Дәріс Пәннің мақсаттары мен міндеттері. Материалтанудың даму бағыттары


Ыстыққа тұрақты материалдарды жасаудың негіздері



бет18/25
Дата28.11.2023
өлшемі1,5 Mb.
#131098
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   25
Ыстыққа тұрақты материалдарды жасаудың негіздері. Ыстықтай төзімді легірлеудің негізгі үш ұстанымы болады.
1) Негізгі легірлеуші элементтің ионы метал оксидінің кристалдық торына кіреді. Дәл осылай оның төменгі легірленген қорытпалар мен металдардың өте жоғарғы ыстыққа төзімділіг түсіндіріледі.
2) Жалпы легірлеуші оксид жеке дара оксид түзеді BmOn. Бұл жоғарғы легірленген металдардың ыстыққа төзімділігімен түсіндіріледі. Осы жоғарғы легірленген металдар мен қорытпалар өз кезегінде қажетті элементтермен легірленсе онда айтарлықтай қорытпа алуға болады.
3) Легірлеуші элемент негізгі элементпен екілік оксид түзеді (шпинель тәріздес) A(B)O∙A2O3, бұл жердегі легірлеуші элементтердің ионы негізгі металдың ионының орнын ауыстырады.
Жалпы бұл жердегі легірлеуші элементтерді таңдаудың өзіндік жолымен әдіс-тәсілі болады. Көп валенттілігі бар элементтермен легірлеген жөн, ал аз валенттілерді кейінге ысырып қоя тұрған жөнірек.
Темірдің ыстыққа тұрақтылығы. Темір оттекпен бірігіп бірнеше химиялық қосылыстар түзеді: Fe3O4 (магнезит) және Fe2O3 (гематит), бұлар оттық деп аталады. Жалпы оттықтың құрамына кіретін оксидтер кристалдық тордың артық ақауынан тұрады (вакансиядан). Диффузиялық беттің құралуы тепе-теңдік күйкестесызбасындағы изотермиялық кескіндерге сәйкес келеді (21-сурет).





2.1-Сурет. Fe-O2 күйкестесызбасының түрі.

2.2-Сурет. Температураға байланысты темір қышқылдануының жылдамдығы.

Эвтектоидтан төменгі температурада (5700С) қышқылданған қабат екі оксидті қбаттан тұрады: Fe2O3, Fe3O4 . Бұл оксидтердің кристалдық құрылымы күрделі және диффузия жылдамдығы да өте аз. Қышқылдану жылдамдығы эвтектойдты температурадан өткен кезде өсе түседі (5700С),(2.2 сурет), ал бұл өз кезегінде атом диффузияларының қысқарған түрдегі жиынтығы болып тұрады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет