / аты-жөні, қызметі, жұмыс орны, пошталық мекен-жайы, байланыс телефоны, басқа да байланыстары/
Эксперименттік бағдарлама құрылымы:
· эксперименттік жұмыстың тақырыбы
· эксперименттік жұмыстың мақсаты
· негізгі идеялары
· гипотезасы
· экспериментті бастаудағы қажетті басқарушылық-ұйымдастырушылық, педагогикалық және басқа шарттар негіздері
· эксперименттік шығармашылықты қамтитын, оқу- методикалық жоспарлары, зерттеу жұмыстары, нәтижелерді қамтамасыз ететін бақылау әдіс-тәсілдері және эксперимент этаптары, олардың мазмұны мен мерзімі
· алдын-алу өнімі /эксперименттік жұмыстың нәтижесінде алынған ғылыми, оқу-методикалық және басқа өнімдер/
· эксперименттің идеясын таратуда, практикалык қорытындысында пайда болуы мүмкін жағымсыз жағдайлар және білімдегі кемшіліктер мүмкіндігі
· эксперимент нәтижелерін тарату мүмкіндіктері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет